1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының 2004 - 2006 жылдарға арналған даму жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы N 344 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 5 наурыздағы
N 215 қаулысымен
бекiтiлген
1. "Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кейбiр акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
peттiк нөмiрi 9-жол алынып тасталсын.
2. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 шiлдедегi N 837
қаулысында
:
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "МЖЗҚ" ЖАҚ)" деген сөздер "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлiк қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3-тармақтар алынып тасталсын.
3. "Кейбiр акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
7-тармақ алынып тасталсын.
4. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегі N 404
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 6-жол алынып тасталсын.
5. "Ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 8, 101-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген ұлттық компаниялардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын.