Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Көктал" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын жекешелендіру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 160 Қаулысы. Қаулының 3-тармағынан басқасы күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.01.16. N 27 қаулысымен.

Жаңартылған

      Қолданушылар назарына : Ескерту. Қаулының 3-тармағынан басқасы күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.01.16.  N 27  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Көктал" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қызмет бейінінің сақталуын негізгі шарт етіп белгілеп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Көктал" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мүліктік кешенін тендерде сатуды жүзеге асырсын.

      3. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлімде реттік нөмірі 44-63-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі