Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Көктал" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қаңтардағы N 27 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕTEДІ:
      1. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      1-тармақта:
      "белгiленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамдағы "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiн сайлауды қамтамасыз етсiн" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
      "белгiленген тәртiппен:
      қосымшаға сәйкес құрамдағы "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесiн;
      Әлихан Асханұлы Смайыловты "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы етiп сайлауды қамтамасыз етсiн";
      "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнің құрамында:
"Смайылов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Әлихан Асханұлы             министрi
 
  Ысқақов                   - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Санат Қасымұлы              қоғамының басқарма төрағасы"
 
        деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
 
  "Смайылов                 - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Әлихан Асханұлы             қоғамының басқарма төрағасы
 
  Ысқақов                   - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Санат Қасымұлы              қоғамының тәуелсіз директоры".
 
        2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі