1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Көктал" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қызмет бейінінің сақталуын негізгі шарт етіп белгілеп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Көктал" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мүліктік кешенін тендерде сатуды жүзеге асырсын.
3. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлімде реттік нөмірі 44-63-жол алынып тасталсын.