Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Көктал" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын жекешелендіру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 160 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

Күшін жойған

      Қолданушылар назарына!
      Қаулының 3-тармағынан басқасы күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.01.16. N 27 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Көктал" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қызмет бейінінің сақталуын негізгі шарт етіп белгілеп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Көктал" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мүліктік кешенін тендерде сатуды жүзеге асырсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі