Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 140 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 және 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. "Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшірілген Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 2, 23-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2005 жылғы 14 ақпандағы 
N 140 қаулысымен    
бекiтілген        

Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 684 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 33, 499-құжат):
      1) тақырып пен 1-тармақта "Паспорттар" деген сөзден кейiн
", жеке куәлiктер" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацта "паспортындағы" деген сөзден кейiн "және жеке куәлiгіндегi" деген сөздермен толықтырылсын, "iшкi iстер" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына сәйкес берілетiн ақтау туралы анықтамалар негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағына қуғын-сүргiн кезеңiнде күштеп қоныс аударылған Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы, жеке куәлiктерi мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертуге ерекше түрде рұқсат етiлсiн.";
      2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Паспорттар мен азаматтық хал актілерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережесiнде:
      тақырыпта "Паспорттар" деген сөзден кейiн ", жеке куәлiктер" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта "паспортындағы" деген сөзден кейiн "және жеке куәлiгiндегi" деген сөздермен толықтырылсын, "iшкi iстер" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Паспорттағы", "iшкi iстер" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгiндегi", "әдiлет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      а) тармақшасы алынып тасталсын;
      г) тармақшасында "паспорты" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "паспорт бөлiмшесi" деген сөздер "әдiлет органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жаңа паспорт" деген сөздер "Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортын немесе жеке куәлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "iшкi iстер" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта "байланысты" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Ф-1 өтiнiшiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн айырбастау себебi және соның негізiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгiндегi ұлты туралы жазба өзгертілген туу туралы куәлiктiң нөмiрi көрсетiледi.
      Егер бұрын Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн басқа әдiлет органы берген болса, оған Ф-1 өтiнiшiнде белгi қою үшiн Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi берiлгенi туралы хабарлама жiберiледі.";
      6-тармақтың екiншi абзацында "паспортты" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта "паспорты", "жаңа паспорт", "iшкi істер" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлiгi", "Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi", "әдiлет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта "паспортындағы" деген сөзден кейiн "және жеке куәлiгiндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008.12.24 N 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен).

      3. "Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы ережені, азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтаптарының нысандарын және осы кiтаптардағы жазбалардың негiзiнде берiлетiн куәлiктердiң нысандарын және Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тiркеу тәртiбi туралы ережелерді бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 20-21, 214-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерi жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы ережеде:
      2-тармақтың 10) тармақшасында "iшкi iстер" деген сөздер "әділет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерiн тiркеу тәртiбi туралы ережелерде:
      8-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарында "Мемлекеттiк баж туралы" Қазақстан Республикасының Заңында", "Мемлекеттiк баж туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi)", "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      68-тармақтың үшiншi абзацында "тұрғылықты жерi" деген сөздерден кейiн "бойынша тiркелуi" деген сөздермен толықтырылсын;
      188-тармақта "iшкi iстер" деген сөздер "әділет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      204-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарында "iшкi iстер", "ішкі iстер бөлiмiне" деген сөздер тиiсiнше "әділет", "әдiлет органына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06.  N 15 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде:
      11-тармақтың оныншы абзацы алынып тасталсын;
      13-тармақтың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
      25-тармақтың бiрiншi абзацында "үш ай", "үш айға" деген сөздер тиiсiнше "үш айға дейінгi", "үш айға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27-тармақта:
      "iшкi iстер органдары" деген сөздер "уәкілеттi органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әдiлет органдары Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тiркеудi және тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар болып табылады. Iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеудi және тiркеуден шығаруды жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi органдар болып табылады.";
      30-тармақта:
      бiрiншi және екiншi абзацтардағы "iшкi iстер органдарына", "Iшкi iстер министрлiгi белгiленген" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органдарға", "уәкiлеттi орган белгiлеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "бұрынғы тұрған жерiнен тiркеуден шыққанын растайтын құжатты;";
      32-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Iшкi iстер органдарындағы" деген сөздер "Уәкiлеттi органдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тiркеуден шығару жеке меншiк құқығындағы тұрғын үй-жай иесiнiң өз бастамасы бойынша тiркеуден шығарылатын адамның жеке өтiнiшiн және оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынбастан ресiмделуi мүмкiн.";
      33-тармақта:
      мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының тiркелген және тiркеуден шығарылған азаматтарын есепке алуды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi белгiлеген тәртiппен әдiлет органдары жүзеге асырады.";
      үшiншi абзацта "Тұратын жерiн" деген сөздер "Тұратын жерi бойынша тiркеудi немесе тiркеуден шығаруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      34-тармақтың бiрiншi абзацында "iшкi iстер органы" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      35-тармақта "Тұратын жерi бойынша тiркеудi" деген сөздерден кейін "және тiркеуден шығаруды" деген сөздермен толықтырылсын, "Iшкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      36-тармақтың бiрiншi абзацында ", тiркеуді жүзеге асырушы органдар," деген сөздер "әдiлет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      39-тармақтың екiншi абзацында "iшкi iстер органдары" деген сөздер "уәкiлеттi органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.27.  N 1301 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.