Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы N 103 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405, 2010.03.31 N 252 Қаулыларымен.

      "Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитетi (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405, 2010.03.31 N 252 Қаулыларымен.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
      3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзілсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi туралы ережеде:
      1-тармақтың үшінші абзацы ", Тіл комитетi." деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта:
      2) тармақшада:
      бесiншi абзацтағы ", Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiру" деген сөздер алынып тасталсын;
      он екінші абзац алынып тасталсын;
      3) тармақшаның екiншi абзацы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Өзге де ұйымдар" деген бөлiмде:
      реттік нөмiрi 45-жол алынып тасталсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.
      5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 4 ақпандағы 
N 103 қаулысымен    
бекітілген      

  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат 
министрлігінің Тіл комитетi туралы ереже

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 4 ақпандағы 
N 103 қаулысымен    
бекітілген      

  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі Тіл комитетінің құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 4 ақпандағы 
N 103 қаулысымен    
бекітілген      

  Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 N 252 Қаулысымен.

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405, 2008.01.14 N 12 Қаулыларымен.

      "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.