Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті құрылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен.
3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші абзацы ", Тіл комитетi." деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
2) тармақшада:
бесiншi абзацтағы ", Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiру" деген сөздер алынып тасталсын;
он екінші абзац алынып тасталсын;
3) тармақшаның екiншi абзацы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Өзге де ұйымдар" деген бөлiмде:
реттік нөмiрi 45-жол алынып тасталсын;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 4 ақпандағы
N 103 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінің Тіл комитетi туралы ереже
Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 4 ақпандағы
N 103 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі Тіл комитетінің құрылымы
Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29 N 1148 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 4 ақпандағы
N 103 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 N 319 Қаулысымен.
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16 N 405, 2008.01.14 N 12 Қаулыларымен.
"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.