Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы N 103 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16. N  405  қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының  24-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетi (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16. N  405  қаулысымен.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1)  (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29.  N 1148  (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
      2)  (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29.  N 1148  (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
      3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      3.  (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29.  N 1148  (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзілсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi туралы ережеде:
      1-тармақтың үшінші абзацы ", Тіл комитетi." деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта:
      2) тармақшада:
      бесiншi абзацтағы ", Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiру" деген сөздер алынып тасталсын;
      он екінші абзац алынып тасталсын;
      3) тармақшаның екiншi абзацы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Өзге де ұйымдар" деген бөлiмде:
      реттік нөмiрi 45-жол алынып тасталсын;
      2)  (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен)
      5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 4 ақпандағы 
N 103 қаулысымен    
бекітілген      

  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат 
министрлігінің Тіл комитетi туралы ереже

      Ескерту.   Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29.  N 1148  (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 4 ақпандағы 
N 103 қаулысымен    
бекітілген      

  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
 министрлігі Тіл комитетінің құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29.  N 1148  (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 4 ақпандағы 
N 103 қаулысымен    
бекітілген      

  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат 
министрлігі Тіл комитетінің
қарамағындағы ұйымдардың
 тізбесі

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16. N  405 , 2008.01.14.  N 12  Қаулыларымен.

      "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.