Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16. N 405 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының
24-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетi (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16. N
405
қаулысымен.
2. Қоса беріліп отырған:
1)
(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29.
N 1148
(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
2)
(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29.
N 1148
(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
3.
(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29.
N 1148
(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші абзацы ", Тіл комитетi." деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
2) тармақшада:
бесiншi абзацтағы ", Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiру" деген сөздер алынып тасталсын;
он екінші абзац алынып тасталсын;
3) тармақшаның екiншi абзацы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Өзге де ұйымдар" деген бөлiмде:
реттік нөмiрi 45-жол алынып тасталсын;
2) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47
қаулысына
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" деген 1-бөлімде:
"Тілдерді дамыту комитеті 25" деген жолдағы "Тілдерді дамыту комитеті" деген сөздер "Тіл комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 4 ақпандағы
N 103 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінің Тіл комитетi туралы ереже
Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29. N 1148 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 4 ақпандағы
N 103 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі Тіл комитетінің құрылымы
Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.29. N 1148 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 4 ақпандағы
N 103 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі Тіл комитетінің
қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.16. N 405 қаулысымен.
"Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.