Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 Қаулысы

Жаңартылған

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктілiк талаптары бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметінiң         
2005 жылғы 4 ақпандағы  
N 102 қаулысымен   
бекiтiлген        

Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекітіп
беру бойынша конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа
қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi " Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы " және 2004 жылғы 9 шiлдедегi " Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы " Заңдарына сәйкес әзiрлендi және балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурсты (бұдан әрi - Конкурс) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн айқындайды. Z060175
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N  136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
       2. Конкурс өткiзудiң мақсаты жеке және заңды тұлғаларға оларға бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) балық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру болып табылады.
      3. Осы Ереженiң қолданылуы мемлекеттiк мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға таралмайды.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N  136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

2. Конкурсты ұйымдастыру

      4. Конкурсты дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган) мен оның аумақтық органдары облыстық атқарушы органдармен бiрлесiп жүзеге асырады.
      Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша Конкурсты осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын комиссия жүргiзедi.
      Комиссияның құрамына:
      1) уәкілеттi органның (комиссия төрағасы);
      2) тиiстi облыстар әкiмдiктерiнiң (облыс әкiмiнiң орынбасарынан төмен емес);
      3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми және басқа да мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрi - ғылыми ұйымдар);
      4) уәкiлеттi орган аумақтық органының;
      5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілеттi орган аумақтық органының өкiлдерi енгiзіледi.
      5. Жергілікті маңызы бар су тоғандары бойынша Конкурс өткiзу үшiн уәкілеттi орган құрамына уәкілетті орган аумақтық органының (Комиссия төрағасы), облыстық атқарушы органның, ғылыми ұйымдардың, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, сондай-ақ басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың өкiлдерi кiретiн Конкурс өткiзу жөнiндегi конкурстық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрады.
      Комиссия мүшелерiнiң саны бес адамнан кем болмауы және тақ санды құрауы тиiс.
      Комиссияның шешiмi мәжілiске оның мүшелерiнiң кемiнде 2/3-і қатысуы шартымен көпшiлiк дауыспен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi.
      6. Уәкілетті орган және/немесе оның аумақтық органы Конкурс өткiзгенге дейiн:
      1) Конкурстың өткiзілетін уақыты мен орнын;
      2) конкурстық құжаттарды алатын орынды және алу тәртiбiн;
      3) конкурстық өтiнiмдердi беру мерзiмiн;
      4) Конкурсқа шығарылатын балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) санын, олардың орналасқан жерiн, шекарасы мен балық өнiмдiлiгiн айқындайды.
      Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн), олардың шекараларын белгілеудi уәкілетті орган және/немесе оның аумақтық органы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негiзiнде айқындайды.
      7. Конкурсқа шаруашылықаралық балық шаруашылығы iсiн ұйымдастыру және биологиялық-экономикалық зерттеу негiзiнде балық шаруашылығын жүргiзу үшiн перспективалы деп танылған резервтiк қордың балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) шығарылады.
      Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтілген балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) облыстық атқарушы органдар оларға балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру туралы шешiмдерiнiң күшін мынадай:
      1) уәкілеттi органның аумақтық органы мен жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арасында жасалған кәсiпшілiк балық аулау шартының және/немесе балық шаруашылығын жүргiзу шартының бұзылуы (тоқтатылуы);
      2) сот шешiмінің заңдық күшiне енуi;
      3) кәсiпшілік балық аулауға және/немесе балық шаруашылығын жүргiзуге арналып жасалған шарттардың талаптарын орындауға кедергi келтiретiн еңсерiлмейтін күш жағдаяттарының (форс-мажор) туындауы негіздемелерi бойынша жойған жағдайда Конкурсқа шығарылуы мүмкiн.
      8. Уәкілетті орган және/немесе оның аумақтық органы кемiнде жиырма күнтiзбелiк күн бұрын республикалық немесе облыстық мәнi бар мерзiмдiк баспа басылымына алда болатын Конкурс туралы хабарландыру бередi.
      Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша Конкурс өткiзу туралы хабарландыру Конкурстың өткiзілетiн орны, уақыты және оны өткiзу шарттары мен конкурстық құжаттаманы алу туралы ақпаратты қамтуы тиiс.
      Республикалық және халықаралық мәнi бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша Конкурс өткiзу туралы хабарландыру кемiнде аптасына 5 рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында тарайтын мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланады.
      9. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген жеке және заңды тұлғалар Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық құжаттама aлу үшiн уәкiлетті органның аумақтық органдарына жүгiнедi, осы Ереже талаптарына сәйкес конкурстық өтінім дайындайды және оны уәкілетті органның аумақтық органына:
      1) қатысушының толық атауы және мекен-жайы (егер ол кешiккен болып хабарланса, конкурстық өтiнiмдi ашылмаған күйде қайтару мақсатында);
      2) уәкілетті орган аумақтық органының мекен-жайы;
      3) "Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурс" деген сөздер көрсетiлген жабық конвертпен ұсынады.
      Конкурстық өтiнiм тiркелген сәттен бастап аталған өтінімді ұсынған тұлға Конкурсқа қатысушы болады.
      10. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органдары конкурстық өтiнiмдер берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн жетi күнтiзбелiк күннен кем емес мерзiмде хаттама ресiмдеу жолымен конкурстық құжаттамаға өз бастамасымен өзгерiстер енгiзе алады.
      Енгiзiлген өзгерiстер конкурстық құжаттаманы алған Конкурсқа қатысушыға дереу хабарланады.
      11. Конкурстық өтiнiм:
      1) Конкурсқа қатысуға арналған белгiленген нысандағы өтiнiштi (1-қосымша);
      2) өтінiм берушінің Конкурсқа қатысушыға қойылатын білiктілiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерi):
      заңды тұлғалар үшiн - жарғының, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiк қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға құқығын растайтын құжаттың, жеке куәлiктiң немесе паспорттың және салық төлеушi куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
      аулаушы және көліктік флоты, оның iшiнде шағын көлемдiсiн тiркеу туралы аумақтық көлiктiк бақылау органының анықтамасын;
      балық және басқа да су жануарларын аулау және қайта өңдеу жөнiндегi негiзгi құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы нотариалды түрде куәландырылған құжаттардың көшiрмесiн;
      уәкiлетті органмен немесе оның аумақтық органымен келiсiлген өтiнiм берушiнiң басшысы бекiткен балық шаруашылығын дамыту жоспарын;
      салық төлеушiнiң салықтық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы (болуы) туралы салық органының анықтамасын;
      бұрын балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) бекiтiлiп берiлген жеке және заңды тұлғалар үшiн - өткен жылы балық өсiмiн молайту және балық қорғау iс-шараларына қаржы салғандығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
      бұрын балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) бекiтiлiп берiлген және балық және басқа да су жануарларын аулауға квоталар бөлiнген жеке және заңды тұлғалар үшiн - өткен жылы балық және басқа да су жануарларын аулауға бөлiнген квоталардың игерiлгендiгi туралы уәкiлеттi органның аумақтық органының анықтамасын;
      ЕО елдерiне балық өнiмдерiн экспорттауға арналған есептiк нөмiрiнiң (ХАССП, ИСО 9000 енгiзу) (балық өнiмдерiн экспорттаушылар үшiн) бар екенiн растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн қамтиды.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.06. N 68 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2006.02.27. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

3. Конкурс өткізу

1. Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу

      12. Комиссия конкурстық өтiнiмдерi бар конверттерді белгiленген уақытта Конкурсқа қатысушының немесе оның өкiлiнiң қатысуымен ашады.
      Конкурсқа қатысушының немесе оның өкiлiнiң конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу жөнiндегi мәжiлiске қатыспауы аталған қатысушының конкурстық өтiнiмiн қарамауға негіз болып табылмайды.
      13. Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу кезiнде Комиссия хатшысы Конкурсқа қатысушы ұсынған құжаттаманың бар екендігі туралы, сондай-ақ олар үмiттенетiн балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) туралы ақпаратты хабарлайды.
      Конкурстық өтінімдерi бар конверттердi ашу нәтижелерi мәжiлiске қатысқан барлық Комиссия мүшелерi қол қоятын конверттердi ашу хаттамасында көрсетіледi.

2. Конкурстық өтінiмдердi қарау және Конкурс қорытындыларын шығару

      14. Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беруге конкурстық өтiнiмдердi қарауды Комиссия конверттер ашылған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi.
      Конкурсқа қатысушылар немесе олардың өкiлдерi Комиссияның конкурстық өтінiмдердi қарауы кезiнде қатыса алмайды. Бұл ретте, конкурстық өтiнiмдердi қарау барысында қажеттi мәселелердi түсiндiру үшiн Комиссия Конкурсқа қатысушыны түсiнiк беруге шақыруы немесе тапсырылған құжаттардың дұрыстығын растау үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға жазбаша сұрау салу жiберуi мүмкiн.
      15. Конкурсқа қатысушы осы Ереженiң 4-бөлiмiнде белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болуы тиiс.
      Конкурсқа қатысушының жоғарыда аталған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар болмаған немесе тиiстi дәрежеде ресімделмеген жағдайда мұндай қатысушы Конкурстың талаптарына сәйкес емес деп саналады және мұндай қатысушының өтінiмi қабылданбайды.
      16. Егер Конкурсқа жiберiлген барлық қатысушылардың ұсыныстарын Комиссия Конкурс шарттарына жауап бермейдi деп таныса, Конкурс өтпеген болып танылуы мүмкiн.
      17. Өткiзiлген Конкурстың қорытындыларын конкурстық комиссия конкурстық өтінімi бар конверттер ашылған күннен бастап он күнтізбелiк күн iшiнде шығарады.
      18. Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша жеңiмпазды анықтауды Комиссия қатысушыны рейтингтiк бағалау негiзiнде жүргiзедi. Рейтингтік баға осы Ереженiң 4-бөлiмiнде көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес белгіленедi. Рейтингтік бағаны белгілеу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi .
      Жеңiмпаздарды анықтау кезiнде шарттар тең болған жағдайда мынадай заңды және жеке тұлғалар басымдыққа ие болады:
      ғылыми және өсiмдi молайту мақсаттарына қосқан үлесi Балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес ең көп;
      өтiнiм берiлген су тоғандары (учаскелерi) бұрын бекiтiлiп берiлген;
      қызметiнiң негiзi балық аулау және онымен байланысты өндiрiс болып табылатын, жергiлiктi жағалауға жақын аудандардағы.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      19. Конкурстың нәтижелерi Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасымен ресімделеді, Комиссияның барлық қатысқан мүшелерiнiң қолы қойылады және балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекiтiп беру бойынша шешiм қабылдау үшiн тиiстi облыстық атқарушы органдарға жiберiледi (2-қосымша).
      20. Конкурстық орта болмаған жағдайда (бiр ғана үмiткердiң болуы) осы балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) бойынша конкурс өткiзiлмедi деп жарияланады. Осы балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) бойынша қайтадан конкурс өткiзген кезде конкурсқа қатысқан жалғыз қатысушы, егер ол конкурсқа қатысушыларға қойылатын барлық талаптарды сақтаған болса, жеңiмпаз болып танылады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.02.27.  N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      21. Облыстық атқарушы орган хаттаманы алған күннен бастап бес күнтізбелік күн iшiнде облыстың әкiмшілiк шекаралары шегiндегi балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) пайдаланушыларға бекiтiп беру туралы шешiм шығарады.
      22. Облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру туралы шешiмiнiң негізiнде уәкiлеттi органның аумақтық органы мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында балық шаруашылығын жүргiзуге шарт жасалады.
      22-1. Жалған ақпаратты ұсыну фактiлерiнiң, сондай-ақ Балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес мiндеттемелердi орындамау немесе толық орындамау жағдайларының анықталуы балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шартты бұзу, сондай-ақ пайдаланушыларға балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру туралы облыстық атқарушы орган шешiмiнiң күшiн жою үшiн негiздеме болып табылады.
      Ескерту. 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      23. Конкурсқа қатысушыларға мынадай бiлiктілік талаптары қойылады:
      1) шаруашылық қызметiнiң негiзгi бағыты балық шаруашылығын жүргiзу және/немесе сонымен байланысты өндiрiс болуы тиiс;
      2) балық аулау (олжалау) және көлiк флотының, аулау құралдарының болуы;
      3) балық өнімдерiн қайта өңдеу мен сақтауға арналған өндiрiстiк базаның, ағымдық мелиорация жүргiзу мен шабақтарды құтқаруға арналған техникалық құралдардың болуы;
      4) өтiнiм берушiнiң басшысы бекiткен және уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық органымен келiсiлген жұмыстардың тiзбесi мен көлемiн, оларды орындау мерзiмiн және қаржыландыру көздерiн көрсете отырып, уәкiлеттi орган белгiлеген үлгi нысан бойынша жасалған Балық шаруашылығын дамыту жоспарының болуы;
       Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      5) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N 136 қаулысымен) ;
      6) салық берешегiнiң болмауы;
      7) ғылыми-кәсiпшілiк, бақылаулық және спорттық-әуесқойлық аулауды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган мен ғылыми ұйымдарға сервитут ұсыну - өтінім берушiнiң бiрiншi басшысының қолы қойылған жазбаша мiндеттемемен расталады.
 

                                        Балық шаруашылығы су тоғандарын
                                    (учаскелерiн) бекiтiп беру
                                  бойынша конкурс өткiзу ережесiне
                                    және конкурсқа қатысушыларға
                                  қойылатын бiлiктiлiк талаптарына
                                             1-қосымша

        Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн)
       бекiтiп беру жөнінде конкурсқа қатысуға өтiнiш

      _____________________________________________________________
                  (су тоғандары, учаскелерi)
бойынша балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтіп беру
жөніндегі Конкурсқа қатысуға рұқсат етудi және қажеттi конкурстық
құжаттаманы берудi сұраймын.

      1. Өтінiм берушi туралы мәлiметтер (ұйымның атауы,
ведомстволық тиесілiлiгi, деректемелерi, мекен-жайы)______________
__________________________________________________________________
      2._________________________________облысы әкiмдігінiң
20_жылғы "_" _____N_________ қаулысына және балық ресурстары мен
басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану
саласындағы уәкілетті органмен жасалған 20_жылғы "__"______N___
келiсiмге сәйкес бұрын бекiтiлiп берiлген су тоғаны (учаске)
(итбалық аулайтын орын)__________________________

      3. Өтiнiм берiлген балық шаруашылығы су тоғаны (учаскесi)
      1)______________________________________________________
      2)______________________________________________________
      3)______________________________________________________
      4)______________________________________________________
      5)______________________________________________________

      4. Өтінiм берiлген балық шаруашылығы су тоғанын (учаскесiн)
бекiтiп беру мерзiмi ___________ жыл.

      Берiлген күнi                      200__ жылғы "_"_______

      Өтінiм берушi___________________________________
                     (аты-жөнi немесе ұйымның атауы)

      MO                                    қолы_______________

                                  Балық шаруашылығы су тоғандарын
                                    (учаскелерiн) бекiтiп беру
                                  бойынша конкурс өткiзу ережесiне
                                    және конкурсқа қатысушыларға
                                  қойылатын бiлiктiлiк талаптарына
                                             2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

            Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн)
              бекiтiп беру жөнiндегi конкурстың
                     N_______хаттамасы

__________________________           "__"_______________200__ ж.
Конкурстың басталу уақыты
Конкурстың аяқталу уақыты______________
      1. Құрамында (аты-жөнi және лауазымын көрсету):
      ________________________ - комиссия төрағасы;
      ________________________ - комиссия хатшысы
      комиссия мүшелерi______________________________________бар
___________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының конкурстық комиссия құру туралы
        актiсiн, құжаттың күнiн және нөмiрiн көрсету)
      бұйрығымен құрылған Конкурстық комиссия балық және басқа да
су жануарларын алудың тн__лимитiмен____________бассейнi (cу
тоғаны), оның iшiнде___________________бойынша балық шаруашылығы су
тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiздi.
      2. Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру
жөнiндегi конкурсқа (бұдан әрi - Конкурс)_______ конкурстық
өтiнiмдер пакетi түсті.
      3. Конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық өтiнiмдердiң
конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарай
келiп, қатысушылардың рейтингтік баға көрсеткiштерiн бағалай және
пiкiр алмаса отырып, ШЕШТI:
      1) Конкурсқа____ өтiнiм жiберiлсiн (өтінiм берiлген су
тоғандарын (учаскелерiн) көрсете отырып, конкурсқа жiберілген
қатысушылардың тiзiмi, қоса берілiп отыр);
      2) Конкурсқа____ өтiнiм қабылданбасын (конкурстық
өтінiмдердiң қайтарылған себептерi көрсетiле отырып, Конкурсқа
жiберiлмеген қатысушылардың тiзiмi, қоса берiліп отыр);
      3) мынадай балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) табиғат пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлсiн (балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) тiзiмi қоса берiлiп отыр).
      4. Хаттаманың бiр данасы шешiм шығару_________облысының
әкiмдiгiне жiберiлсiн.

      Қолдары:

      Төраға:_____________            Хатшы:_________________
      Комиссия мүшелерi ___________________________

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 4 ақпандағы     
N 102 қаулысына        
қосымша            

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi
жойылған кейбiр шешімдерінің тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсiпшiлігі учаскелерiн бекiтiп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөнiндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысы .

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 276 қаулысы .

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы
N 158 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 378 қаулысы .

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 наурыздағы N 304 қаулысы .

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 наурыздағы N 290 қаулысы .
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 және 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1204 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 45, 495-құжат).