Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 және 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1204 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3528 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3528 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3528 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 23, 200-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын.
      2. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті