Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 136 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлер лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде:
      Ғ санатының тобы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы";
      "Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы";
      "Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдениет орталығы";
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасы".

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі