РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулы 2011.01.01 бастап күшін жояды - ҚР Үкіметінің 2010.11.11 № 1189 Қаулысымен.
Қазақстанның қаржы секторында бар бәсекелi басымдықтарды дамыту және жаңа басымдықтар құру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Алматы қаласында халықаралық (өңiрлiк) қаржы орталығын құру тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1364 қаулысымен
мақұлданған
Алматы қаласында
халықаралық (өңiрлiк) қаржы орталығын құру
тұжырымдамасы
1. Кiрiспе
Қаржы орталықтарының тарихи пайда болуы капиталдардың iрi қалаларға шоғырлануымен байланысты болды. Алайда, мұндай шоғырлану қаланың қаржы орталығы ретінде дамуына өздiгiнен жол аша алмайды. Бұл peттe халықаралық қаржы орталықтарының бір бөлiгі ретсiз құрылса (Нью-Йорк, Лондон, Токио, Гонконг, Швейцария және т.б.), 70-шi жылдардан бастап жекелеген елдер оларды құру жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргізгенін (Дублин, Лабуан, Сингапур) атап өткен жөн.
Инвестициялау үшiн қол жетiмдi капитал өсiмі жаңа қаржы құралдарының қарсы ұсынысын туындатады. Мұндай жағдайларда қала қаржы орталығына айналады. Әлемдегi қаржы астаналары - Лондон мен Нью-Йорк сияқты пайда болуының қарапайым моделi осындай.
Жас қаржы орталықтарының (Гонконгтiң, Сингапурдың, Брунейдің және басқалардың) қарапайым түрдегi ерекшелiгi - артылған капиталды пайдалану үшін капитал ағындары мен қаржы құралдарын әдейі көтермелеуiнде. Көтермелеудiң басты тетігі: ырықтандырылған кеден және салық режимдерi, инвесторлар, кәсіпкерлер мен кәсіпқой қаржы делдалдары талап ететiн тұрмыстық және бизнес сервистің жоғары сапасы мен үйлестiрiлетiн капиталды мемлекеттiк реттеу мен қайтарудың ырықтандырылған режимдерi.
Сонымен қатар қаржы орталықтарын құру жөнiндегі белгілі бір үрдiсті атап өткен қажет, осыған байланысты халықаралық қаржы орталығын құру жөнiндегi жұмысты жеделдету аса өзектi болып отыр. Мысалы, 2002 жылдың басында Қытай Халық Банкiнiң басшылығы Шанхай қаласында жеткiлiктi әлеуеттiң болуы және халықаралық қаржы орталығын құру жөнiндегі тиісті шешім туралы мәлiмдеді. 2004 жылы тамызда Сұлтандықтың Қаржы министрлігі Брунейдегi жаңа халықаралық қаржы орталығын құру тетiктерiн жариялады. Корея Yкiметi де Лондон моделiн пайдалану арқылы Сеул қаласында халықаралық қаржы орталығын құру мүмкіндігін қарау үстiнде.
Алматы қаласын өңiрлiк қаржы орталығы ретінде дамыту идеясы (бастапқыда өңір ретінде бұрынғы кеңестiк Орта Азия республикалары мен Қазақстан меңзелді) алғаш рет 1995 жылы Қазақстан банктерi қауымдастығының мүшелерi мен басшы құрамының Қазақстан Республикасының Президентiмен кездесуi кезiнде жария етілген болатын. Алайда, ол кезде бұл идея бiрқатар себептерге байланысты қолдау таппады, олардың iшiнде, ең негiзгісi Қазақстанның өзі банк жүйесін реформалауды ендi ғана бастағаны (тiптi, қаржы рыногының басқа секторларындағы реформаларға әлi кiрiскен де жоқ болатын) және Қазақстанның бұл салада өңiрлiк жетекшілікке ұмтылуы тым ерте болып көріндi.
Осыған байланысты "Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 14 сәуiрдегi N 356 қаулысымен күшi жойылған "Алматы қаласын өңірлік қаржы орталығы ретінде дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 шілдедегi N 1014 қаулысы бекiтілдi.
Ол уақытта Алматы қаласын өңiрлiк қаржы орталығы ретінде дамыту мәселесiн шешу жөнiндегі жұмысты Алматы қалалық әкiмшiлiгі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дербес жалғастырды.
"Алматы қаласын қаржы орталығы ретiнде дамыту мәселесi бойынша ұсыныстарды әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 25-ө өкiмiмен Алматы қаласын қаржы орталығы ретiнде дамыту мәселесi бойынша тұжырымдарды әзiрлеу жөнiндегі жұмыс қайта жанданды.
Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Алматы қалалық әкiмшiлiгінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінiң өкiлдерi кiрдi.
Жұмыс тобы жұмысының шеңберінде Сингапур, Дублин (Ирландия), Дубаи (БАӘ), Лабуан (Малайзия) (қосымшалар) сияқты қалалардың халықаралық қаржы орталықтарын құру және дамыту тәжiрибесi зерттелдi.
2. Алматы қаласын халықаралық қаржы орталығы
ретiнде дамыту перспективалары: артықшылықтары
мен кемшiлiктерi
Алматы қаласындағы халықаралық (өңiрлiк) қаржы орталығы (бұдан әрi - Орталық) бұдан әрi тiкелей экономикалық тиiмділік келтiрiп қана қоймай, сонымен қатар елдiң қосымша бәсекелiк артықшылығын жасай отырып, Қазақстанның экономикалық дамуының катализаторы мен мультипликаторы ретiнде "өсу нүктесi" деп аталатын рөлдi атқаруы мүмкiн.
Көрiнісi
Алматы қаржы орталығы халықаралық сыныптағы кең ауқымды қаржылық қызметтер көрсететiн бүкiл әлемге танымал және мойындалған өңiрлiк орталыққа айналуы керек.
Миссиясы
Орталықтың миссиясы - әлемге танылған халықаралық сыныптағы қаржылық қызметтер орталығын құру және дамыту арқылы экономикалық өсудi ынталандыру және экономиканы әртараптандыру.
Негiзгi мақсаттары
Халықаралық қаржы орталығының негізгi мақсаттары:
1) елдiң экономикалық дамуына жәрдемдесу және
2) озық қаржылық бiлiм мен техникаларды импорттау деп мәлiмдеуге болады.
Сонымен бiрге, халықаралық қаржы орталықтарын құрудың және олардың жұмыс iстеуiнiң халықаралық тәжiрибесi көрсеткендей, халықаралық қаржы орталығын құру және оның қызметi мемлекеттiң экономикалық саясатының өтпелі кезеңінің бiрi ғана болуы мүмкiн.
Қаржы орталығын жедел iске қосу, сондай-ақ орталықтың одан кейiнгi жетiстiгі мақсатында орталықты дамыту бастапқыда өңiрлiк ауқымдағы халықаралық қаржы орталығы ретiнде басталады. Бұл ретте елдiң қазiргi және енгізiлiп жатқан бәсекелiк артықшылықтарының болуы және оларды тиiмдi пайдалану түйiндi мәселе болып табылады.
Қазiргi уақытта Қазақстанның қаржылық қызметтер секторында екiншi деңгейдегi банктер; кредиттік серiктестiктер, ломбардтар және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа ұйымдар; сақтандыру ұйымдары; жинақтаушы зейнетақы қорлары; қор биржасы; бағалы қағаздар рыногының брокерлерi мен дилерлерi, зейнетақы активтерiн басқаратын компаниялар, инвестициялық портфелдердi басқарушылар мен тiркеушiлер, кастодиандар, сақтандыру брокерлерi мен агенттер бар.
Дамыған елдермен салыстырғанда, Қазақстанның қаржы рыногы дамуының қатысты көрсеткiштерi ұлттық экономикаға барабар қызмет көрсету үшiн Қазақстандағы қаржылық делдалдық деңгейiнiң жеткiлiксiз екендiгiн көрсетті, дегенмен басқа бұрынғы кеңес елдерiмен салыстырғанда, көрсеткiштер үздiктердiң бiрi болып табылады.
Алматының әлеуетті халықаралық қаржы орталығы ретiндегі әлсiз жақтары:
корпорациялық және жеке салықтар бойынша жоғары ставкалар;
қаржы саласында бай тарихтың жеткiлiксiздігі және сондықтан шетелдік инвесторлар тарапынан сенiмсiздiк болуы ықтимал;
коммуникацияның арзан және жедел жүйесiнiң жоқтығы;
қылмыстың жоғары деңгейi;
қаланың экологиялық жағдайы (қаланың жалпы газдануы, ластануы);
көлiк құрылымы (әуежайдың өткiзу қуатының төмендiгi, жол сапасының нашарлығы, теңiз порттарының болмауы);
экономиканың неғұрлым тартымды секторының жекешелендiрiлуi;
еркiн экономикалық аймақ құрудағы тәжiрибенiң жеткiлiксiздiгi болып табылады.
Күштi жақтары:
Елдiк жағдайлар:
Қазақстан мен көршi елдер арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығының елеулi әлеуетi, сондай-ақ Алматы қаласының географиялық жағынан қолайлы орналасуы перспективада орталық-азиялық өңiрдi, Батыс Қытайды, Ресейдiң iрi өңiрлерiн қамтитын қаржы орталығын құруға бағдарлануға мүмкiндiк бередi;
орыс тілi қазақ тiлiмен қатар қолданылады, бұл Ресейдiң және бұрынғы КCPO мен Шығыс Еуропаның басқа елдерiнiң қаржы ұйымдары үшiн тартымды фактор болып табылады;
саяси тұрақтылық, елеулi экономикалық өсу және экономиканың одан әрi өсуiнiң жақсы перспективалары;
дамыған елдермен салыстырғанда pecуpc құнының (ең алдымен адами ресурстардың) төмендiгi;
әр алуан табиғи жағдайлар (спорт түрлерiмен айналысу мүмкiндiгi және т.б.) болып табылады.
Жергілікті жағдайлар:
көршi елдермен салыстырғанда дамыған қаржы жүйесi, сондай-ақ қаржы институттарының түрлi, оның iшiнде шетелдiк капитал қатысатын типтерiнiң айтарлықтай шоғырлануы, бұлар жүзеге асырылатын операциялардың көлемi жағынан жақын маңдағы мемлекеттердiң астаналарын - Бiшкектi, Ташкентті, Душанбенi, Ашғабатты және Бакудi басып озады;
жеткіліктi, ең алдымен зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың және екiншi деңгейдегi банктердiң есебiнен жоғары инвестициялық әлеует, бұл қазiрдiң өзiнде көршi мемлекеттердiң эмитенттерiн қызықтыра бастады;
ТМД-ның басқа елдерiмен салыстырғанда қаржы рыногын қадағалау мен реттеудiң дамуы;
Алматы көрші мемлекеттердiң iрi қалаларынан мұнда төлемге қабiлеттi қаржы қызметтерін тұтынушылар ретiнде мүдделiлiк туғызатын жеке кiрiс деңгейi жоғары адамдардың - шетелдiк те, қазақстандық та азаматтардың жеткiлiктi саны тұрып жатқандығымен тиiмдi ерекшеленеді.
Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, халықаралық қаржы орталығы мәртебесiне көшкенге дейiн Қазақстанның қазiргі бәсекелiк артықшылықтарын одан әрi дамыту және мынадай жаңаларын құру қажет:
елдiң қаржы рыноктары өздерiнiң ағымды ролiн нысаналы өңiрге белсендi қатысу ролiне дейiн өрiстетуi тиiс;
Қазақстанда орналасқан қаржы ұйымдары өңiрдiң активтерiн белсендi шоғырландыруы және бөлуi, сондай-ақ өңiрден тыс орналасқан халықаралық қаржы рыноктарымен байланыстырушы қызмет атқаруы тиiс;
қаржы делдалдары қаржы активтерiнiң ауқымды спектрiн белсендi сатуы және листингтiк құралдардың елеулi рыногын құруы, сол арқылы капитал рыногы жетiстiгiнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын шектен тыс өтiмдiлiктi қамтамасыз етуi тиiс;
қаржы рыноктары мен делдалдар әлемдегі басқа қаржы орталықтарымен және делдалдармен байланысты дамыту арқылы халықаралық қауымдастыққа терең интеграциялануы тиiс;
тартымды (инновацияларды және ең аз тәуекелдi креативтiлiктi көтермелейтiн) бизнес және бизнестi жүргiзу үшiн әлеуметтiк орта құру;
рейтингтер, қор индекстерi сияқты өнiмдердiң пайда болуына және оларды жетiлдiруге ықпал ету.
Қазақстан қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу сияқты көрсеткiш бойынша өңiр елдерiн басып озғанын айырықша атап өту керек. 2004 жылы барлық қадағалау және реттеу функциялары мамандандырылған орган - Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi шеңберiнде бiрiктiрiлдi.
2004 жылы Қаржы секторын бағалау бағдарламасы (ҒSАR) мен ақшаның жылыстауымен күрес және лаңкестiктi қаржыландыруға қарсы әрекет бағдарламасы (АЖК/ЛҚҚ) бойынша Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзiлiк Банктiң (ДБ) бiрлескен миссиясында қазiргi заңнама базасы үздiк халықаралық тәжiрибеге сай екендiгi атап өтiлдi. Сонымен бiрге қазiргi үрдiсті тиiмдi енгiзудiң және оны одан әрi жетiлдiрудiң қажеттігi де атап өтiлдi. Атап айтқанда, Халықаралық бағалы қағаздар жөнiндегi комиссия ұйымы (IOSCO) және Халықаралық сақтандыруды қадағалау қауымдастығы (IAIS) белгiлеген ең төменгi талаптарымен тиiмдi банктiк қадағалаудың түйiндi қағидаттарына толық сәйкес келу үшiн қаржы ұйымдарының менеджментi - шоғырландырылған қадағалаудың тиiмдiлігімен тәуекелдiк жүйенiң мониторингі тәжiрибесiн одан әрi кеңейту ұсынылған.
Қазiргi уақытта Алматы қаласында халықаралық (өңiрлiк) қаржы орталығын құру тұжырымдамасы Қазақстан экономикасы және қаржы рыногына тұтастай әлсiз және күштi жақтарының тән екендiгiн көрсетедi.
Орталықты халықаралық деңгейде мойындау үшiн, халықаралық компаниялар тарапынан сенiмдiлiк пен қызығушылық тудыратындай орталық қызметiн жүзеге асыратын заңнамалық және реттеуiш ортамен қамтамасыз етудi талап етедi. Бұл үшiн әлемнiң озық қаржы рыноктарында қолданылатын реттеу және қадағалаудың жоғары стандарттарына сәйкес келетiн, қызметіне жағдай жасауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн құқықтық орта құру аса қажет.
Ұсынылып отырған қаржы орталығы тұжырымдамасы әлемдiк үздiк қаржы орталықтарының тәжiрибелерiн есепке ала отырып, құқықтық орталық құруға мүмкіндік бередi, сонымен бiрге қолданыстағы қазақстандық заңнамаларға көбірек бейiмделген.
Сонымен бiрге, қазiргі кезеңде қаржы аймағына қатысушыларды құру, тiркеу, реттеудiң егжей-тегжейлi тәртiбiн әзiрлеу мүмкiн емес екендiгiн, тек қаржы орталығын құру жобасына техникалық-экономикалық негiздеме жүргізгеннен кейiн ғана мүмкін екендігін атап өту керек. Жобаның TЭH-ci өңірлік рыноктың көрсеткiштерiн, әлеуеттi инвесторларды, күтiлiп отырған қаржы ағындарын және қаржы қызметтерiнiң түрлерін анықтауы тиiс.
Жоғарыдағы аталған артықшылықтардың көп бөлiгiн жүзеге асыру қазірдің өзiнде жекелеген бағдарламалық құжаттарда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 шiлдедегі N 753 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында , Сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауында жатқан Бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған.
3. Алматы қаласындағы халықаралық (өңiрлiк)
қаржы орталығының құқықтық мәртебесi
3.1. Орталықтың қызметiн реттейтін заңнама
1. Орталықтың қызметiн реттейтiн заңнама қолданыстағы Қазақстан Республикасы Конституциясына толық негізделетiн болады. Орталық құру негізгi заңға өзгерiстер енгізудi талап етпейдi, басқа мемлекеттердiң моделдерiн толық көшiру және Қазақстан Республикасы Конституциясында көзделмеген мемлекеттiк институттар құру жоспарланбаған.
2. Бұдан басқа, бүгiнгі күнде Қазақстан Республикасының заңнамасы орталыққа тақiлеттес нысандарды реттейтiн нормалардан тұрады. Сөз "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетiн арнайы экономикалық аймақтық институт туралы болып отыр.
Алайда орталық бүгінде Қазақстан аумағындағы қазiргi арнайы экономикалық аймақтардан (бұдан әрi - AЭA) қағидаттық өзгешелiктерге ие.
АЭА аумағындағы айырықша құқықтық режим салық және кедендiк артықшылықтармен шектелген.
Орталықтың аумағында, оның тиiмдi жұмыс iстеуiне Қазақстанның басқа аумағындағы қолданыстағы азаматтық және қаржылық заңнамалардан бiрқатар өзгешелiктердi салық және кедендiк жеңiлдiктерiмен тең қарастыратын құқықтық режим құру қажет.
Мысалы, орталықтың аумағында акционерлiк қоғамдардың құрылуы мен жұмыс iстеуiне жеңілдетiлген тәртiптер, шетелдік компаниялардың өкiлдiктерiн тiркеудi жеңiлдететiн тәртiптер, шетелдiк компаниялар үшiн қаржы қызметi рыногына шығуға қойылған кейбiр шектеулердi алып тастау және т.б. қарастырылады. Ерекшелiктердi белгiлейтiн құқықтық режим құру, қылмыстықтан басқа, құқық салаларының барлығында өте күрделi болып табылады.
Сондай-ақ, салық жеңiлдiктерi мен преференциялар көлемi барлық АЭА үшiн сәйкестендiрiлгенiн назарға алу керек. Бiрқатар өзiндiк ерекшелiктердiң өлшемдерiне, мысалы, қаржы орталығының географиялық орналасуы, тиiсiнше тартылатын қаржы ағындарына байланысты қаржы орталықтары үшiн құқықтық режимдердiң бiрыңғай болуы мүмкiн емес.
Жоғарыда айтылған себептерге байланысты "Алматы қаласының қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңын қабылдауға бастама көтерiледi.
"Алматы қаласының қаржы орталығы туралы" Заңмен бiр уақытта заңнамадағы қайшылықтардың алдын алу мақсатында қолданыстағы заңнамаларға түзетулер әзiрлеу қажет.
Бұл арнайы құқықтық режим белгiлейтін, қатынастар саласын реттейтiн қолданыстағы барлық заңнамаларға өзгерiстер енгізу қажеттігін бiлдiредi.
Оның мазмұнына байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық , Салық , Бюджет Кодекстерiне, шаруашылық серiктестiктер туралы және т.б. заңнамаларды құрайтын заңдарға өзгерiстер енгізудi қажет етуi мүмкiн.
Өзгерiстер негізгі заңмен бiр уақытта қабылданады, өйткенi, бiрiншiден, мүмкiндігінше заңнамада қайшылықтардың пайда болуын мүлдем болдырмау, екiншіден, жоғары тұрған нормативтiк құқықтық кесiмдерге (мысалы, кодекстерге) өзгерiстер енгізбей қолдануға қолданыстағы кесiмдердiң баспалдақтығы мүмкiндiк бермейдi.
3.2. "Алматы қаласының қаржы орталығы туралы" Заң
Бұл Заңмен Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сәйкес келуi қажет Заң деңгейiнде қабылданған мәселелер реттелетiн болады. Аталған бап заңнамалық кесiмдермен ғана реттелуi мүмкiн қатынастар тiзбесiн анықтайды. Заңдағы мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгi сәйкес келгенде, барлық басқа қатынастар кiшi заңи кесiмдермен реттелуi мүмкін.
Атап айтқанда, Заңда мынадай мәселелер шешiлетiн болады:
1. Орталықтың ұйымдық-құқықтық нысаны.
2. Орталықтың аумағы.
3. Орталық қызметiнiң қағидаттары.
4. Орталық аумағында тiркелуге тиiстi субъектiлер.
5. Қызмет түрлерi.
6. Басқару органдары.
7. Орталық аумағында субъектiлерді тiркеу тәртiбi.
8. Орталық аумағында еңбек заңнамалары.
9. Қаржы ұйымдарының қызметiн қадағалау мен реттеу қағидаттары.
10. Орталық аумағындағы тiлдер.
11. Ақша бiрлiгі.
12. Жеңiлдiктер және преференциялар.
3.2.1. Орталықтың ұйымдық-құқықтық нысаны
Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа құқықтық режимдерден өзгеше, арнайы аумақты (зона) шекаралармен айқындаған арнайы құқықтық режим жұмыс iстейтiн орталық құру көзделiп отыр.
Мазмұны бойынша арнайы құқықтық режим өзiнiң қызметiн орталық аумағында жүзеге асыратын және оның аумағында тiркелген тұлғалар үшiн бiрқатар жеңілдiктермен преференциялардан тұратын болады. Қаржы ұйымының нақты қатысу қажеттiлiгiн көздей отырып Алматы қаласының халықаралық (өңiрлiк) қаржы орталығы оншорлы болады.
Арнайы құқықтық режим Қазақстан Республикасы Парламентi қабылдайтын заңдармен қамтамасыз етiлетін болады. Парламент қабылдаған заңдарды жүзеге асыру мақсатында кiшi заңи нормативтiк құқықтық актiлер шығарылатын болады. Мысалы, қаржы ұйымдары және қаржы рыногын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкілеттi орган, орталықты басқаратын әкiмшiлiк орган.
Қаржы орталығының дубаилық моделiне сәйкес, орталық белгiлi бiр аумақта құрылатын заңды тұлға болып табылады. Орталық аумағында тек қылмыстық заңнама жарамды, қаржы және азаматтық заңнамалар орталықтың өзiнiң реттеушi органымен белгіленедi.
Мынадай себептерге байланысты Қазақстан Республикасының жағдайында нақ осындай орталық құру мүмкiн емес.
Бiрiншiден, Қазақстан үшiн заңда тұлға нысанындағы орталық құру тиiмсiз. Мемлекеттiң барлық заңнамасы құрылатын негізгі қағидаттардың бiрi, заң алдында барлық заңды тұлғалар, оның iшiнде мемлекет құратын заңды тұлғалардың теңдiгі қағидаты болып табылады. Ал заң алдындағы теңдiк қағидаты мемлекеттiң заңнамалық деңгейде барлық ұйымдардың шаруашылық жүргізулерi үшiн бiрдей құқықтық жағдайлар жасауды көздейдi.
Бұдан басқа, бiздiң заңнамалар шеңберiнде орталықты заңды тұлға нысанында құру, орталықтың iшiнде басқа заңды тұлғалар, өкiлдiктер, филиалдар және т.б. құруға мүмкiндiк бермейдi.
Екіншіден, Қазақстан Республикасы бiрыңғай құқықтық жүйесiмен бiртұтас мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасының Парламентi, Конституцияда тiкелей анықталған жағдайларды қоспағанда, заңнамалық кесiмдер қабылдау құқығына ие жалғыз мемлекеттiк орган болып табылады.
Осыған байланысты мемлекет аумағының бiр бөлiгінде өздiгiнен құқықтық жүйенi анықтайтын өкiлетi бар реттеуiш органның орталық аумағында жұмыс iстеуi, Республиканың Конституциямен елдiң аумақтық қауiпсiздiгiне қайшы келетiн болады.
3.2.2. Орталықтың аумағы
Орталықтың аумағын анықтауда екi нұсқа қарастырылуда:
1) Алматы қаласының бүкiл аумағы;
2) Алматы қаласының белгiлi бiр бөлiгінiң аумағы.
Әрбiр нұсқа өзiнiң оң және терiс жақтарына ие.
Орталықты қала аумағында құрудың басымдылығы, қаланың бiр бөлiгі аумағында құрылғандағы жеке бөлiгiнiң ғана емес, бүкiл қаланың дамуы болып табылады.
Қаланың бүкiл аумағындағы тиiстi инфрақұрылымдардың дамуының ұзақтығы мен күрделiлiгi айқын кемшiлiк болып табылады, бұл ретте, орталықты қала аумағының белгiлi бiр бөлiгінде құру шетелдiк инвесторларға тартымды инфрақұрылымдарды жылдам құруға мүмкiндiк бередi.
Осыған байланысты, орталықты Алматы қаласы аумағының белгiлi бiр бөлiгiнде құруды орынды деп санаймыз. Орталықта жедел iске қосу және жеке бөлiнген анклавтағы нақты инфрақұрылымдар құруға кететiн үлкен шығындарды болдырмау мақсатында орталық, қызмет етуiнiң бастапқы кезеңiнде виртуалды бөлiнген болып табылатын болады, яғни қаржы орталығының офисi Алматы қаласы аумағының географиялық кезкелген нүктесiнде орналаса алады.
Бұл ретте, орталықты құру туралы заңмен, тiркелудi сақтау үшiн орталықтың нақты аумағында компания өз офисiн ашуға тиiстi мерзiм белгiленуi қажет.
3.2.3. Орталық қызметiнiң қағидаттары
Резидент еместердiң пайдасына операцияларды iске асыру
Ережелер мен нұсқаулықтардың ашықтығы және қарапайымдылығы
100%-дық шетелдiк иелену мүмкiндiгi
Капитал мен кiрiстердi толық елiне қайтару мүмкiндiгi
Тиiмдi және банктi реттеуiш режим
Қол жетiмдiлiк
Сервис пен техникалық инфрақұрылымның жоғары сапасы
3.2.4. Орталықтың аумағында тiркеуге жататын субъектiлер
Орталықта банктер, инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, активтердi басқару компаниялары, зейнетақы қорлары, хеджирингтеу қорлары, бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылар сияқты, орталық аумағында рұқсат етiлген қызметтердi жүзеге асыратын компаниялар қызметтерiн жүзеге асыруы мүмкiн.
Компаниялар басқа елдердiң аумағында инкорпорацияланған (резидент еместер), сондай-ақ орталық аумағында инкорпорацияланған, яғни резидент еместер болуы мүмкiн.
3.2.5. Орталықтың аумағында рұқсат етiлген қызмет түрлерi
Орталық аумағында рұқсат етiлген қызмет түрлерi негiзгi және қосалқы болып бөлшектенетiн болады.
Қызметтiң тiкелей негiзгi түрлерiне қаржы қызметтерiн көрсету болып табылады. Қосалқы қызметтің түрлерi орталықта компанияларға бухгалтерлiк және аудиторлық қолдау, техникалық қамтамасыз ету қызметтерiн қосады.
Алматы қаржы орталығы ұзақ мерзiмдi перспективада мынадай қаржы қызметтерiне маманданатын болады:
банктiк қызметтер көрсету;
капитал рыногы;
активтердi басқару;
сақтандыру және қайта сақтандыру;
бэк-офис операциялары;
ислам қағидаттарымен сыйысымды қаржы қызметтерi.
Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде орталық мынадай негізгi секторларға көзделетiн болады:
банктiк қызметтер көрсету;
капитал рыногы;
ислам қағидаттарымен үйлесiмдi қызметтер.
Банктiк қызмет көрсету
Қазақстанның банк секторы ұлттық қаржы жүйесiнiң ең үлкен сараланымы болып табылады. Шетелдiк сарапшылардың бағалауына сәйкес банктер басым болатын республиканың қаржы секторы, экономиканың жылдам дамушы секторының бiрi болып табылады. Бұл процеске салық-бюджеттiк саясатының сақтық бағытының қолдауы арқасындағы қолайлы макроэкономикалық конъюнктура, мұнайдан түсетiн кiрiстердiң өсуi, сондай-ақ елдiң қаржы жүйесiн шешiмдi реформалауға бейiлдiлігі.
Қазақстандық банктерде елеулi инвестициялық әлеуеттiң жинақталуы, "географиялық" көршi Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Украинада қатысу кеңейуiндегi осы елдердiң экономикасын олардың инвестициялау жоспарларымен байланысты түсiндiрiледi.
Капитал рыногы
Орталықтың негiзгi даму бағыттарының бiрi, "Секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында құрылуы қарастырылған арнайы заңды тұлғалардың (Special Рurроsе Vеhiсlе) мүмкiндiктерiн пайдалану болуы мүмкiн. Халықаралық капитал рыногына шығуға қажет шығындарсыз, орталық басқа ұйымдардың талап ету құқықтарына шегiну арқылы бұл тұлғаларға бағалы қағаздар шығаруға мүмкiндiк беру iшкi және сыртқы инвесторлардың елеулi қаражатын тартуға мүмкiн етедi.
Өңiрде шоғырланатын институционалдық инвесторлардың, атап айтқанда, зейнетақы қорлардың, инвестициялық қорлардың қаражатын пайдалану үшiн елеулi әлеует өмiр сүруде.
Қор және фьючерлiк биржалар құру, бағалы қағаздар рыногының тоқтаусыз қызметiн қамтамасыз ететiн және оны әлемдiк қаржы рыногына аталған биржалардың автоматтандыру деңгейiн көтеру жолымен дамыған елдердiң биржаларымен және әлемдiк озық биржалармен өзара мойындаулар туралы келiсiмдерге қол қою деңгейiне дейiн интеграциялау қажет етiледi.
Ислам қағидаттарымен сыйысымды қаржы қызметтерiн көрсету
Дүниежүзiлiк ислам қаржы жүйесi әлемнiң 75 елiн қамтиды және 2003 жылы наурыздағы жағдайы бойынша мөлшерi 230 млрд. долларды иеленген. Дүниежүзiлiк ислам инвестициялық рыногының көлемi 1 трлн. АҚШ доллары мөлшерiнде бағаланады.
Орталық Азия елдерiнiң тарихи халқының негiзгi бөлiгi исламды ұстанады. Сонымен бiрге, соңғы уақытқа дейiн орталықазия елдерiнiң тұрғындары сәйкес келетiн заңнамалық негiздердiң болмауына байланысты мұндай мүмкiндiктерден айырылған.
Бұл ретте, аталған қызмет көрсетулердегі дүниежүзiлiк үрдiс тек мұсылман елдерiне ғана емес Англия, Германияға да тән. Бiрнеше немiс банктерi "сукук" аталатын ислам бондтарын (өтiмдi емес, пайыздық тәуекелдiкке сезiмталдығы аздау) шығарды. Бұдан басқа, Англияда бiрiншi ислам банкi 2003 жылы наурызда жарияланса, ал 2004 жылы қыркүйекте лицензия алды және қызметін бастады.
Ислам терезелерiн құру Қазақстанға ислам банк iсiн енгiзуде басымдылыққа ие болады. Қазiргi уақытта осындай жүйеге Қазақстандағы коммерциялық банктер тарапынан қызығушылықтар пайда болуда. Одан әрi ұсынылған ислам банкi қызметтерi спектрлерiнiң қеңейу мүмкiндiктерiне қарай жеке алғандағы ислам банкi құрылуы мүмкiн.
Қолдағы бар ақпараттарға қарағанда ағымдағы жылда Азербайжан Республикасында ислам банкiнiң құрылғандығы туралы жарияланған, бiрақ оның қызметi үшiн тиiстi заңнамалардың болмауына байланысты оны тiркеуден бас тартқан.
Орталық аталған бағытта жақсы перспективаларға ие.
3.2.6. Басқару органдары
Мемлекеттiк органдардың жүйесi орталық аумағында қызметiн жүзеге асыратын субъектiлердi тiркеу тәртiбi максималды жеңiлдетiлген болатындай, ал олардың қызметi олар үшiн барынша аз қолайсыздықтармен жүзеге асырылатындай етiп құрылатын болады.
Мынадай органдарды құруды ұсынамыз:
1. Орталық Кеңесi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң төрағалық етуiмен, орталық органдарының, орталық аумағында инкорпорацияланған қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы даму институттарының жетекшiлерiнiң, Алматы қаласы әкiмiнiң қатысуымен тұрақты жұмыс iстейтiн орталықтың кеңесушi жоғарғы жетекшi органы құрылатын болады.
2. Орталықтың әкiмшiлiк органы
Әкiмшiлiк орган мемлекеттiк мекеме нысанда құрылатын болады (мысалы, Дирекция).
Орталықтың негiзгi мiндеттерi орталықтың және оны пайдаланушылардың мүдделерiн ұсыну, сондай-ақ, "Жергілiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген мiндеттердi орындау. Бұл ретте, орталық аумағын Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органның юрисдикциясынан шығарудың да маңыздылығы аз емес болып табылады.
Әкiмшiлiк орган:
тартылған компаниялардың олардың барлық бағыттағы қызметтерiмен жұмыс iстеу (рекрутинг бойынша ақыл-кеңес, өндiрiстi орналастыру, мемлекеттiк органдармен, сала өкiлдерiмен байланыс, заңды, бухгалтерлiк фирмаларды, басқа қосалқы фирмалармен қызметтердi және т.б. ipiктeу);
Алматы қаласы аумағындағы жұмысшы офистердi орталықтың қаржы ұйымдарының одан кейiн пайдалануы үшiн жалдау;
Орталықтың құрылысы бойынша және қолдау көрсететiн жобаны жүзеге асыру;
жер учаскелерiн жалға алатын рұқсаттар беру;
ғимараттар мен инфрақұрылымдардың құрылысы бойынша мердiгерлермен келiсiмдер жасау;
Орталықтың инфрақұрылымдарының дамуы үшiн инвестицияларды тарту;
маркетингтiк шаралар;
Орталықта инкорпорацияланған компанияларды тiркелiмдi енгiзу;
Орталықты пайдаланушылармен олардың клиенттерiн тиiстi қорғаумен қамтамасыз eту;
Орталықтың инфрақұрылымының, оның коммуналдық және құрылыстық әкімшілігін қолдау;
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимыл;
жоғарыда берiлген шаралардың орындалуын үйлестiру үшiн жауапты.
Орталықтың ұйымдарының Қазақстан Республикасы шаруашылық субъектiлерiмен кез келген мәселелер туындағанда, бiрiншiнiң мүдделерiн әкiмшiлiк орган ұсынатын болады.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндeгi уәкiлеттi орган (одан әрi - уәкiлеттi орган), тәуелсiз орган болады, орталық субъектiлерiнiң қызметiн бақылауға өкiлетті, оларды тіркеудi жүзеге асырады.
Уәкiлеттi органның:
орталықтың тұтастығымен ашықтығын, тиiмдiлігін қолдау және қамтамасыз ету;
орталық аумағында қызметiн жүзеге асыру үшiн рұқсат (тiркеу) бepу;
үздiк халықаралық заңнамалардың стандарттарына сәйкес келетiн нормативтi және реттеуiш кесiмдер әзiрлеу;
орталықта пайдаланушылар мен әлеуеттi пайдаланушылардың сенiмдiлігін қолдау және қамтамасыз ету;
орталықтың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, мысалы тәуекелдiк жүйенi минимизациялау жолымен;
орталықтың беделiн бүлдiруi мүмкiн бизнес жүргiзудiң алдын алу және болдырмау;
қаржы қызметтерiнiң жаңа түрлерiн дамыту мiндеттерi болады.
Қызметтiң негiзгi қағидаттары:
Алматы қаласын қаржы қызметтерi орталығы ретiнде бағыттандыруына жәрдемдесу,
Орталықтың бәсеке қабiлеттігiне жәрдемдесу және қолдау,
қорларды көбiрек тиiмдi түрде пайдалану,
оның көпшiлiк мойындаған корпорациялық басқарудың қағидаттарымен сәйкестiлiгi болады.
Уәкiлетті органның қызметiн қаржыландыру рынокқа қатысушылар алымдары есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Алымдардың мынадай түрлерi ерекшеленетiн болады:
заңда ұйғарылған функцияларды жүзеге асыруға қажеттi қаржыландырудың көп бөлiгiн қамтамасыз ететiн жыл сайынғы қадағалау алымы. Уәкiлеттi органның мұқтаждығынан сома жыл сайын қайта қаралады;
заңға сәйкес немесе уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес жекелеген өтiнiштердi өңдеу барысында пайда болатын шығыстардың көп бөлiгiн жабатын, қызмет көрсеткенi үшiн алынатын алым. Аталған алым лицензия алуға ниет бiлдiрушi фирмалардан алған өтінiштердi өңдеу құнын өзiне қосады. Бұл төлем қазiргі уәкiлеттi тұлғалар лицензияларына елеулi өзгерiстер алғысы келсе де алынады. Аталған алым рұқсат берiле ме немесе жоқпа оған қарамастан төленуi тиiс, бiрақ ол қалпына келтiрiлмейтiн болады;
жарналар төлеушiлердiң өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын және оларға арналған үлкен пайда, мысалы бизнестi беру реттеуiш қызметтерi бойынша жобалар үшiн алынатын алым.
Жыл сайынғы алымдардың жалпы сомасы орталықтың мұқтаждығына жұмсалады. Уәкiлеттi орган өзiндiк инвестициялық саясатына сәйкес өзiнiң уақытша бос қаржы қорларын инвестициялау құқығына ие болатын болады.
Алым бизнестiң көлемiне емес, қадағалауды жүзеге асыруға кеткен уақыт пен күш-жiгерге байланысты болады.
Уәкілетті органның қызметiнен түскен кiрiстерге салық салынбайтын болады.
Уәкiлетті органның қызметi жыл сайын "Үлкен төрттiк" қатарынан халықаралық аудиторлық ұйымдар тексеретiн болады.
Уәкiлетті орган ең соңғы инстанциядағы несие берушi болып табылмайды, қаржы ұйымы халсiз болғанда немесе орталықтың талаптарына сәйкес келмегенде оның лицензиясы қайтарып алынады.
Уәкiлеттi органның жұмысына банк, сақтандыру секторларында, бағалы қағаздар рыногында, шет мемлекеттердiң реттеуiш органдарында, консалтингтік компанияларда жұмыс iстеген, қаржы қызметтерiн көрсететiн саланың стратегиясын әзiрлеу бойынша консультациялар ұсынуға маманданған, тәжiрибелi халықаралық-мойындалған кәсiпқойлар тартылатын болады.
4. Орталық аумағындағы соттар.
Орталықтың аумағында аралық сот сипатын алатын және өзiнiң регламентiне сәйкес шаруашылық дауларды қарайтын арбитраждық сот құрылатын болады.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 тамыздағы N 883 қаулысымен енгiзiлген "Аралық соттар туралы" Заңының жобасы жатыр.
Аталған заңның жобасына сәйкес егер аралық соттың шешiмi белгiленген мерзiмде еркiмен орындалмаса, онда ол мәжбүрлеп орындатуға жатады. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату, аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуды құзiреттi сот берген атқарушы қағаз негiзiнде аралық соттың шешiмiн орындау сәтiнде әрекет етуші өндiрiстi атқарушының ережелерi бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, аралық сотпен белгiленген орындаушы қағазын беру туралы өтiнiштi қарау барысында тиiсiнше құзiреттi сот жағдаятты зерттеуге немесе аралық соттың шешiмiн мәнi бойынша қайта қарауға құқықты емес.
Аталған заң жобасы қабылданған соң Қазақстан Республикасындағы арбитраждың дамуындағы басты кедергi болып табылған - мемлекеттiң арбитраждық соттардың шешiмiн мойындау мәселесi шешілетiн болады.
Қажет болған жағдайда орталықтың аумағында Қазақстан Республикасының мамандандырылған экономикалық соты құрылатын болады.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Азаматтық процессуалды кодексi мамандандырылған ауданаралық соттардың болуын көздейдi. Сондықтан қаржы орталықтарында мамандандырылған экономикалық соттар құруға рұқсат беретiн Қазақстан Республикасы АПК-ға өзгерiстер енгiзу мүмкiн деп есептеймiз.
3.2.7. Орталықтың аумағындағы субъектiлердi тiркеу тәртiбi 1
Тiркеулердi рәсiмдеу максималды жеңiлдетiледi және еркiн экономикалық аймақтарда ұйымдарды тiркеудiң ең үздiк халықаралық тәжiрибелерiне сәйкес келетiн етiп әзiрленетiн болады.
Тiркеу уақыты алдын ала шарттарға байланысты, компаниялар бiр күнде тiркелуi мүмкiн.
Негізгі мiндеттерi мыналар болатын орталықтың әкiмшiлiк органы жанынан фронт-деск ұйымдастырылатын болады.
Орталық қызметiнiң негiзгі қағидаттарын түсiндiру,
оның органдарының қызметiн түсiндiру,
компаниялар мекемелерiнiң рәсiмiн түсіндіру,
орталықтағы қызметi үшiн қажетті құжаттар пакетiн дайындау мен толтыруға жәрдемдесу,
рекрутинг бойынша ақыл-кеңес, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен, сала өкiлдерiмен байланыс, заңды, бухгалтерлiк фирмаларды, басқа қосалқы фирмалармен қызметтердi және т.б. iрiктеу.
________________________
1 Осы ережелер қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу қағидаттары 3.2.9. бөлiмiнде де ескерiлдi.
Әкiмшiлiк органының офисiндегі, сондай-ақ орталықтың ресми вебсайтындағы қол жетiмдi таныстыру брошюралары мен егжей-тегжейлi жетекшiлiк аталған процестiң бөлiнбейтiн бөлiгі болады.
Ұйымдардың атаулары
Ұйымдардың атаулары латын алфавитiмен кез келген тiлде болуы мүмкiн. Бұл ретте, ұйымдардың атаулары лицензиясы жоқ қызметтiң түрiн қосатын болмауы керек, мысалы: ұйымдардың мынадай атаулары сәйкес келетiн лицензиялармен қамтамасыз етiлуi тиiс: Bank (банк), Loans (несие), Insurance (сақтандыру), Assurance (өмiрдi сақтандыру), Re-Insurance (қайта сақтандыру), Fund Menegement (қорларды басқару), Investment Fund (инвестициялық қорлар), Trust (траст), Trustees (сенiмдi тұлға), Сhаmber of Commerce (сауда палатасы) немесе қаржы секторымен қауымдастығын болжауды мүмкiн ететiн олардың басқа тiлдердегi эквивалентi немесе басқа тiлдегi әлде ағылшын тiлiндегi кез келген атау.
Атауларға қатысты шектеулер:
қазiргi және ұқсас атаулар сияқты кез келген атаулар
негiзгi халықаралық компаниялардың жазбаша рұқсатынсыз кез келген атау болады.
3.2.8. Орталықтың аумағындағы визалық режим және еңбек заңнамасы
Халықаралық қаржы орталығына келушi тұлғалар үшiн қолайлы визалық режим жасау мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:
халықаралық қаржы орталығына кiрушi тұлғалар үшiн 90 тәулiк мерзiмге дейiн орталық аумағында ғана жарамды визалардың жекелеген санаттарын енгiзу;
осы визаны алушы тұлғаларды консулдық алымнан және iшкi iстер органдарына тiркелуден босатуға мүмкiндiк беру;
экономикасы дамыған және саяси тұрақты елдердiң (Қазақстан Республикасының ҰҚК келiсу бойынша Қазақстан Республикасы IIM және СIМ айқындалатын Тiзбеге сәйкес) азаматтары үшiн шақыртусыз визаларды ресiмдеу мүмкiндiгін пысықтау, басқа жағдайларда орталық аумағында инкорпорацияланған ұйымдардың шақыртуы бойынша;
Иммиграциялық саясат либералды жағдайларда жүзеге асырылатын болады. Рұқсат алу процесiн жеңiлдету үшiн орталықта шетелдiк жұмысшы күштерiн тартуға рұқсат беретiн арнайы комитет құрылады, олардың қызметтерiне орталықтағы ұйымдар аса мұқтаж. Жұмысқа жедел кiрiсiп кетудi қажет ететiн өтiнiш берушiлер, олардың өтiнiштерi қараудан өткенше жұмыс iстеуге уақытша рұқсат алатын болады.
Мемлекет үшiн жоғары экономикалық тиiмділікке қол жеткiзу мақсатында тек ғана кәсiпқой санаттағы иммигранттарды тарту мүмкiндiгi қарастырылатын болады. Жұмыс icтeугe рұқсат алған иммигранттарға көпмәртелiк кiру визасы берiледi.
Орталықтың аумағында орналасқан ұйымдардың жұмыскерлерiне резиденттiк белгiлерiне қарамастан Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы таратылатын болады.
3.2.9. Қаржы ұйымдарының қызметiн қадағалау және реттеу қағидаттары
Қадағалау және реттеу саясатын әзiрлеуде Уәкiлетті орган басшылыққа алатын негiзгі қағидаттар:
реттеудiң жоғары стандарттары, сондай-ақ, шектен шықпайтын ретке келтiру,
инвесторлардың мүдделерiн қорғау мен қаржы рыногын дамытуға жәрдемдесу арасындағы рационалдық теңгерiммен келiсiлген және ашық реттеуiш режим.
Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге, орталық аумағында инкорпорацияланған қаржы ұйымдардың қызметін реттеу және қадағалауға бағытталған жекелеген нормалар мен ережелер енгізiлетiн болады. Аталған нормалардың мәнi, орталықтың қаржы ұйымдарын қаржы қызметтерi рыногына қол жеткiзуге шектеу келтiретін кез келген әрекеттер саласынан шығару, яғни қаржы ұйымдарына қатынасты шектеулер тек пруденциалдық сипатымен қорытындыланады. Аталған нормалар мынадай халықаралық қағидаттарға, Банктiк қадағалаудың түйiндi қағидаттары және Базель комитетiнiң басқа ұсыныстары, Халықаралық бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi комиссиясы ұйымының қағидаттары (IOSСО), сақтандырулық қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығының сақтандыру қадағалауы негiзгi қағидаттары (LАIS), Қаржы есептiлiктiң халықаралық стандарттары, FATF 40+8 қағидаттарына толық сәйкес келетiн болады.
Орталықтың қаржы ұйымдарының қызметiн реттеуге бағытталған заңнамалық кесiмдердiң нормалары мен ережелерi, үздiк халықаралық тәжiрибеге уақтылы сәйкес келтiру мақсатында және реттеу саясатының өзгермелi қажеттiлігін көрсету саласын кезеңмен қайта қарау болады.
Мейілінше ашық ету мақсатында нормативтік құқықтық база орталықтың ресми сайтында орналастыру жолымен орталық ұйымдарымен келiсулер және алдын ала таныстыру өтедi. Нормативтiк құқықтық қор ағылшын тiлiнде жарияланатын болады.
Қаржылық берiк қаржы ұйымдарын көбiрек тарту мақсатында оларды капиталдандыру бойынша, сондай-ақ, ең аз рейтинг бойынша ең аз талаптар белгiленедi.
Қаржы ұйымдарын лицензиялауда назарға алынатын негiзгi аспектiлер:
ұйымның заңдық мәртебесi және осы мәртебенiң реттеуiш салдары,
лицензия берушiнiң басқа ұйымдармен және юрисдикциялармен жақын байланысы,
иелену (жеке немесе корпорациялық),
реттеуiштiк тарих,
басшылық құрамның кәсiби және моралдық жарамдылығы (fit and proper test),
тәуекелдiктi басқару бойынша тиiстi жүйенiң болуы үшiн алғышарттар,
ақшаның жылыстауының алдын алу рәсiмдерi.
Қаржы ұйымдарының корпорациялық құжаттары, олардың ағылшын тiлiне аудармасы қамтамасыз етiлген деген шартпен кез келген тiлде болуы мүмкін.
Реттеудiң қағидаттары тәуекелдiктің бағалауына, қаржы ұйымының қызметiнiң мәнiне негiзделедi (risk based supervision). Осылай, дистанциялық қадағалауды iске асыру бойынша жетекшiлiк пруденциялды нормативтер қабылданатын болады.
Орталық аумағында құру рәсiмiн жеңiлдету мақсатында еншiлес ұйымдармен тең филиалдар қызмет етуге мүмкiндiк алады, оларды реттеуде уәкiлетті орган негiзiнен бастапқы елдiң уәкiлеттi органының реттеуiне сүйенетiн болады. Осыған байланысты, басқа юрисдикциялық уәкiлеттi органдармен ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы келiсiм қаржы рыногын қадағалаудың негiзгi элементтерiнiң бiрi болады.
Уәкiлеттi орган орталық аумағында инкорпорацияланған қаржы ұйымдарынан өзiнiң өкiлеттiгін жүзеге асыру үшiн қажеттi кез келген ақпаратты сұрай алады.
Орталық ашықтықты қамтамасыз ететiн және инвесторлардың құқығын қорғайтын, сондай-ақ, заңсыз ақша жылыстатудың алдын алу және терроризммен күреске бағытталған барлық халықаралық конвенцияларына қосылады.
3.2.10. Орталықтың аумағындағы тiлдер
Орталықтың аумағына мемлекеттік және орыс тiлдерiмен тең, үшiншi, ағылшын-жұмыс тiлiн енгiзу көзделуде.
3.2.11. Ақша бiрлігі
2007 жылға дейiнгi кезеңде орталық аумағында кең спектрде еркiн-айырбасталатын валюталар (қаржы ұйымының таңдауы бойынша) - AҚШ доллары, Eypo және т.б. деноминацияланатын болады.
3.2.12. Жеңiлдiктер мен преференциялар
1) Салық жүйесi
Орталық аумағындағы қолданыстағы салық режимi мынадай қағидаттарға жауап беретiн болады:
мемлекеттiң және орталық аумағында тiркелген ұйымдардың мүдделерiнiң теңгерiмiн сақтау;
орталық аумағында тiркелген ұйымдардың салық мiндеттемелерi орталықты ұстауға жұмсалатын қаражат көлемiмен салыстырмалы болуы тиiс.
Салық режимiнiң мынадай екi нұсқасы болуы мүмкiн:
1. Орталық аумағында тiркелген және қызметтерiн жүргiзушi ұйымдарды мүлiктен және кiрiстен алынатын салықтардан толық босату режимiн қатар қолданумен орталықтың инфрақұрылымдарын пайдаланғаны үшiн оның пайдаланушыларынан алып қойылатын тiркелген төлем белгілеу.
2. Кейiннен қандай да бiр салықтарды толық алып тастай отырып немесе керiсiнше, орталық аумағында тiркелген және қызметiн жүргізетiн ұйымдарға табыс және мүлiк салықтарының төмендетiлген ставкаларын қолдану.
Салық салу тетiгi Орталық аумағында инкорпорацияланған субъектілерге салықтық тексерiс жүргізуге тыйым салатын нормаларды қамтуы тиiс. Қаржы ұйымдарының жыл сайынғы аудитiн көздеу қажет. Салық органдары салық заңнамасын сақтау жөнiндегі салықтық тексерiстердi аудиторлық есептердi тексеру арқылы жүзеге асырады. Бұдан басқа, қосарланған салық салуды болдырмау туралы мемлекетаралық келiсiмдердi жасасу орынды. Орталық компаниялары төлейтiн сыйақы бойынша табыс салығын төлем көзiнен ұстамау қажет. Орталық аумағындағы құрылыс жобаларына инвестициялау, инфрақұрылымды қолдау үшiн, сондай-ақ халықаралық консультанттарды, тәуелсiз судьяларды Аралық сотқа тартумен байланысты шығыстарды төлеу үшiн пайдаланылатын бюджеттен тыс арнайы қор құру мүмкiндiгiн қарау ұсынылып отыр. Бұл қорды Орталық аумағында алынған барлық алымдар мен салықтар есебiнен қалыптастыруға болады. Инфрақұрылым салуды аяқтағаннан кейiн қорға тек алымдарды ғана жiберген жөн.
2) Валюталық бақылау
Қызметiн Орталық аумағында жүзеге асыруға лицензиясы бар барлық компанияларға валюталық заңнаманың жекелеген нормалары қолданылмайды. Бұдан басқа, валюталық бақылаудың оңайлатылған жүйесi жұмыс iстейтiн болады. Резидент еместермен және резидент еместердiң пайдасына жасалатын операцияларға қатысты ғана Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарынан ауытқулар көзделетiн болады.
Орталықта жұмыс iстейтiн лицензияланған барлық қаржы ұйымдары резидент еместермен де, Орталықтың лицензияланған басқа қаржы ұйымдарымен де операцияларды шетелдiк валютада еркiн жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасы қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы негізiнде Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2004 жылғы 25 маусымда N 705 қаулысымен қабылданған Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007 жылға арналған бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы негізiнде 2007 жылға қарай валюталық операцияларға қатысты жекелеген шектеулердi алып тастауды айқындайтын валюталық қатынастарды ырықтандыру күтiлуде, яғни теңгенiң толық айырбасталуы қамтамасыз етiледi.
3.3. "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне Алматы қаласындағы халықаралық (өңiрлiк) қаржы орталығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң
Аталған Заң мынадай Қазақстан Республикасы заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар қарастыруы тиiс:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi .
2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi).
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық-iс жүргiзу кодексi .
4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi .
5. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңы .
6. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы .
7. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы .
8. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы .
9. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы .
10. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы .
11. "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы .
12. "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы .
13. "Валюталық peттeу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы .
14. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы .
15. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы .
16. "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексі
4. Орталықтың инфрақұрылымын дамыту
Алматыда қаржы институттары мен олардың клиенттерi үшiн жұмыс пен өмiрге қолайлы жағдай жасау Халықаралық қаржы орталығын құру идеясын табысты iске асырудың басым артылықшылық жағдайлардың бiрi болып табылады.
Орталық бизнес жүргiзетiн қолайлы орын ретiнде ғана қабылданбауы керек, ол және Алматы ойын-сауық пен демалыс үшін мүмкiндiктiң максималды кең спектрін өзiнiң тұрғындарына ұсынатын, қалаға тұрақты және уақытша келгендерге жағымды қабылдануы керек.
Бұл мiндеттердi шешу үшiн:
1) әуе компанияларының ұшу бағыттарының "географиялық" кеңеюiн, сондай-ақ, Алматы әуежайы халықаралық терминалының кеңеюiн қоса Орталық Азия өңiрi елдерiмен байланыстыратын көлiк желiсi құрылатын және жұмыс iстейтiн;
2) Алматы-Бiшкек, Алматы-Хоргос, Алматы-Ыстықкөл, автомобиль жолдары, оларды жоғары жылдамтықтыға (мүмкiн ақылы) және жайғастырылған үлгiдегi магистралға айналдырылып, қайта құрылатын;
3) баламалы құрылымдардың сервис деңгейi мен қызметiн ұйымдастырудың қазiргі шетелдiк тәжiрибесiне бағдарланған - Алматының темiр жол және автовокзал көлiк тораптары қайта құрылатын;
4) Алматы автожолдары жайғастырылған қалыпқа келтiрiлген және қалалық қоғамдық көлiк жүйесi жаңғыртылатын;
5) соңғы техникалық жетiстiктерге жауап беретін байланыстың телекоммуникациялық және пошта байланысы қызметтерiнiң дамуына жәрдем көрсетiлетiн;
6) халықтың қолма-қол ақшаға қажеттiлігіне өз уақытында және толықтай қызмет көрсету, соның iшiнде, банкоматтар желiсiнiң кеңеюi мен үзiлiссiз қызметтi қамтамасыз етiлетiн;
7) әуе және темiр жол көлiгі салаларында, телекоммуникация және басқа салаларда "бизнес-сынып" (жоғарғы сапа) қызметтерiн ұсынуды дамытатын;
8) Алматы ландшафты мен қалыптасқан сәулет үлгiсiн қолдауды бақылау жүзеге асырылатын;
9) Алматыда экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi барлық қажеттi шаралар қабылданатын;
10) Алматыға жақын немесе iшiнде орналасқан табиғат объектiлерi, ең алдымен, Медеу, Шымбұлақ, Үлкен Алматы шатқалы, Алматы арқылы ағып өтетiн өзендерге тұрақты тазарту жүргiзiлетiн;
11) ойын-сауық пен демалыстың түрлi нысандарын құрумен дамыту үшiн жеке кәсiпкерлiктi қолдайтын;
12) сервис орталықтарын, қосалқы қызметтер, қызмет көрсету саласын және т.б. құруға жәрдем көрсетiлетiн болады.
Қоғамдық қауiпсiздiктiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету мынадай шаралардың орындалуын бiлдiредi:
1) "электронды үкiмет" жүйесiн енгiзу;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жалғастыру;
3) оларды бiрiншi кезекте қылмыстар мен қоғамдық тәртiптiң бұзылуының алдын алуға, Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауiпсiздігі мен азаматтық құқықтарының жан-жақты сақталуын мүлтiксіз қамтамасыз етуге бағдарлай отырып, полиция мен жол полициясы жұмысының басымдықтарын түбегейлi қайта қарау;
4) түнгi уақытта қала көшелерi мен аумақтарын жеткiлiктi жарықтандыруды қамтамасыз ету;
5) қайыршылық пен қайыр сұраушылықты, оның iшiнде бұрын пайдаланылған заттарды жинау пункттерi мен қайырымдылық асханаларын ашу арқылы жою;
6) шетел азаматтарының келуiнiң және тiркелуiнiң оңайлатылған рәсiмдерiн енгізу;
7) Алматы әуежайы қызметiнiң, сондай-ақ Алматы әуежайында жұмыс iстейтiн кеден және шекара қызметтерiнiң мәдениетiн көтеру.
5. Өзге де шарттар
Халықаралық қаржы орталығын құру жобасын табысты iске асырудың негізгі шарттарының бiрi мемлекет есебiнен қаржыландырылатын промоушен және маркетинг болады.
Орталықтық қызметi мен құрылымы туралы толық ақпарат, байланыс ақпараты (телефон, мекен-жай) көрсетiлген Орталықтың ресми сайтында қол жетiмдi болады. Оны танымалдылығын көтеру мақсатында брошюралар негiзгi ұйымдарға-әріптестерге, басқа қаржы орталықтарына елшiлiктерге, консулдықтарға, шет елдердегі Қазақстан Республикасы сауда палаталарына, шет мемлекеттердiң уәкілеттi органдарына жолданады.
Орталық веб-сайты пайдаланушылар үшiн қолайлы болады (user friendly).
Қосымшалар
Дубаи қаласының халықаралық қаржы орталығы (Dubai International Ғinаnсiаl Center)
Соңғы 7 жылда XIӨ-нiң орташа жылдық өсуi 6%-дан асып түсті, ал 2002 жылы 7,5%-ды құрады. Бұл ретте "экономикалық ғажайыптың" дамуында мұнайдың рөлі ұдайы төмендеп 1985 жылғы елу пайыздан сәл ғана кем болса 1993 жылы 24%-ға дейін және 2002 жылы 7%-ға дейiн азайып отырды. 2010 жылы мұнайдың экономикадағы үлесі ЖIӨ-нiң 1%-нан кем болады деп күтiлуде.
Сонымен бiрге, Дубаи халықаралық қаржы қызметтерінің тез дамушы орталығы болып табылады. Әмiрлiктiң қаржы қызметтерi индустриясы кеңею үстiнде, және 1990 жылдан бастап 2000 жылға дейiнгi аралықта оның жылдық өсуi 12%-дан астам болды. Аталған секторды Дубаи Үкiметi даму үшін негiзгі сектор ретiнде белгiледi және халықаралық қаржы орталығын (DIFC) құру жолымен қала ЖIӨ-нiң 10%-нан 20%-ына дейiн өсуi күтілуде.
DIFC құрылуы стратегиялық тұрғыдан жоспарланған және ол Даму жөнiндегi орган (Dubai Development and Investment Authority) жүзеге асыратын жобалардың бiрi болып табылады. Дубаидың әртүрлi бағыттарда еркiн аймақтар құрудағы ауқымды тәжiрибесiн атап айту қажет. Мысалы, қазiргi уақытта қала аумағында 15-ке дейін әртүрлi аймақтар бар (Internet City, Media City, Jebel Аlі Free zone, E-mirsal, Dubai Airport Free Zопе және т.б.).
DIFC құрудағы негiзгi мақсат экономиканы мұнай секторынан одан әрі әртараптандыру, БАӘ үкiметi көздеген елдiң cу, энергетика, көлiк секторларындағы жекешелендiруге, өңiрде жоспарланып отырған жекешелендiруге (барлығы 90-нан астам жекешелендiру объектісi) қолайлы жағдайлар жасау болды. Бұл ретте, жекешелендiрудiң мақсаты қаражат түсiмi емес, бiрақ дербес прецедент құру болып табылады. Барлық мемлекеттiк компаниялар табысты және мұны қажет етпейдi де.
Ұйғарылып отырған негізгi капитал көздерi: Нью-Йорк, Гонконг қаржы орталықтары және т.б. қаржы орталықтары тартқан Парсы шығанағы елдерінің капиталы, Үндi субқұрлығы, Каспий өңiрi, Солтүстік және Шығыс Африка, Қытай елдерінің капиталы және Ислам қағидаттарына сай келетiн қаржы қызметтерi рыногы (қазiргі уақытта бұл рынок 200 млрд. АҚШ долл. астам деп бағалануда, келесi 10 жыл iшiнде 12-ден 15%-ға дейiн жылдық өсуi мүмкін).
Үш жылдан астам уақыт бұрын жалпы өңiрде мұндай орталық құрудың экономикалық орнықтылығын растау мақсатында оның кейіннен жемiстi қызмет ету мүмкiндігі туралы зерттеу жүргізу үшiн MacKenzie & Company фирмасының үздік консультанттары шақырылған болатын. Көршi мемлекеттердiң қаржы институттарының, үкiметтерiнiң басым көпшiлiгiнiң пiкiрi зерттелдi.
2002 жылғы ақпанда Лондон және Гонконг халықаралық қаржы орталықтары арасындағы бос кеңiстiктердi (сағаттық белдеулердi) толтыруға қабiлеттi DIFC құру ниетi туралы жарияланды. DIFC Дубаи қаласының үкiметтiк ұйымы болып табылады және Дубаи федералды декретi мен Заңына сәйкес құрылды. Тұтастай алғанда DIFC-тың көптеген мәселелерi өте тез шешіледi, DIFC-тың жылдам салынуы мен дамуында үлкен жетiстiктер Дубаи қаласы Шейхiнiң жекелей қызығушылығының арқасында, сондай-ақ федералды Yкiметтiң қолдауы арқасында деп белгiленген.
Дубаи Үкiметi DIFC-ты құру мен дамытуға 2 млрд. АҚШ долл. бөлдi, соманың жартысына жуығы жер құнына (100 акрге жуық) келедi.
Нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеу процесi төрт кезеңге бөлiндi:
1) БАӘ-дегi еркiн қаржы аймақтарының тұжырымдамасын (14.07.03 ж. қабылданды) жасауға және аймақ аумағында азаматтық және коммерциялық құқықты жоюды жүзеге асыруға, сондай-ақ DIFC-ты құру туралы БАӘ-нiң федералды декретiн (07.09.04 ж. қабылданды) әзiрлеуге мүмкiндiк беретiн БАӘ-нiң федералды заңын әзiрлеу.
2) Дубаи қаржы қызметтерi жөнiндегі уәкiлеттi орган (DFSA) құру туралы декретi және басқа негiзгi ұйымдар.
3) DIFC-тың реттеуiш және заңдық базасын әзiрлеу.
4) реттеушi жүйенi аяқтау үшiн (аяқтау процесiнде) DFSA-ның кiшi заңдық нормативтiк құқықтық актілерi.
Дәл сол кезде DFSA-ны басқаруға банктiк, сақтандыру, және басқа қаржы секторларында, бағалы қағаздар рыногында, реттеуiш органдарда жұмыс тәжiрибесi бар халықаралық мойындалған кәсiпқойлар командасы шақырылды. Осы команданың негiзгi мақсаты болып федералды заңнамаға және DIFC аумағында қаржы қызметтерi жұмысын peттeу мен қадағалау жөнiндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тиiстi өзгертулерiн әзiрлеу саналды.
Өткен жылдың аяғында елдiң басқарушылық құрамындағы ұзақ талқылаулардан кейiн елдiң Конституциясына өзгертулер мақұлданды, оларға сәйкес DIFC аумағында федералды қылмыстық құқық қана таратылады, ал DIFC-тың азаматтық және коммерциялық заңнамалары бөлек болады. Тек DIFC-қа арналған заңнаманы әзiрлеу мақсатында өзiне тән заңнамалық "вакуум" құрылды.
DIFC-тың негiзгi қағидаттары болып: тұтастық, ашықтық және қарапайымдылық, бұл керексiз бюрократиялық рәсiмдердi болдырмауды және қаржы ұйымдарымен және кәсiби кеңесшiлермен кеңестiң нәтижесi болып табылған заңнаманы болжайды. DIFC жағымды инвестициялық ахуалды мынадай жағдайларды ұсыну жолымен құруды көздейдi:
100%-дық шетелдiк иелену мүмкiндiгi;
салықтардың (корпорациялық және жеке) болмауы;
қандай-да бiр валюталық бақылаудың болмауы;
өзiне ұқсасы жоқ операциялық қолдау: қазiргі заманға сай кеңселер, қазiргi заманға сай технология, ақпаратты қорғау, business continuity facilities;
өзінe бiрдей болмайтын қауiпсiздiктi басқару.
Сонымен бiрге, сонымен DIFC аумағында компанияның нақты қатысу қажеттiлiгiн және DIFC аумағында операциялар орындалуын көздей отырып, Гонконг, Лондон және Нью-Йорк сияқты DIFC "оншорлық". АҚШ доллары DIFC-тың ресми валютасы болып табылады.
DIFC-тың Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық орналасуы оған капиталдың нетто экспортшылары болып табылатын (рынок триллион доллардан астам деп бағалануда) Парсы шығанағы, Yндi субконтиненті, Каспий өңiрi, Солтүстiк және Шығыс Африка, Қытай елдерiне бағытталуға мүмкiндiк бередi.
DIFC жергiлiктi бизнеске бағытталмаған, 200-ге дейiн тек халықаралық мультиұлттық қаржы ұйымдарын және дәулетті жеке тұлғаларын тарту жоспарлануда (High Net Worth Individuals - инвестициясымен 1 млн. AҚШ долл. астам). Қазiргі таңда 100-ге жуық компаниялар өз қатысуын растады (2004 жылғы қыркүйектегi жағдай бойынша 3 компанияға лицензия берілген), одан басқа, Credit Suisse, Deutche Bank, Julius Baer. Осымен бiрге, DIFC қандай да бiр маркетингтi жұмыс өткiзбейдi, тек reactive business көзделдi. Бұдан басқа, қандай да бiр "бөлшектiк бизнессіз", тек "көтерме бизнес" өткізілетін болады.
Қазіргi таңда қандай да бiр инфрақұрылымның DIFC аумағында болмауымен байланысты лицензия берiлгеннен кейін 4 жыл iшiнде ұйымдар Дубаи қаласының аумағында болу құқығы бар.
Дублин қаласының халықаралық қаржы орталығы (International Ғinаnсiаl Services Center)
Ирландия Еуропалық экономикалық қауымдастыққа (European Есоnоmiс Community) 1973 жылғы 1 қаңтарда қосылды.
1980-шi жылдары:
1) белсендi еңбек қоныс аударуы жағдайында жұмыссыздық деңгейi 17%-дық ең көп деңгейге жеттi (көбiнесе жастар, мысалы жыл сайын Ұлыбританияға 40 мыңға жуық адам қоныс аударды);
2) өндiрiстiң тұралауы;
3) бюджеттiк тапшылық ЖIӨ-нiң 12%-ан асты.
Халықаралық қаржы орталығы тұжырымдамасының бiрiншi жобасын 1980-шi жылдардың ортасында Дермот Дезмонд (Dermot Desmond) жазды, содан кейiн оның негізгi ережелерi 1987 жылы Премьер-Министр болған Чарльз Хогидiң (Charles Haughey) жетекшiлігіндегi партияның сайлау алдындағы бағдарламасына ендi. Осы жылғы сәуiрде IFSC комитетi құрылды, тіпті оның мүшелерi арасында орталық идеясының өзіне қатысты скептикалық ниеттілер көп болды. Оған қарамастан, саяси шешiмді Премьер-Министр қабылдады.
Нәтижесiнде, IFSC тұрақты және белсендi қаржы орталығы ретiнде құрылды, ол:
1) жақсы білімi бар жас еңбек ресурстары үшін тұрақты сапалы жұмыспен қамтылуын генерациялауға қабiлеттi;
2) Дублиннiң депрессивтi ауданының - Custom House Docks жаңғыруы және қалпына келтiруiне көмектесе алады.
Еуропалық комиссия жұмыспен қамтуды ынталандыру үшiн ерекше шара ретiндегi мемлекеттiк көмек жөнiндегі EO ережесiне сәйкес, Ирландиядағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейiн, EO-ның басқа елдерiмен салыстырғанда дамуы артта қалғанын және жас тұрғындардың жоғары үлесiн ескере IFSC-тың арнайы режимiн мақұлдады.
Ирландия тәжiрибесiнiң тарихындағы салықтық преференциялар саласында мынаны атап өткен жөн:
1) 1956 жылы экспортталатын өндiрiлген тауарлар бойынша пайда үшiн корпорациялық табыс салығының нөлдiк ставкасы енгiзiлдi, мысалы "ехроrt sales relief";
2) 1980 жылы оны Ирландияда өндiрiлген тауарларды (олар экспортталғанына байланысты емес) сатудан түскен кiрiс үшiн корпорациялық табыс салығының 10%-дық (ол кезеңде стандартты ставкасы 50% болды) ставкасымен ауыстырды. Бұл режим сондай-ақ Шэннон (Shannon Airport Zone) әуежайы аймағында тiркелген қызмет көрсету саласындағы (оның iшiнде қаржылық) компанияларға қатысты қолданылды;
3) өз кезегiнде, 1987 жылғы шiлдеде 1987 Finance Act сәйкес нақ осы режим IFSC-та тiркелген қаржы ұйымдарына таратылды.
Салық салудың жоғарыда баяндалған режимi компанияға тарауы үшiн, оны Қаржы министрлiгi (Departament of Finance) сертификаттауы керек. "Салықтар туралы" Ирландия Заңына сәйкес сертификат алу үшiн операцияларға қойылатын негізгі талаптар:
1) олардың заңнамада белгiленген қаржы қызметтерi анықтамасына сәйкестігі;
2) оларды резидент еместер резидент еместердiң пайдасына жасауы тиiстiгі;
3) жұмыспен қамтуды және экономиканың қосылған құнын шоғырландыру жолымен олардың IFSC-тың дамуына ықпал етуi тиiстiгi;
4) оларды көрсететiн компаниялардың IFSC-тың аумағында орналасуға тиiстiгi болып табылады.
Корпорациялық салықтың 10%-дық ставкасынан басқа салықтық режим қосарланған салық салуды болдырмау туралы мемлекетаралық шарттардың ауқымды желісiнiң (38 шарт) көмегімен қалыптасты, бұл IFSC клиенттepi үшiн және IFSC компаниялары төлейтiн сыйақы бойынша төлем көзiнен табыс салығының ұсталмағаны үшiн өте маңызды. Бұдан басқа, IFSC құрылысының алғашқы жылдары Custom House Docks ауданын дамытуды ынталандыру мақсатында салықтық ынталандырулар қолданылды (табыс салығы бойынша IFSC-та үй-жайларды жалға алғаны үшiн екi еселенген төлем мөлшерiндегi табыс салығы бойынша шегерiмдер, мүлiк салығынан босату, құрылыс құнына шегерiмдер).
Қаржы секторы өкiлдерiнiң пiкiрi бойынша (Dublin Funds Industry Association Financial Services Ireland) операцияларды IFSC-ке ауыстыру үшiн басты ынталандыру болғаны рас салықтық себептерден басқа кешендi түрде соңында IFSC-ты қаржы секторы үшiн өте тартымды еткен Ирландияның және IFSC-тың бiрнеше бәсекелiк артықшылықтарын атап өтуге болады:
1) тиiмдi және бiлiктi реттеуiш режим. Ирландияны реттеу EO директиваларына негiзделген, сонымен бiрге неғұрлым күрделi қаржы өнiмдерiн енгiзу және дамыту мақсатты түрде ынталандырысуда (мысалы, бастапқы сатыда - инвестициялық қорлар, қазiр - деривативтер). 2003 жылғы 1 мамырдан бастап бiрыңғай қаржы реттеуiшi - Irish Ғinаnсiаl Services Regulatory Authority жұмыс iстейдi. IFSC-та тiркелетiн қаржы компанияларын лицензиялау және қадағалау жалпы ортақ тәртiппен жүзеге асырылды, барлық айырықша талаптарды Қаржы министрлiгi қойды;
2) жоғары бiлiктi персоналдың болуы. IFSC компаниясының бiрiншi қызметкерлері кешегі еңбек эммигранттары - бұрын АҚШ пен Ұлыбританияның қаржы ұйымдарында жұмыс iстеген ирландиялықтар болды;
3) ағылшын тілдi халық. Ирландиялықтардың тек 42%-ы ғана шамамен ирланд тiлiнде сөйлейдi;
4) еуропалық рыноктарға қол жетiмдiлiк. EO заңнамасын конвергенциялау процесі нәтижесiнде Ирландияда лицензия алған қаржы компаниялары бүкiл EО аумағында қаржы қызметтерiн көрсетуге құқылы болды;
5) дамыған инфрақұрылым (телекоммуникация, ақпараттық технологиялар, бiлiктi бухгалтерлер, заңгерлер, АТ жөнiндегi мамандар);
6) 1980 және 90 жылдар iшiндегі өнiмнiң салыстырмалы төмен (АҚШ және ЕО елдерiмен салыстырғанда) өзiндiк құны.
Құрылыстық әкiмшілендiрудi қоса алғанда, коммуналдық, әкiмшiлендiру үшiн 1987 жылы Dublin Docklands Development Authority-дeгi арнайы заңға сәйкес 2001 жылғы қаңтарда қайта ұйымдастырылған Custom House Docks Development Company Ltd құрылды. IFSC-тың бiрiншi кезегін ақысына салуды (11 Га-ға жуық тендер бойынша) британ-ирландия консорциумы ұтып алды, кейіннен жоғарыда көрсетiлген компаниямен бiрге БК құрылды, ол өзiнiң балансына мемлекет жер түрiнде берген жарғылық капиталының бөлiгiн қосты. БК ғимараттарды сатқаннан кейiн, компания мемлекетке жер құнын өтедi (1987 жылдан бастап IFSC аумағындағы жердiң 1 Га құны 20 есе өстi және бағалау бойынша 20 млн. еуроны құрады). Бұдан басқа, аса iрi ирландиялық банктер, мысалы AIB, алғашқы құрылысшылардың бiрі болды.
IFSC-тiң дамуындағы Ирландия дамуы жөнiндегi агенттігінiң (Irеlаnd Development Authority) рөлiн қайта бағалау да қиын. IFSC-тiң промоушенi және маркетингi жөнiндегі жұмысын негізiнен осы агенттiк жүзеге асырды. IDA - мемлекет қаржыландыратын автономды агенттік, оның функциялары:
1) экономиканы дамыту және жұмыс орындарын құру үшін шетелдiк компанияларды тарту (бұл функцияны іске асыру үшiн шетелде 14 өкiлдiк құрылды);
2) тартылған компаниялармен жұмыс (рекрутинг, өндiрiстi орналастыру, мемлекеттiк органдармен, сала өкiлдерiмен байланыс, заңдық, бухгалтерлiк, басқа көмекшi фирмаларды және қызметтердi iрiктеу жөнiндегi консультациялар және т.б.);
3) өңiрлiк дамуды ынталандыру (Дублиннен тысқары жұмыс орындарын құрушы компанияларға бір жұмыс орны үшiн 6-7 мыңға жуық eypo төленедi) болып табылады.
Сонымен бiрге, қаржы секторы басымды индустрияның бiрi ғана болып табылады. Сондай-ақ Ирландия мынадай секторларға басымдылық бередi:
1) АТ және электроника;
2) фармацевтика;
3) медициналық жабдық шығару.
IDA тартқан 1237 компания 138 мың жұмыс орнын құрғаны IDA қызметiнiң нәтижесi болып саналды, бұл компаниялардың пайдасы 52,7 млрд. eуpo құрайды, олар 80%-дан астам өндiрiстiк экспортты және 35%-дан астам ЖІӨ өндiрдi.
Қазiргі таңда:
1) IFSC-та қаржы қызметкерлерi үшiн 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, одан басқа тағы 40 мыңға жуық жұмыс орны жанама құрылды (бэк-офистер, сервис орталықтары, қосалқы қызметтер, қызмет ету саласы және т.б.);
2) орталықтандырылған корпорациялық басқару үшiн IFSC жетекшi орталыққа айналды (Соса-Соlа, McDonald's BMW және басқалары ұсынылды, барлығы 73 корпорациялық қазынашылық және 316 басқарылатын қазынашылық);
3) IFSC авиациялық лизинг бойынша жетекші орталық болып табылады;
4) IFSC-та аса iрi 50 әлемдiк банктің жартысы және 20 аса iрi сақтандыру компаниялар ұсынылған;
5) инвестициялық қорлар активтерiнiң 440 млрд. eуpoғa жуығы басқарылады (IFSC-тың 50%-ға жуық жұмыс орындары, 43 инвестициялық қорлар әкімшісі, 23 кастодиан, 3 мыңнан астам инвестициялық қорлар тартылған);
6) шетелдiк банктердiң активтерi шамамен 214 млрд. eуpo құрайды (120 банк және кредиттiк беру ұйымдар);
7) алынған сақтандыру сыйлықақылары 10 млрд. eуpo және өмiрдi сақтандыру жөнiндегі шетелдiк сыйлықақылары 5,6 млрд. еуро құрайды (33 өмiрдi сақтандыру жөнiндегі халықаралық компания, 45 сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары, 183 кэптивтi сақтандыру компаниялары);
8) IFSC-тiң қаржы компанияларының корпорациялық табыс салығы 2002 жылы 705 млн. eуpo немесе Ирландияның жиынтық корпорациялық табыс салығының 15%-ын (1989 жылы 4,7 млн. еуромен салыстырғанда) құрады;
9) IFSC аумағы үйлесiмдi инфрақұрылымы бар (184 мың м 2 кеңсе, 1,5 мың пәтер) Дублиннiң қазiргі заманғы бiрнеше кварталдарынан (22 Га) тұрады.
1998 жылы EO комиссиясы, арнайы режимдi белгілеу мақсаттарына қол жеткiзiлгендiгiн негiзге ала отырып IFSC үшін арнайы режимге өз рұқсатын қайта қарады. Еурокомиссия мен Ирландия арасындағы өтпелi ереже жөнiндегі келiсiмде Қаржы департаментiнiң сертификатын 1998 жылғы 31 шiлдеге дейін алған компанияларға 2005 жылдың аяғына дейiн корпорациялық табыс салығы 10%-дық ставкасы бойынша салынады деп белгiлендi, 1998 жылғы 31 шiлдеден кейiн сертификатталған компаниялардың пайдасына 2002 жылдың аяғына дейiн 10%-дық ставка бойынша салық салынды, бұл ретте бiрде бір компания 2000 жылғы 1 қаңтардан кейiн сертификат ала алмады.
Сонымен бiрге, IFSC режимін алып тастаумен байланысты Ирландия Yкiметi 1997 жылы экономиканың барлық секторларына сауда (белсендi) операцияларынан алынатын пайда бойынша 12,5% деңгейіндегі корпорациялық салықтың бiрыңғай ставкасына жылжу туралы шешiм қабылдады. 25%-дық ставка саудадан тыс пассивтi қызмет бойынша алынатын пайдаға қолданылатын болады (мысалы, қайта бағалау жөнiндегі кiрiстер). Қабылданған шешiмге байланысты стандартты корпорациялық табыс салығының ставкасы 1998 жылғы 32%-дан 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап бiртiндеп 12,5%-ға дейiн төмендедi. Корпорациялық табыс салығының жаңа ставкасын EO бекiтті және ол толығымен Ирландияның халықаралық мiндеттемелерiне толық сәйкес келедi.
Осылайша, IFSC үшін арнайы режимдi алып тастау (өйткенi бұрын алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзiлдi) іс жүзiнде IFSC компаниялары мен Ирландияда тiркелген компаниялар арасындағы барлық айырмашылықтарды жойды. Қазiргi уақытта Ирландия үшін IFSC мәселесi өзектi емес, барлық мiндеттер Ирландияның барлық қаржы секторына қатысты қалыптасады.
Лабуан қаласының халықаралық оффшорлы қаржы орталығы (Lаbиаn International Offshore Ғinаnсiаl Center)
Малайзия ұзақ уақыт бойы әсiресе оның экономикалық өсуiнiң негiзгi бағыты болып табылатын өндiрiстiк секторда шетелдiк инвестицияларды тартуда. Осындай саясатты жүргiзе отырып, жергілiктi және шетелдiк инвесторларды тарту үшiн Малайзия табыс салығын салған кездегі шегерiмдер, және салық салған кездегі арзандатулар мен басқада жеңiлдiктер түрiнде бірқатар салықтық шегерiмдердi ұсынады.
Малайзияның инвестициялық орталық ретiндегi тартымдылығын арттыру үшiн үкiмет 1990 жылғы 1 қазанда Лабуанның федералды аумағының шегiнде Халықаралық оффшорлы қаржы орталығын (IОҒС) құрды.
Лабуандық IOFC-ты құру Малайзияның салық режимiне тағы бiр еркiндiк дәрежесiн береді. Лабуандық IOFC елдiң қаржы жүйесiн Куала Лумпурдағы орталықпен толықтырады және Малайзияның жалпы ұлттық өнiмiне қаржы секторының үлесiн күшейтедi.
Лабуанда IOFC-ты табысты дамуы үшiн барлық қажеттi алғышарттар бар: саяси тұрақтылық, ең аз валюталық бақылауы бар тұрақты валюта, банк қызметінiң құпия және құпиялы, сондай-ақ барынша аз ереже мен нұсқаулар, басқа қаржы орталықтарымен жақсы байланысты және жоғары бiлiктi әрi тәжiрибелi жұмыс күшiн қамтитын жақсы инфрақұрылым.
Лабуан аралы 92 км 2 аумақты алып жатыр, халқы 60 000 адамды құрайды. Ол арқылы АСЕАНдық өңiрдiң негізгі теңiз және әуе жолдары өтедi, арал Бангкоктан, Гонконгтан, Джакартадан, Куала Лумпурдан, Маниладан, және Сингапурдан бiрдей қашықтықта орналасқан. Ол ешқандай сатуға салықтар, қосымша салықтар, акциздiк алымдар, экспорттық және импорттық баждар жоқ еркiн порт болып табылады. Алайда мұнай мен мұнай өнiмдерiне салынатын баждар бар.
Малайзия үкiметi Лабуанның инфрақұрылымын жақсарту әрi жетiлдiру Токио, Гонконг, Сингапур сияқты негiзгi қаржы және экономикалық орталықтардан оған қол жетiмдiлiктi арттыру үшiн күш жұмсалуда.
Малайзия үкiметi Лабуан федералды аумағындағы IOFC-ты дамытумен белсендi түрде айналысады. Мынадай қызмет түрлерiне ең жақсы жағдайлар жасалып жатыр және оларға Лабуан IOFC-да жеңiлдiктi салық салынатын болады:
1. Оффшорлы банк операциялары;
2. Трасттарды және қорларды басқару;
3. Оффшорлы сақтандыру және оффшорлы сақтандырумен байланысты және бизнес;
4. Оффшорлы инвестициялық холдинг компаниялары.
IОҒС-тың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi алғышарттарды жасау үшiн 1990 жылғы маусымда парламент бес жаңа заң және қолданыстағы бiр заңға өзгерiс қабылдады. Бұл мынадай заңдар:
1) Оффшорлы компаниялар туралы 1990 жылғы Заң,
2) Лабуандық трасттық компаниялар туралы 1990 жылғы Заң,
3) Оффшорлы банк қызметi туралы 1990 жылғы Заң,
4) Оффшорлы сақтандыру туралы 1990 жылғы Заң,
5) Лабуанда оффшорлы кәсiпкерлiк қызметке салық салу туралы 1990 жылғы Заң,
6) Табыс салығы туралы 1990 жылғы (өзгертiлген) Заң.
Жоғарыда көрсетілген заңдар 1990 жылғы 1 қазанда күшiне ендi.
Бұл заңдар мен оларға өзгерiстер мына ерекшеліктердi қамтамасыз ету үшін қабылданды:
1) ереже мен нұсқаулардың аз болуы
Лабуан басқада белгілi IОҒС-тармен бәсекелесе алуы үшiн заңдар барынша ережелермен және нұсқаулармен сонымен қатар қажеттi заңнамалық базаны қамтамасыз ететіндей етiп қарапайым болып жасалды.
2) құпияны және құпиялылықты қамтамасыз ету.
Әдетте Малайзия банк қызметiнiң толық құпиялығына кепiлдiк беретiн заңдарды қабылдамайтынын атап кеткен маңызды. Бiрақ, Лабуан IOFC-на қатысты өз бизнесiн және қаржы жағдайын құпия сақтағысы келген клиенттер үшiн заңнамалық негiз құру үшiн Малайзия құпиялылықты қамтамасыз етедi. Бұған Оффшорлы компаниялар туралы 1990 жылғы Заңдағы, Лабуандық трасттық компаниялар туралы 1990 жылғы Заңдағы, Оффшорлы банк қызметi туралы 1990 жылғы Заңдағы, Оффшорлы сақтандыру туралы 1990 жылғы Заңдағы құпиялылық туралы әртүрлi баптар есебiнен қол жеткiзіледi.
Оффшорлы компаниялар туралы 1990 жылғы Заң шеңберiндегi құпиялық туралы баптар:
компания құжаттарын мемлекеттік тексерудi шектеудi;
акция ұстаушылар туралы және нақты иегерлері туралы, басшылық және қызмет, компанияның қаржы және басқа істерi туралы мәлiметтердi жария етуге тыйым салуды (егер бұл заңда көзделмесе);
оффшорлы компанияға қарсы iсті жабық түрде тыңдауды (қылмыстық iстерден басқа) қамтамасыз етедi.
Оффшорлы банк қызметi туралы 1990 жылғы Заң:
тұлға оффшорлы банк клиентiнiң жеке шоттары және операциялары туралы мәлiметтердiң құпиялығына;
клиент операцияларымен шоттарымен, директормен немесе оффшорлы банк қызметкерлерiмен байланысты қандай да бір ақпаратты және құжаттарды жария етуге тыйым салуға кепiлдік бередi.
Билiк заңды бизнес жүргiзетiн клиенттер ғана құпиялылықтың барлық артықшылықтарын пайдалануы үшін және қылмыскер екендiгi дәлелденген клиенттерге оны бермеу үшiн барлық мүмкiндiктердi жасады. Бұл өте дәл теңгерімделген заң жасауға әкелдi, мұнда билік заңды бизнестің құпиялылығын қамтамасыз ету және қылмыстық ниеттегi жеке тұлғалар және корпорацияларды құпиялылық құқығынан айыру мүмкiндiгiн иелену ниетiн ашық көрсеттi.
Лабуанның халықаралық оффшорлы қаржы орталығы ретiндегi артықшылықтары:
1. Төмен операциялық шығыстар және қолайлы салық режимi.
Материалдық операциялық шығыстар және бухгалтерлердiң, заңгердің және басқа қызмет провайдерлерінің кәсіби қызметтерi үшiн шығыстар басқа қаржы орталықтарына қарағанда Лабуанда төмен.
Жеңілдікті салық режимi оффшорлы компанияларға өз қызметiн Лабуанда жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Салық ставкасы таза пайданың жылдық 3%-ын немесе 5 300 AҚШ долларын құрайды. Оффшорлы компаниялардың кез келген салық ставкасын таңдау мүмкiндігі бар. Сондай-ақ төлем ставкалары мен құжаттаманың әртүрлi ставкаларына негiзделетін табыс салығы, баждар сияқты басқада салықтар бар.
2. Қаржы қызметтерiн қадағалайтын бiрыңғай реттеушi орган құру.
Лабуандағы оффшорлы бизнестің және қаржы ұйымдарының қызметін Лабуанның оффшорлы заңнамасы мен қадағалау органы реттейдi (LOFSA).
3. Малайзия Үкiметiн қолдау және оның мiндеттемелерi.
Малайзияның Федералды Үкiметi Лабуанды халықаралық оффшорлы қаржы орталығы ретiнде дамытуға толық мiндеттендi және Лабуан инфрақұрылымын қолдауды, дамытуды және күшейтудi жалғастыруда.
4. Лабуанның қазiргі заманғы инфрақұрылымы.
Лабуанда халықаралық мектеп, аурухана, халықаралық деңгейде қызмет көрсететiн отельдер, институт, халықаралық кампусы бар университет және қаржы инфрақұрылымы бар.
IOFC-ты одан әрi дамыту елдiң жеке секторы мен үкiмет арасындағы ауқымды ынтымақтастыққа бағытталуы керек.
Сингапур қаласының халықаралық қаржы орталығы
Елдiң халықаралық саудаға кеңiнен тартылған ашық экономикасы, капитал рыноктарының ашықтығы және саналы фискалдық саясат Сингапурдың әлемдiк қаржы орталығы ретiнде қалыптасуының базалық факторларына айналды, оған Сингапур Yкiметiнiң мынадай жетiстiктерi жағдай жасады:
аса iрi ұзақ мерзiмдi кpeдит беру және венчурлiк қаржыландыру көзi ретiнде Сингапур Даму Банкiнi құру,
қаржы секторын бiрыңғай реттеудiң тиiмдi жүйесiн құру,
қаржы рыногында ашықтықты ынталандыру, резидент еместер үшiн "экономикалық азаматтық" алу рәсiмiн жеңiлдету және
қаржы институттары, олардың қызметтерiн тұтынушылар және инвесторлар үшін бiрқатар салық жеңілдіктерiн енгiзу сияқты қадамдары жәрдемдестi.
Сингапур қаржы рыногын дамытуды ынталандыру және оның әлемдiк қаржы орталығы ретiнде қалыптасуы жөнiндегі негiзгi шаралар:
Азиялық доллар рыногын құру (еуродоллар рыногына ұқсас) бұған валюта режимiн ырықтандыруға (валюта айырбас операцияларын бақылауды алып тастау) ықпал еттi;
шетелдiк қаржы және қаржы емес ұйымдарды тарту және резидент еместерге көрсетілетiн қызметтерге салық жеңiлдiктерiн белгiлеу, резидент еместердiң пайдасына төленетiн капитал салығын және депозиттер бойынша пайыздар салығын алып тастау жолымен халықаралық операцияларға қаржы ұйымдарын қатыстыру;
қаржы қызметтерiнiң жаңа түрлерiнiң пайда болуын және дамуын ынталандыру (бағалы қағаздар портфелін басқару, теңгерiмнен тыс корпорациялық қаржыландыру, туынды бағалы қағаздар рыногы және валюта рыногы);
банктердi олардың қызметтерiнiң шектелуi бойынша бөлу (толық лицензия, шектеулi лицензия, оффшорлы);
қаржы секторына батыстың жетекшi мамандарын тарту және бағалы қағаздар рыногының үздiксiз жұмыс iстеуiн және қор және фьючерлік биржаны автоматтандыру деңгейiн дамыған елдер биржасы деңгейiне дейін көтеру және АҚШ-тың кейбiр биржаларымен өзара мойындау туралы келiсiмдерге қол қою арқылы оны әлемдiк қаржы рыногына интеграциялауды қамтамасыз ету болып табылды.
90-шы жылдарға қарай Сингапур әлемнiң аса iрi қаржы орталықтарының бiрiне айналды. Сол кезде валюталық операциялар көлемi тек Лондоннан, Нью-Йорктен артта болды және Токиодан аз ғана қалып қойды. Заңның үстемдiк ету қағидатын сақтау, тәуелсiз соттың және iс жүзiнде жыл сайын бюджеттi профицитпен теңестiрiп орынды макроэкономикалық саясат жүргiзiп отырған тұрақты, құзiреттi және адал үкiметтiң болуы қаржы орталығын дамыту үшiн негiз болды.
Бүгiнгi таңда Сингапурдың монетарлы саясат агенттігінiң Қаржы Орталығын Дамыту департаментi әзiрлеген қаржы орталығын одан әрi дамыту жөнiндегi шаралары қаржы секторына қатысушылар үшiн, оның iшiнде оффшорлы банктер, мiндеттемелердi сақтандыру және қайта сақтандыру жөнiндегi, қаржылық кепiлдiктердi сақтандыру жөнiндегi шетелдiк банктердiң өңiрлiк кеңселерi үшiн қор рыногында қаржы кепiлдерiн сақтандыру бойынша, резидент еместерге көрсетiлетiн қызметтер бойынша, резидент еместердiң бағалы қағаздары мен облигациялар бойынша пайыздық табыстар жөнiндегі, туынды қаржы құралдарының жаңа түрлерiмен мәмiлелер жөнiндегi, туынды қаржы құралдары бойынша резидент еместердiң пайдасына төлемдер жөнiндегі делдалдар үшiн басқаруында резидент еместер активтерiнiң белгiлi бiр көлемi бар бағалы қағаздар портфелiн басқарушылар үшiн және олардың клиенттерi-резидент еместер үшiн кастодиандық қызметтер, бiрлестiрiлген қаржылық қызметтер және Сингапурге шетелдiк қаржы ұйымдарын тартуға бағытталған өзге де салықтық жеңiлдiктер бойынша бiрқатар салықтық жеңiлдiктердi (төмендетiлген салық, 5-10%-ға жуық, салықтық ерекшелiктер және салықтық каникулдар) көздейдi.
Сингапурды қаржы орталығы ретiнде дамытуға бағытталған шаралар қатарына қаржы секторының бiлiктiлiгiн жоғарылататын қызметкерлерiне және мамандандырылған тренингтер өткiзуге қаржылай қолдау көрсететiн, сондай-ақ қаржы рыногындағы инновациялық технологияларға гранттар белгiлейтiн Қаржы секторын дамыту қоры кiредi.
Сингапур оффшорлы аймаққа жатады.
Сингапурге жақсы басқарылатын халықаралық қаржы орталығы беделiн қалыптастыру үшiн 1968 жылы "азиаттық долларлар" рыногындағы операциялар басталған сәттен бастап 30 жыл қажет болды.
Соңғы жылдар iшiнде Сингапур әлемдiк қаржы орталығы мәртебесiнен айырылды. Жетекшi Lehman Brothers және Goldman Sachs инвестициялық банктерi банктiк инвестициялық бизнестiң негiзгі бөлiгiн Сингапурден Гонконгке көшiру жоспары туралы мәлiмдедi. Олардың артынан iрi трансұлттық бизнестiң басқа өкiлдерi ердi. Голландық Philips компаниясыда өңiрлiк штаб - пәтердi Гонконгке көшiруге ниеттенiп отыр, ал немiс BMW автомобильдерiн өндiрушiсi өзiнiң өңiрлiк операцияларының iшiнара Малайзияға көшетiнi туралы мәлiмдедi. Сингапурдi Гонконгпен салыстыра келе, инвесторлар Сингапурлық қаржы реттеудi шектен тыс деп санайды - "Гонконгте тыйым салынбағанның бәрiне рұқсат етiлген, ал Сингапурде рұқсат етілмегеннiң бәрiне тыйым салынған".
Қорытындылар
Халықаралық қаржы орталықтарын құру және олардың жұмыс iстеу тәжiрибесiн талдау құрылу себептерi бойынша да, халықаралық қаржы орталығын iске асыру тетiгi бойынша да өзара барынша әртүрлi даму моделдерiн көрсеттi. Оларды қарастыру нәтижелерi бойынша олардың жетiстігін тұтастай бiрегей бәсекелi артықшылықтар қатары айқындап бергенi туралы негізгi қорытынды жасауға болады, олардың негізгi бөлiгi қазiргi уақытта Қазақстанға тән емес.