Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Алматы қаласында халықаралық (өңірлік) қаржы орталығын құру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1364 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 649-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 536 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 243-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 536 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 894 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 433-құжат).
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов