Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185 Қаулысы

Жаңартылған

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар белгіленсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 11 қарашадағы
N 1185 қаулысына    
қосымша        

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.13 N 104, 2007.06.19 N 511, 2008.05.05 N 414, 2009.05.0
8 N 672, 2011.07.02 № 758 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.12 N 1437 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.14 N 1592 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.11.2013 N 1202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар

      1. Алматы - Достық.
      2. Алматы - Озинки.
      3. Астана - Қайрақ.
      4. Қарағанды - Петропавл.
      5. Алматы - Локоть.
      6. Ақтөбе - Озинки.
      7. Астана - Озинки.
      8. Алматы - Ақсарай.
      9. Атырау - Ақсарай.
      10. Астана - Тобыл - Илецк - Озинки.
      11. (алып тасталды - 2009.05.08. N 672 Қаулысымен).
      12. Алматы - Астана.
      13. Ақтөбе - Алматы.
      14. Алматы - Шымкент.
      15. (алып тасталды - 2009.05.08. N 672 Қаулысымен).
      16. Алматы - Петропавл.
      17. Алматы - Қостанай.
      18. Қарағанды - Алматы.
      19. Алматы - Павлодар.
      20. Көкшетау - Қызылорда.
      21. Астана - Сарыағаш.
      22. Алматы - Атырау.
      23. Алматы - Жезқазған.
      24. Алматы - Маңғышлақ.
      25. Алматы - Орал.
      26. Ақтөбе - Маңғышлақ.
      27. Атырау - Маңғышлақ.
      28. Қостанай - Қарағанды.
      29. Павлодар - Пресногорьковская.
      30. Ақтөбе - Астана.
      31. Алматы - Защита.
      32. Астана - Лениногорск.
      33. Арқалық - Астана.
      34. Орал - Ақтөбе.
      35. Қызылорда - Сексеуiл - Түркiстан.
      36. Қарағанды - Семей.
      37. Астана - Қызыл Ту - Петропавл.
      38. Астана - Айсары.
      39. Астана - Павлодар.
      40. Ақтөбе - Атырау.
      41. Қызылорда - Семей.
      42. (алып тасталды - 2009.05.08. N 672 Қаулысымен).
      43. Шалқар - Сексеуiл.
      44. Сағыз - Шұбарқұдық
      45. Астана - Маңғыстау.
      46. Павлодар - Дегелең.
      47. Қарағанды - Астана.
      48. (алып тасталды - 2009.05.08. N 672 Қаулысымен).
      49. Астана - Көкшетау.
      50. Астана - Бурабай шипажайы.
      51. Көкшетау - Астана - Ерейментау.
      52. Астана - Бурабай шипажайы - Ақкөл.
      53. Астана - Атбасар.
      54. Астана - Анар.
      55. Алматы - Сарыағаш;
      56. Астана - Тобыл;
      57. Астана - Жезқазған.
      58. Қостанай - Есіл - Арқалық.
      59. Қызылорда - Астана.
      60. Атырау - Астана.
      61. Астана – Достық.
      62. Павлодар – Қарағанды.
      63. Орал – Астана.
      64. Алматы – Алтынкөл.

      Ескертпе: Қоғам мен мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына ықпал ететiн және мынадай өлшемдерге сәйкес келетiн қатынас әлеуметтiк мәнi бар қатынас болып танылады:
      1) мемлекеттік мәнi - мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда және өзге де өзара қарым-қатынастары бар мемлекеттердiң әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерінің астаналарымен және басты қалаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерiнің барлық орталықтарын өзара және Қазақстан Республикасының астанасымен қосу;
      2) баламасыздығы - ұзақтығы үлкен әрi тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсiздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды бiр жолғы жаппай тасымалдау;
      3) әлеуметтік мәнi - халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қол жетiмдi деңгейiнiң сақталуы;
      4) қол жетiмдiлігі - азаматтардың қол жетімдi балама көлiк түрлерi жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркiн орын ауыстыру, оның шегiнен тыс шығу және кедергісiз қайтып келу мүмкiндігiн қамтамасыз ету.