"Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1437 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 562-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 61-тармақпен толықтырылсын:
      «61. Астана – Достық.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов