Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы N 414 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

       "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына және "Астана қаласында жаңа орталықтардың базасында медициналық қызметтер кластерін құру жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 шілдедегі N 719  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық диагностикалық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорынның Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

      2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 23.09.2014 № 1005; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов