"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 11 қарашадағы
N 1185 қаулысына қосымша
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.13 N 104 , 2007.06.19 N 511 , 2008.05.05 N 414 Қаулыларымен.
Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар
1. Алматы - Достық.
2. Алматы - Озинки.
3. Астана - Қайрақ.
4. Қарағанды - Петропавл.
5. Алматы - Локоть.
6. Ақтөбе - Озинки.
7. Астана - Озинки.
8. Алматы - Ақсарай.
9. Атырау - Ақсарай.
10. Астана - Тобыл - Илецк - Озинки.
11. Астана - Құлынды.
12. Алматы - Астана.
13. Ақтөбе - Алматы.
14. Алматы - Шымкент.
15. Алматы - Семей.
16. Алматы - Петропавл.
17. Алматы - Қостанай.
18. Қарағанды - Алматы.
19. Алматы - Павлодар.
20. Көкшетау - Қызылорда.
21. Астана - Сарыағаш.
22. Алматы - Атырау.
23. Алматы - Жезқазған.
24. Алматы - Маңғышлақ.
25. Алматы - Орал.
26. Ақтөбе - Маңғышлақ.
27. Атырау - Маңғышлақ.
28. Қостанай - Қарағанды.
29. Павлодар - Пресногорьковская.
30. Ақтөбе - Астана.
31. Алматы - Защита.
32. Астана - Лениногорск.
33. Арқалық - Астана.
34. Орал - Ақтөбе.
35. Қызылорда - Сексеуiл - Түркiстан.
36. Қарағанды - Семей.
37. Астана - Қызыл Ту - Петропавл.
38. Астана - Айсары.
39. Астана - Павлодар.
40. Ақтөбе - Атырау.
41. Қызылорда - Семей.
42. Ақтоғай - Достық.
43. Шалқар - Сексеуiл.
44. Сағыз - Шұбарқұдық
45. Астана - Маңғыстау.
46. Павлодар - Дегелең.
47. Қарағанды - Астана.
48. Қызылорда - Түркiстан.
49. Астана - Көкшетау.
50. Астана - Бурабай шипажайы.
51. Көкшетау - Астана - Ерейментау.
52. Астана - Бурабай шипажайы - Ақкөл.
53. Астана - Атбасар.
54. Астана - Анар.
55. Алматы - Сарыағаш;
56. Астана - Тобыл;
57. Астана - Жезқазған.
58. Қостанай - Есіл - Арқалық
Ескертпе: Қоғам мен мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына ықпал ететiн және мынадай өлшемдерге сәйкес келетiн қатынас әлеуметтiк мәнi бар қатынас болып танылады:
1) мемлекеттік мәнi - мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда және өзге де өзара қарым-қатынастары бар мемлекеттердiң әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерінің астаналарымен және басты қалаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерiнің барлық орталықтарын өзара және Қазақстан Республикасының астанасымен қосу;
2) баламасыздығы - ұзақтығы үлкен әрi тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсiздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды бiр жолғы жаппай тасымалдау;
3) әлеуметтік мәнi - халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қол жетiмдi деңгейiнiң сақталуы;
4) қол жетiмдiлігі - азаматтардың қол жетімдi балама көлiк түрлерi жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркiн орын ауыстыру, оның шегiнен тыс шығу және кедергісiз қайтып келу мүмкiндігiн қамтамасыз ету.