Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінің Мемлекеттiк еңбек инспекторы туралы ереже;
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнің тiзбесi;
      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiне үш вице-министрі болуына рұқсат етілсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi құрылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi Көшi-қон комитетiнiң төрағасына бiр орынбасары болуына рұқсат етілсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография агенттігiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.

      6. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Көшi-қон комитетi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi Көшi-қон комитетiнiң құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Көшi-қон комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.

      8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      9. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ереженің 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 10-тармағының сегізiншi абзацын, 11-тармағы 6) тармақшасының алтыншы және тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағының 4), 5), 7) және 9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1132 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлiгi туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) өзiнің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде, еңбек, еңбек қауіпсiздігі және оны қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтiк әрiптестiк, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру, өз құзыретiнің шегінде көші-қон процестерiн реттеу саласындағы салааралық үйлестіру болып табылады.
      Министрлiктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.
      Министрлiктiң ведомствосы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінің Көшi-қон комитетi бар.
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамада белгiленген тәртіппен қазынашылық органдарында ашылған шоттары болады.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес сондай уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетін шешiмдер қабылдайды.
      5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
      6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Манас көшесi, 2.
      7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Министрліктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Министрліктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Министрлiкке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға енуге тыйым салынады.
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, ондай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

  2. Министрлiктің негiзгi функциялары мен құқықтары

      10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) еңбек, еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау саласында:
      мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
      еңбек қауiпсiздігі мен оны қорғауды қамтамасыз ету бағдарламаларын әзiрлеу;
      еңбек, еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау саласындағы заңнамалық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының еңбек, еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау туралы салааралық нормативтiк құқықтық кесiмдерiн әзiрлеу және бекiту;
      мемлекеттік қызметшiлерден басқа, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      еңбектi нормалау мен еңбекке ақы төлеудi ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу;
      еңбектi нормалауды ұйымдастыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      еңбек (қызметтік) міндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу әдiснамасын әзiрлеу;
      мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлерi лауазымдарының білiктілік сипаттамаларын әзiрлеу, бекiту және (немесе) келісу;
      еңбек жөніндегi нормаларды әзiрлеу, бекiту және (немесе) келiсу;
      Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерiнің бiрыңғай тарифтік-білiктілік анықтамалығын (БТБА), Қызметшілер лауазымдарының бiлiктілік анықтамалығын (БА) және Жұмысшылар кәсіптерінiң және қызметшілер лауазымдарының жiктегішін (КЛЖ) әзiрлеу, бекiту және оларды қолданудың тәртiбiн айқындау;
      Жұмыстар жiктегішін (ЖЖ) әзiрлеу және бекiту;
      еңбек және қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгiзілетiн ұйымдардың еңбегiне ақы төлеу жүйесi жөнiндегi нормаларды қарау және келiсу;
      қауiпсiз еңбекті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн қажеттi талаптарды белгілеу;
      оларда әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдардың еңбегiне шектеу қойылатын зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар өндiрiстердің, кәсiптер мен жұмыстардың тiзбелерiн бекiту;
      орташа жалақыны есептеудiң тәртiбi бойынша ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу;
      мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi функциялар, бақылау және қадағалау функциялары:
      еңбек қауіпсiздігі мен оның қорғалуын қамтамасыз ету бағдарламаларын iске асыру;
      еңбек қауіпсiздігін және оны қорғау жөнiнде мониторинг жүргiзу;
      мемлекеттiк еңбек инспекторларын оқытуды жүргiзу;
      еңбек туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      заңнамада белгіленген тәртiппен өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеудiң уақытылы және объективтi жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру;
      басқа мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ қызметкерлердiң және жұмыс берушілердiң өкілдерiмен еңбек қауiпсiздiгi мен оның қорғалуын қамтамасыз ету саласындағы үйлестiрудi және өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
      мемлекеттiк еңбек инспекторларын аттестаттауды жүргiзу;
      2) жұмыспен қамту саласында:
      мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
      жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу;
      халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын әзiрлеу;
      жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжау;
      мүдделi органдармен бiрлесiп еңбек рыногындағы сұранысқа сәйкес кадрлар даярлаудағы қажеттілiктердi айқындау;
      Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары:
      еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс мониторингі, халықты еңбек рыногының жағдайы туралы хабардар eту;
      iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатымен инвестициялық келісім-шарт жобаларын қарау;
      халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      шетелдiк жұмыс күшін тартуға арналған квотаны Қазақстан Республикасының Yкiметі белгiлеген шекте және тәртiппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында бөлу;
      3) әлеуметтiк әрiптестiк саласында:
      мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
      әлеуметтiк әріптестiк жүйесiн реттеу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегi функциялар, бақылау және қадағалау функциялары:
      әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әрiптестiк жүйесiн реттеу жөнiндегi ұсыныстарды iске асыру, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде Әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi республикалық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
      4) халықты әлеуметтік қорғау саласында:
      мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:
      халықты әлеуметтiк қамтамасыз ету тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзiрлеу;
      халықты әлеуметтік қорғау мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу;
      әлеуметтік нормативтер мен стандарттарды, оларды есептеудiң әдiстемелерiн әзiрлеу және өз құзыретiнің шегiнде бекiту;
      мүгедектердi әлеуметтік қорғау және оңалту саласындағы кешендi бағдарламаларды әзiрлеу;
      отбасыларды, аналарды, балаларды, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк қорғауды қажет ететін жекелеген санаттарын қолдауға бағытталған әлеуметтік көмек шараларын әзiрлеу;
      медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектердi оңалтуды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгiлеу;
      әлеуметтiк қызмет көрсету, әлеуметтік қызметтер мен техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар беру мәселелерi бойынша үлгілік ережелер мен әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу;
      атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін жиынтық кiрiсті есептеудiң әдiстемесiн әзiрлеу;
      денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті органмен келiсiм бойынша мүгедектердi куәландыру, мүгедектіктің себептерiн, топтарын және еңбек ету қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу ережесiн бекiту, мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзiрлеу;
      мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары:
      республикадағы мүгедектiк мониторингi;
      Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан (бұдан әрi - Мемлекеттiк орталық) төленетiн бiржолғы ақшалай төлемдердiң, арнайы мемлекеттiк жәрдемақылардың уақытында тағайындалуын және төленуiн қамтамасыз ету;
      арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынудың түрлерi мен нысандарын дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      мүгедектердi оңалту, кедейлікті азайту жөнiндегi республикалық бағдарламалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау және бiлiм беру органдарымен бiрлесiп мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың жергiлiктi бағдарламаларының мониторингiн ұйымдастыру;
      басқа да мемлекеттiк, оның iшiнде жергiлiктi атқарушы органдарға мүгедектердi, мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтік қорғау мәселелерi бойынша әдiстемелiк көмек көрсету және олардың қызметiн үйлестiру;
      халықты әлеуметтiк қорғау, мүгедектердi оңалту саласындағы кадрлардың, оның ішiнде ымдау тілі мамандарының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      халықты әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      5) зейнетақымен қамсыздандыру саласында:
      мемлекеттiк caяcaтты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
      халықты зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және олар бойынша нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу;
      зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақылар мен жәрдемақыларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын тағайындау мен төлеу әдiстемесiн әзiрлеу;
      зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер тағайындау үшiн қажетті құжаттарды қабылдау және беру жөнiндегі талаптарды белгiлеу;
      мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары:
      зейнетақылардың, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жасына байланысты берілетін мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылардың және N 1 тiзiм бойынша Мемлекеттік орталықтан берілетiн мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың уақытында тағайындалуын және толық төленуiн қамтамасыз ету;
      зейнетақы мен қамсыздандыру туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      6) әлеуметтiк сақтандыру саласында:
      мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
      әлеуметтiк сақтандыру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және олар бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзірлеу;
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтік төлемдердi тағайындау және төлеу әдiстемесiн әзiрлеу;
      мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi функциялар, бақылау және қадағалау функциялары:
      Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердi тағайындау;
      әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      әлеуметтік төлемдердің уақытында және толық тағайындалуын және олардың алынуын бақылауды қамтамасыз ету;
      Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қызметiн peттeу;
      7) халықтың көші-қоны саласында:
      мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
      қолданыстағы заңнама шеңберiнде жүріп жатқан көші-қон процестерiн реттеу саласындағы тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзiрлеу;
      көші-қон процестерiн реттеу жөнiндегi нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу;
      көшi-қон процестерiнің ағымдық және ұзақ мерзiмдi болжамдарын әзірлеу;
      иммиграция квотасын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      8) Министрлiктiң басқа функциялары:
      мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегi функциялар, бақылау және қадағалау функциялары:
      халықтың қоныстануын дамыту саясатын iске асыруға қатысу;
      ақпараттық технологияларды, еңбек, жұмыспен қамту, көшi-қон және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы ақпаратты өңдеу жүйелерiн енгiзу;
      еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау, жұмыспен қамту, көшi-қон және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, осы мәселелер бойынша шетелдiк мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен консультациялар және келiссөздер жүргiзу;
      жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарға еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерi бойынша, әдiстемелік басшылық жасау;
      әлеуметтік және еңбек қатынастары жөнiндегі өңiрлiк және салалық (тарифтiк) келiсiмдердi хабарламалық тiркеудi жүргiзу;
      өз құзыретiнің шегiнде әкімшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау;
      Көші-қон комитетi мен Министрлiктiң аумақтық органдарының қызметіне басшылық жасау және үйлестiру;
      өз құзыретiнің шегінде жұмылдыру жұмысын жүргiзу және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау.
      11. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Министрлiктiң заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан Министрлiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдар мен мәліметтердi сұратуға және алуға;
      2) өзiнiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық кесiмдердi қабылдауға;
      3) мүгедектiк топтарын белгілеуге;
      4) еңбек ету қабілетiн жоғалту дәрежесiн белгілеуге;
      5) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау үшін қажеттi құжаттарды қабылдау және беру жөніндегі талаптарды белгілеуге;
      6) зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге;
      7) әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге;
      8) зейнетақы төлемдерiн тағайындау және алу мәселелерi бойынша қажеттi түсініктемелер беруге;
      9) әлеуметтік төлемдердi тағайындау және алу мәселелерi бойынша қажетті түсінiктемелер беруге;
      10) Қазақстан Республикасы Үкiметінің тапсырмасы бойынша өзге мемлекеттердiң үкiметтік органдарымен, ведомстволарымен және ұйымдарымен бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан мәжбүрлi түрде немесе өз еркiмен, сондай-ақ еңбек көші-қоны бойынша қоныс аударған отандастардың Қазақстан Республикасына ерiктi түрде қоныс аударуы мәселелерi бойынша келiсiмдер жасасуға;
      11) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығына талдауды және бағалауды жүзеге асыруға;
      12) Көші-қон комитетiнiң, Министрліктің аумақтық органдарының, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының, Министрлiктiң қарамағындағы мемлекеттік ұйымдардың қаржылық және өзге де есептілiктерінің тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн белгілеуге;
      13) бюллетеньдер, журналдар және басқа да баспа басылымдарын шығаруға құқығы бар.

  3. Министрліктің мүлкі

      12. Министрлiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Министрліктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен құралады және негiзгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктің теңгерiмiнде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады.
      13. Министрлiктiң мүлкі республикалық меншікке жатады.
      14. Министрлiктiң өзiне бекiтіліп берiлген мүлiкті өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Министрлiктің қызметiн ұйымдастыру

      15. Министрлiктi Министр басқарады.
      Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Министрдің Қазақстан Республикасының Үкiметі Министрдiң ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлерi болады.
      16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
      17. Министр осы мақсаттарда:
      1) вице-министрлердiң, аппарат басшысының және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының міндеттерiн және өкілеттік шеңберiн белгілейді;
      2) Министрлiктiң қызметкерлерiн, аумақтық органдардың, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары мен орынбасарларын, Көшi-қон кoмитеті төрағасының орынбасарын заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Мемлекеттiк әлеуметтік сақтандыру қорының басшы қызметкерлерiн тағайындауға келiсiм бepeді;
      3) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлікті бiлдiредi;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) Министрлiктiң аумақтық органдары және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен олардың штат санының лимитi шегiнде Министрлiктің және оның аумақтық органдарының құрылымын бекiтедi;
      7) Министрлiктiң Көші-қон комитеті, аумақтық органдары, Министрлiктiң қарамағындағы мемлекеттік ұйымдар басшыларының бұйрықтарының күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
      8) заңнамада белгіленген тәртiппен Министрлiктің қызметкерлерiне, Көші-қон комитетінiң орынбасарларына және Министрлiктiң аумақтық органдарының басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптiк жазалар қолдану мәселелерiн шешедi;
      9) өзiнiң құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      18. Вице-Министрлер Министр белгiлеген өз өкілеттіктерiнiң шегiнде Министрліктің нормативтiк сипаты жоқ бұйрықтарына қол қояды және өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес жетекшілік жасайтын мәселелер бойынша Министрлiк жұмысының жағдайы үшiн дербес жауаптылықта болады.
      19. Министрлiктің Министрдің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр бекiтедi.

  5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнің        
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1132 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінiң мемлекеттік еңбек инспекторы туралы
Ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің мемлекеттiк еңбек инспекторлары (бұдан әрі - мемлекеттiк еңбек инспекторы) " Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы " 1999 жылғы 10 желтоқсандағы, " Еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау туралы " 2004 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңдарының және еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық кесімдердiң (бұдан әрi - еңбек заңнамасы) Қазақстан Республикасының аумағында сақталуына бақылау жасайды.
      2. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкiметінің кесiмдерiн, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк инспекторларға мыналар жатады:
      1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің (бұдан әрi - Министрлiк) мемлекеттік еңбек инспекциясы құрылымдық бөлiмшесiнің (бұдан әрi - мемлекеттік еңбек инспекциясы) басшысы;
      2) Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - Министрлiктің мемлекеттiк еңбек инспекциясы құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлерi;
      3) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары - Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары басшыларының тиiстi орынбасарлары;
      4) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторлары - Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлерi.

  2. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының негізгі
мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

      4. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының негiзгi мiндеттерi:
      1) жұмыс берушiлердiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын және өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң қызметi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
      2) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы мәселелерi бойынша өтініштерiн, арыздарын және шағымдарын қарау.
      5. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) еңбек заңнамасының сақталуын, соның iшiнде қызметкерлердiң ешбiр кемсiтушілiксiз бiрдей еңбегi үшiн теңдей ақы алуға, демалуға, қауiпсiздiк және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына, еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты олардың денсаулығына немесе мүлкiне келтiрілген зиянды өтеу құқығының сақталуын бақылайды;
      2) еңбек заңнамасын бұзуға әкеп соқтыратын себептер мен мән-жайларды, шағымдарды тексеру және зерттеу жүргiзу арқылы анықтайды, сондай-ақ еңбек заңнамасын бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi жұмысты күшейтуге бағытталған iс-шараларды iске асыру жөнiндегі шараларды әзiрлеуге және қабылдауға қатысады;
      3) еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, техника қауiпсiздiгiнiң бұзылу себептерiне талдау мен қорытынды жасайды және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды;
      4) өндiрiстегі жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды тексеруге қатысады және олардың есебiн жүргiзедi;
      5) өндiрiстік жарақаттанушылық пен кәсiби аурулардың жай-күйi мен себептерiне талдау жүргiзедi, олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      6) өндiрiстiк мақсаттағы объектілердiң аяқталған немесе қайта жаңғыртылған құрылысын пайдалануға қабылдау жөнiндегі комиссияның жұмысына қатысады;
      7) тексерулердiң қорытындылары бойынша еңбек туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар бередi;
      8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға берілетiн рұқсаттарда ескертілген шарттардың орындалуын бақылауды және тексерудi жүзеге асырады;
      9) еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтары туралы оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау үшін жұмыс берушілердi, өндiрiстік бөлiмшелердiң басшыларын хабардар етедi, мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамасын орындамаған жағдайда кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізедi;
      10) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауының жай-күйін сипаттайтын көрсеткiштердi жинауды, қорытуды, жүйелеудi және талдауды жүзеге асырады;
      11) еңбек заңнамасы мәселелерi бойынша ұйымдарда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
      12) өз құзыреті шегiнде мемлекеттік инспекторларға Министрлiк жүктеген өзге де функциялар.
      6. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өздерiнің негiзгi мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:
      1) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауына тексеру жүргiзуге;
      2) еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау жағдайына тексеру жүргiзу мақсатында ұйымдарға кедергiсiз баруға;
      3) шетелдiк жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттарда ескертілген шарттардың орындалуына тексеру жүргiзуге;
      4) мемлекеттiк инспекторларға жүктелген функцияларды орындау үшiн қажетті тиiстi құжаттар мен өзге де ақпаратты жұмыс берушілерден сұратуға және алуға;
      5) еңбек заңнамасы нормаларының анықталған бұзушылықтарын жою туралы жұмыс берушілердің орындауы үшін мiндетті нұсқамалар беруге, сондай-ақ заңның бұзылушылығы туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк жаза қолдануға және сотқа талап-арыз беруге;
      6) өздерiнің құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
      7) еңбектi қорғау жөнiндегi заң және нормативтік құқықтық кесiмдердi қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретін бұзушылық анықталған жағдайда ұйымдардың (кәсіпорындардың), жекелеген өндiрiстердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының және жабдықтардың пайдаланылуын осы бұзушылықтар жойылғанға дейiн тоқтата тұруға (тыйым салуға);
      8) еңбек заңнамасы талаптарына жауап бермейтiн арнаулы киiмдердiң, арнаулы аяқ киiмдердiң және басқа да жеке қорғаныш құралдарының жұмыс орындарында берiлуi мен пайдаланылуына тыйым салуға;
      9) қауiпсiздiк техникасы жөнiнде оқытудан және нұсқамалықтан өтпеген адамдарды жұмыстан шеттетудi талап етуге, сондай-ақ еңбек туралы және еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес ережелердi, нормаларды және нұсқауларды білуiн тексеруге;
      10) еңбек заңнамасын бұзу және жұмыс берушілердің мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйғарымдарын орындамауы фактілері жөнiндегi ақпаратты, қуыным талаптары мен өзге де материалдарды тиiсті құқық қорғау және сот органдарына жiберуге;
      11) мемлекеттік еңбек инспекторларына жүктелген функцияларды атқару үшiн жұмыс берушілерден және ұйымдардың тиiсті лауазымды адамдарынан жағдай жасауды талап етуге;
      12) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
      7. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
      1) еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) еңбек заңнамасының сақталуы бойынша тексерiстердi уақытында және сапалы жүргізуге;
      3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтары туралы, оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау мақсатында жұмыс берушілердi, ұйымдардың басшыларын, лауазымды адамдарды хабардар етуге, кiнәлi адамдарды жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      4) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтау жағдайларын сипаттайтын көрсеткiштердi жинауды, қорытуды, жүйелеудi және талдауды жүзеге асыруға;
      5) еңбек заңнамасы мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге;
      6) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара бiрлесiп әрекет етуге;
      7) өз құзыретiнiң шегiнде уәкілетті органдарды және басқа да мемлекеттік органдарды еңбек заңнамасының талаптарын бұзу фактiлерi туралы хабардар етуге;
      8) еңбек заңнамасын бұзушылық фактілерi бойынша, оның iшiнде жекелеген өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындары мен жабдықтарды тоқтата тұру (тыйым салу) кезiнде материалдар әзiрлеуге және құқық қорғау органдарына жiберуге;
      9) азаматтардың, ұйымдардың, еңбек қауiпсiздігі мен еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi шағымдарын, өтiнiштерiн және ұсыныстарын уақытында қарауға;
      10) білiктілік талаптарына сәйкес еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау саласында қажеттi даярлықты шешуге;
      11) өзiнiң лауазымдық өкілеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде алған мемлекеттiк құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жарияламауға мiндеттi.
      8. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының заңсыз әрекеттерiне бағыныстылығына қарай облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бас еңбек инспекторларына, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк еңбек инспекторына не сот тәртiбiмен шағым жасауға болады.

  3. Қызметтi ұйымдастыру

      9. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк еңбек инспекторларының қызметiн тиiстi бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары ұйымдастырады.
      10. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк еңбек инспекторы:
      1) Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органы бас мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын ұйымдастырады;
      2) Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары мемлекеттiк еңбек инспекторларының жұмысын үйлестіредi;
      3) мемлекеттік еңбек инспекторлары үшін еңбек туралы және еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi әдiстемелiк нұсқауларды әзiрлеудi ұйымдастырады;
      4) қызметкерлердiң еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғаларға ұшырауын және денсаулығына келтiрілген өзге де зақымдарды тексеру мен есепке алудың белгiленген тәртiбiнiң орындалуын өз құзыреті шегiнде қамтамасыз етедi;
      5) республика бойынша еңбек заңнамасының сақталуының жай-күйiне мониторинг жүргізудi, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерi мен мән-жайларына талдау жасауды ұйымдастырады;
      6) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуының жай-күйi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметіне ақпарат және баяндамалар әзiрлеудi ұйымдастырады;
      7) қабылдау жүргiзедi, азаматтардың және ұйымдардың хаттарын, арыздарын және өтiнiштерiн қарайды;
      8) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тексеру барысында туындаған келiспеушілiктер, сондай-ақ еңбек заңнамасы мен еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесiмдер мәселелерi бойынша қорытындылар бередi;
      9) Министрлiк өзiне жүктеген мiндеттерге сәйкес мемлекеттiк еңбек инспекторларының қызметiн ұйымдастырудың өзге де түрлерiн қамтамасыз eтeдi.
      11. Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
      1) заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын, сондай-ақ еңбек заңнамасы мен Министрлiктiң қызметi саласына қатысты өзге де нормативтiк кесiмдердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеуге қатысады;
      2) азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша хаттарын, арыздарын және өтiнiштерiн қарайды;
      3) еңбек заңнамасының сақталу жай-күйi туралы ақпараттар, анықтамалар және баяндамалар әзiрлейдi;
      4) республика бойынша өндiрiстiк жарақаттану жай-күйiне мониторинг жүргiзедi, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерi мен мән-жайларын талдайды, оларды жою және алдын алу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      5) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрiнің бұйрығымен құрылатын адам өлiмiне соқтырған топтық жазатайым оқиғаларды тексеру жөнiндегi арнаулы комиссиялардың жұмысына қатысады;
      6) еңбек заңнамасының мәселелерi бойынша семинарларды әзiрлеуге әрі еңбек туралы және еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттiк еңбек инспекторларының оқуын ұйымдастыруға қатысады;
      7) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын тексеру және оларға практикалық, әдіснамалық көмек көрсету және ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауы жөнiнде бiрлескен зерттеулер мен тексерулер жүргiзуге қатысу үшін жергiлiктi жерлерге шығып тұрады;
      8) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттемелерiне сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
      12. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
      1) облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторларының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
      2) облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларын оқыту және білiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асырады;
      3) еңбек заңнамасын бұзуға кiнәлi адамдарға облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының ықпал ету шараларын қолдануының негізділігі мәселелерiн қарайды;
      4) заңнамада белгiленген жағдайларда өндiрiстегі жазатайым оқиғаларды арнайы зерттеу жөнiндегі комиссияның құрамын белгілейдi;
      5) жазатайым оқиғаларды тексеру барысында туындаған келіспеушіліктер бойынша, сондай-ақ еңбек туралы және еңбек заңнамасы мәселелерi мен еңбек қатынастарын реттейтiн өзге де нормативтік құқықтық кесiмдер бойынша қорытындылар бередi;
      6) өз құзыретінің шегiнде еңбек қатынастары саласында өкiлеттiгiн жүзеге асыратын орталық атқарушы органдарды (бұдан әрi - уәкілетті орган) еңбек заңнамасын бұзу фактiлерi туралы хабардар етедi;
      7) өздеріне жүктелген лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      13. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
      1) ұйымдардың еңбек туралы және еңбек заңнамасын сақтауы мәнiне тексерудi жүзеге асырады;
      2) азаматтар мен ұйымдардың өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша хаттарын, арыздарын және өтiнiштерiн қарайды;
      3) Министрлiктiң аумақтық органының бұйрығымен құрылатын өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тексеру жөнiндегi арнаулы комиссиялардың жұмысына қатысады;
      4) еңбек туралы және еңбек заңнамасының сақталу жай-күйi туралы есептер, ақпараттар, анықтамалар мен баяндамалар әзiрлейдi;
      5) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      14. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз жұмысында Министрлiк әзiрлеген және бекiткен нұсқамалар бланкiлерiн, есеп нысандарын, омырауға тағатын белгiлердi және жеке мөртаңбаларды пайдаланады.
      15. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз қызмет мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң
ТIЗБЕСI

      "Ақмола облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
      "Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
      "Алматы облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
      "Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
      "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
      "Жамбыл облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
      "Батыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
      "Қарағанды облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
      "Қызылорда облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
      "Қостанай облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
      "Маңғыстау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
      "Павлодар облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
      "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
      "Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
      "Астана қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
      "Алматы қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi      

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен  
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдар
ТIЗБЕСI

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.16. N  923 , 2005.09.21. N   937  қаулыларымен.

      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Кадрлар білiктiлігін арттыру курсы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң Республикалық естудi түзеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық эксперименттік протездеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Алматы протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің "Петропавл протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң "Семей протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      Мемлекеттiк аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлiгінiң Көші-қон комитетi туралы
Ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнің Көші-қон комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрi - Министрлiк) өз құзыретi шеңберiнде көші-қон процестерiн реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты, салааралық үйлестірудi және арнайы атқарушылық, рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының  Конституциясында  бекiтілген адамның тұрғылықты жерiн еркiн таңдау, кету еркiндігі, жүріп-тұру еркiндігі құқықтарының iске асырылуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес республиканың қазіргi әлеуметтік-экономикалық жағдайын, оның өткен тарихы мен дәстүрлерiн, даму перспективаларын ескере отырып мемлекеттiк көші-қон саясатын iске асыру болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкiметiнің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртiппен қазынашылық органдарында ашылған шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      4. Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.
      5. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.
      6. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      7. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Әуезов көшесi, 103 "a".
      8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінің Көші-қон комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      10. Комитеттің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Комитетке, кәсiпкерлiк субъектілерiмен өзiнiң функциялары болып табылатын міндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда ол қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жіберіледi.

  2. Комитеттің негiзгі функциялары мен құқықтары

      11. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегi мынадай функцияларды, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады:
      1) көші-қон процестерін талдау және болжау;
      2) өз құзыретiнің шегiнде халықтың көші-қоны саласындағы тұжырымдамалар мен бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;
      3) шетелдегi қазақ диаспорасының тарихи отанына ерiктi көшуiмен байланысты проблемаларын зерделеу;
      4) бекiтiлген иммиграция квотасы шегiнде оралмандарды қабылдау мен оларды орналастыруды ұйымдастыру;
      5) келген босқындарды, реэмигранттар мен оралмандарды тiркеудi, есепке алуды жүзеге асыру, сондай-ақ заңнамада белгiленген жағдайларда оларға сараланған жәрдемақылар мен жеңiлдiктер төлеу;
      6) өз құзыретінiң шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау;
      7) белгіленген иммиграция квотасына сәйкес шетелдiктер мен олардың отбасы мүшелерінің республикаға қоныс аудару туралы қолдау хаттары жөніндегі Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерінің ұсыныстарын зерделеу және қорытындылар әзiрлеу;
      8) өз құзыретінің шегінде оралмандардың жұмыспен қамтамасыз етілуiн ескере отырып, оларды ыңғайлы қоныстандыру мәселелерiн шешу;
      9) өз құзыретінің шегiнде басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша ынтымақтасу;
      10) азаматтардың өтiнiштерiн қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау, Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау;
      11) шетелдiк жұмыс күшiн тартумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкетумен байланысты қызметке лицензия беру, оларды тоқтата тұру және қайтарып алу;
      12) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау саласындағы мәселелердi шешу;
      13) өз құзыретінің шегінде көшi-қон саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      14) шетелдiк жұмыс күшін тартумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан жұмыс күшін шетелге әкетумен байланысты қызметті жүзеге асыру кезiнде лицензиаттардың лицензиялық ережелердi сақтауын, лицензиаттың лицензияда қамтылған талаптарды орындауын бақылау;
      15) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың белгiленген квота шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру ережесiн сақтауын бақылау;
      16) өзінің аумақтық органдарының қызметiне басшылық жасау және үйлестiру.
      12. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін Комитеттiң заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан сұратуға және алуға;
      2) иммигранттардың оларды реэмигранттар, оралмандар не босқындар деп тану туралы өтiнiштерi бойынша шешім қабылдауға немесе шешiм қабылдаудан бас тартуға;
      3) Қазақстан Республикасында саяси баспана алғысы келетiн адамдардың жазбаша өтінiштерін қабылдауға, ол үшін қажеттi құжаттарды ресiмдеуге және Қазақстан Республикасы Президентiнiң тиістi шешімдерінің негiзiнде саяси баспана берiлген туралы куәліктер беруге;
      4) Қазақстан Республикасындағы халықтың көшi-қон жағдайына әсер ететін қаржы-кредиттiк, инвестициялық және салық шараларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар eнгізуге;
      5) халықтың көші-қон проблемалары бойынша конференциялар мен семинарлар өткізуге құқығы бар.

  3. Комитеттiң мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.
      14. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктің, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады.
      15. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      16. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiкті және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүліктi, егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше белгiленбесе, өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      17. Комитетті Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.
      Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      18. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
      19. Комитет төрағасы осы мақсаттарда:
      1) төрағаның орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және босатады;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртiптік жазалар қолдану мәселелерiн шешедi;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) мемлекеттiк органдарда, қоғамдық және басқа да қазақстандық және шетелдiк ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қатынастарда Комитеттi бiлдiредi;
      7) өз құзыретiнің шегiнде Комитеттiң атынан келiсiмдер, шарттар және өзге де мәмiлелер жасайды;
      8) заңнамаға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға Комитет атынан талаптар мен қуынымдар бepу туралы шешімдердi қабылдайды.

  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi Көші-қон комитетiнiң
құрылымы

      Басшылық (Төраға, Төрағаның орынбасарлары)
      Көші-қон басқармасы
      Әкiмшiлiк басқармасы

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі Көші-қон комитетiнiң аумақтық органдары -
мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

      1. Көшi-қон комитетінің
Ақмола облысы бойынша басқармасы                Көкшетау қаласы
      2. Көшi-қон комитетiнiң
Ақтөбе облысы бойынша басқармасы                Ақтөбе қаласы
      3. Көші-қон комитетiнiң
Алматы облысы бойынша басқармасы                Талдықорған қаласы
      4. Көшi-қон комитетінiң
Атырау облысы бойынша басқармасы                Атырау қаласы
      5. Көшi-қон комитетiнiң
Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы       Өскемен қаласы
      6. Көшi-қон комитетiнiң
Жамбыл облысы бойынша басқармасы                Тараз қаласы
      7. Көшi-қон комитетiнiң
Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы       Орал қаласы
      8. Көші-қон комитетінiң
Қарағанды облысы бойынша басқармасы             Қарағанды қаласы
      9. Көшi-қон комитетiнiң
Қызылорда облысы бойынша басқармасы             Қызылорда қаласы
      10. Көшi-қон комитетінің
Қостанай облысы бойынша басқармасы              Қостанай қаласы
      11. Көшi-қон комитетiнiң
Маңғыстау облысы бойынша басқармасы             Ақтау қаласы
      12. Көшi-қон комитетiнің
Павлодар облысы бойынша басқармасы              Павлодар қаласы
      13. Көшi-қон комитетiнің
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы   Петропавл қаласы
      14. Көшi-қон комитетiнің
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы    Шымкент қаласы
      15. Көшi-қон комитетiнiң
Астана қаласы бойынша басқармасы                Астана қаласы
      16. Көшi-қон комитетiнің
Алматы қаласы бойынша басқармасы                Алматы қаласы

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысына  
қосымша   

  Қазақстан Республикасы Yкiметінің
күші жойылған кейбiр шешімдерінің тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөнiндегi агенттігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 21 шiлдедегі N 1020  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 319-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шілдедегi N 983  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 340-құжат).

      3. "Протездік-ортопедиялық саланы одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 1146  қаулысы  6-тармағының 2) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетін тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 662  қаулысының  3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 195-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметіне байланысты жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1081  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 42, 448-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 98  қаулысының  2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 54-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 2 сәуiрдегi N 379  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 16, 202-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 тамыздағы N 854  қаулысының  5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 401-құжат).