Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берілiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ереже;
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.03 N 1025 Қаулысымен;
      3) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті құрылсын.
      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография агенттігiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
      6. Қоса беріліп отырған:
      1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Көшi-қон комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекiтiлсiн.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.29 N 859 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
      8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      9. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ереженің 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 10-тармағының сегізiншi абзацын, 11-тармағы 6) тармақшасының алтыншы және тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағының 4), 5), 7) және 9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
      Министрліктің ведомстволары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті бар.
      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
      Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      5. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, N 2 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.30 N 801 Қаулысымен.
      6. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
      7. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

      9. Министрліктің негізгі міндеттері:
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
      2) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.09 № 184 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша, мұқтаж азаматтар санаты мен балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау саласында, сондай-ақ мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы мемлекеттік жәрдемақыны, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі - мемлекеттік арнайы жәрдемақы), Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
      2) өзінің қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      3) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
      4) қызметтің барлық салаларына арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;
      5) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
      6) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      7) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін белгілейді;
      8) еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;
      9) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
      10) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
      11) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
      12) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
      13) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары жөніндегі зерттеу бағдарламаларын әзірлейді;
      14) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
      15) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;
      16) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын қарайды және келіседі;
      17) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекіту тәртібін айқындайды;
      18) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын айқындайды;
      19) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын айқындайды;
      20) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың тізбесін айқындайды;
      21) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті және тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;
      22) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестаттау тәртібін белгілейді;
      23) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережені бекітеді;
      24) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептерін талдайды және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      25) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      26) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      27) жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға әдістемелік және ұйымдық басшылықты жүзеге асырады;
      28) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етіп отырады;
      29) Халықты жұмыспен қамтудың республикалық бағдарламасын әзірлейді;
      30) ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын қарауға қатысады;
      31) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен белгілейді;
      32) мүдделі органдармен бірлесіп, кадрлар даярлау мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті анықтайды;
      33) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастырады;
      34) Қазақстан Республикасындағы көші-қон үдерістерін талдайды және болжайды;
      35) халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар әзірлейді;
      36) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді;
      37) халықтың көші-қоны және босқындар мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
      38) оралмандардың көшіп келу квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      39) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды;
      39-1) босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатты, пана іздеген адамның куәлігі мен пана іздеген адамды және босқынды тіркеу үшін ішкі істер органдарына жолдаманың үлгілерін тіркеу мен қарау тәртібін бекітеді;
      39-2) босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі;
      39-3) пана іздеген адамның куәлігін береді;
      39-4) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;
      39-5) босқын куәлігінің және жол жүру құжатының үлгілерін бекітеді және оларды беруді жүзеге асырады;
      39-6) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімін қалыптастырады және ай сайын ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарына жібереді;
      39-7) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ аталған комиссияны құрады;
      39-8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
      40) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу тәртібін айқындайды;
      41) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болу және оларға бейімделу қызметтерін көрсетудің тәртібі мен уақытын айқындайды;
      42) Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
      43) мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламаларын әзірлейді;
      44) мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын әзірлейді ;
      45) басқа да мемлекеттік органдарды мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады;
      46) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілейді;
      47) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мүгедектікті куәландыру, оның себептерін, тобын және еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын анықтау ережелерін әзірлейді;
      48) халықтың мүгедектігі деңгейі мен себептерін зерделейді;
      49) мүгедектерді оңалту, кедейлікті төмендету жөніндегі республикалық және өңірлік бағдарламалар мониторингін ұйымдастырады;
      50) кемтар балаларды әлеуметтік қолдау бағдарламасын әзірлейді;
      51) әлеуметтік қызметкерлер қызметінің функциялары мен сипатын айқындайды, мамандықтардың тізбесі мен оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді, әлеуметтік қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетеді;
      52) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;
      52-1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және оларды денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;
      53) әлеуметтік қызметтерді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің үйлестірілуін жүзеге асырады;
      54) әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын, тегін әлеуметтік қызмет көрсетудің тәртібін әзірлейді;
      55) азаматтардың жеке санаттарын және балалы отбасыларды әлеуметтік жөнінде ұсыныстар қолдау әзірлейді;
      56) арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      57) халықты зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласындағы ұсыныстарды әзірлейді;
      58) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу мәселелері бойынша уәкілетті органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
      59) Орталықтан төленетін базалық зейнетақы, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      60) базалық зейнетақыны, зейнетақы төлемдерін тағайындау және төлеу әдістемесін әзірлейді;
      61) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды жүзеге асырады;
      62) өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандар, мерзімін айқындайды;
      63) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшы қызметкерлері үшін біліктілік талаптарын айқындайды, оларды тағайындауға келісім береді;
      64) әлеуметтік төлемдер санының мониторингін ұйымдастырады;
      65) әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдау және жіберу жөніндегі талаптарды белгілейді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.14 N 323 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.03.09 № 184 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      11. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функциялар жүктелуі мүмкін:
      1) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны, базалық зейнетақыны, зейнетақы төлемдерін, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақыларды, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау және олардың төленуін қамтамасыз ету;
      2) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақылардың, арнаулы мемлекеттік жәрдемақының, мемлекеттік арнаулы жәрдемақының, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға ақшалай өтемақылардың уақытылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру;
      3) халықты жұмыспен қамту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы, босқындар мәселелері жөніндегі заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау;
      4) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      5) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылау;
      7) жұмыс берушілер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру;
      9) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;
      10) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;
      11) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
      12) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
      13) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін шығаруға байланысты қызметке Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензия беру, оны тоқтата тұру;
      14) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын жүзеге асыру;
      15) келген оралмандар мен босқындарды тіркеу және есепке алу;
      16) оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеуді жүзеге асыру;
      17) уәкілетті органның аумақтық органдарының босқын, оралман мәртебелерін беруден және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден бас тартуы туралы шағымдар бойынша шешімдер қабылдау;
      18) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылуын бақылау;
      19) әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастыру;
      20) мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған деректер банкін қалыптастыру, мүгедектік себептерінің, құрылымының және жай-күйінің мониторингі;
      21) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
      22) мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тіршілігінің шектелуі дәрежесіне қарай "мүгедек бала" санатын айқындау;
      23) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау;
      24) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін базалық зейнетақыны төлеудің, зейнетақы төлемдерінің уақтылығын және толықтығын бақылауды жүзеге асыру;
      25) атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуін бақылауды жүзеге асыру;
      26) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржы тұрақтылығын бақылауды жүзеге асыру;
      27) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инспекциялау;
      28) әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;
      29) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстылығын тексеру;
      30) әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуын және олардың алынуын бақылау;
      31) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері жөнінде түсініктемелер беру.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.14 N 323 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.03.09 № 184 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      12. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.

      13. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және
Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      14. Министр:
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы саясатты қалыптастырады;
      2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      3) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
      4) ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
      5) өзінің қызметінде оның бақылауында болатын ведомстволардың басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      6) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      7) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
      8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
      9) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
      10) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітіледі;
      11) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын бекітеді;
      12) Министрлік жұмысының регламентін бекітеді;
      13) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      14) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды және босатады;
      15) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
      16) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      15. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      16. Жауапты хатшы:
      1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің құрылымы мен штат санын бекітеді;
      5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметі жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
      8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің директорлары мен басқармаларының басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      9) ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
      12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      13) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      16) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      17. Жауапты хатшының:
      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.

      18. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.

      19. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатарынан Министр бекітеді.

      20. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен бекітіледі.

4. Министрліктің мүлкі

      21. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады.

      22. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Министрліктің өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге де тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнің       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінiң мемлекеттік еңбек инспекторы туралы
Ереже

       Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.03 N 1025 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Yкiметінің      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен 
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң
ТIЗБЕСI

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Yкiметінің      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен 
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдар
ТIЗБЕСI

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.16 N 923, 2005.09.21 N 937, 2006.01.06 N 25 Қаулыларымен.

      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Кадрлар білiктiлігін арттыру курсы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң Республикалық естудi түзеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық эксперименттік протездеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      "Алматы протездiк-ортопедиялық орталығы" акционерлiк қоғамы;
      "Семей протездiк-ортопедиялық орталығы" акционерлiк қоғамы;
      "Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы" акционерлiк қоғамы
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      Мемлекеттiк аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамы

Қазақстан Республикасы
Yкiметінің      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен 
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлiгінiң Көші-қон комитетi туралы
Ереже

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159   (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Yкiметінің      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен 
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi Көші-қон комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159   (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Yкiметінің      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен 
бекiтiлген     

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылады - ҚР Үкіметінің 2007.09.27
N 859 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі),
өзгерту енгізілді - 2008.06.09 N 549 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі Көші-қон комитетiнiң аумақтық органдары -
мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

      1. Көшi-қон комитетінің
Ақмола облысы бойынша департаменті              Көкшетау қаласы
      2. Көшi-қон комитетiнiң
Ақтөбе облысы бойынша департаменті              Ақтөбе қаласы
      3. Көші-қон комитетiнiң
Алматы облысы бойынша департаменті              Талдықорған қаласы
      4. Көшi-қон комитетінiң
Атырау облысы бойынша департаменті              Атырау қаласы
      5. Көшi-қон комитетiнiң
Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті     Өскемен қаласы
      6. Көшi-қон комитетiнiң
Жамбыл облысы бойынша департаменті              Тараз қаласы
      7. Көшi-қон комитетiнiң
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті     Орал қаласы
      8. Көші-қон комитетінiң
Қарағанды облысы бойынша департаменті           Қарағанды қаласы
      9. Көшi-қон комитетiнiң
Қызылорда облысы бойынша департаменті           Қызылорда қаласы
      10. Көшi-қон комитетінің
Қостанай облысы бойынша департаменті            Қостанай қаласы
      11. Көшi-қон комитетiнiң
Маңғыстау облысы бойынша департаменті           Ақтау қаласы
      12. Көшi-қон комитетiнің
Павлодар облысы бойынша департаменті            Павлодар қаласы
      13. Көшi-қон комитетiнің
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласы
      14. Көшi-қон комитетiнің
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті  Шымкент қаласы
      15. Көшi-қон комитетiнiң
Астана қаласы бойынша департаменті              Астана қаласы
      16. Көшi-қон комитетiнің
Алматы қаласы бойынша департаменті              Алматы қаласы

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 Қаулысымен.

1. Ақмола облысы бойынша Бақылау
   және әлеуметтік қорғау департаменті            Көкшетау қаласы.
2. Ақтөбе облысы бойынша Бақылау
   және әлеуметтік қорғау департаменті             Ақтөбе қаласы.
3. Алматы облысы бойынша Бақылау
   және әлеуметтік қорғау департаменті             Алматы қаласы.
4. Атырау облысы бойынша Бақылау
   және әлеуметтік қорғау департаменті             Атырау қаласы.
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау
   және әлеуметтік қорғау департаменті             Өскемен қаласы.
6. Жамбыл облысы бойынша Бақылау және
   әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті           Тараз қаласы.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау
   және әлеуметтік қорғау департаменті               Орал қаласы.
8. Қарағанды облысы бойынша Бақылау және
   әлеуметтік қорғау департаменті                 Қарағанды қаласы.
9. Қызылорда облысы бойынша Бақылау және
   әлеуметтік қорғау департаменті                 Қызылорда қаласы.
10. Қостанай облысы бойынша Бақылау және
    әлеуметтік қорғау департаменті                 Қостанай қаласы.
11. Маңғыстау облысы бойынша Бақылау және
    әлеуметтік қорғау департаменті                   Ақтау қаласы.
12. Павлодар облысы бойынша Бақылау және
    әлеуметтік қорғау департаменті                 Павлодар қаласы.
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау
    және әлеуметтік қорғау департаменті            Петропавл қаласы.
14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау
    және әлеуметтік қорғау департаменті             Шымкент қаласы.
15. Астана қаласы бойынша Бақылау және
    әлеуметтік қорғау департаменті                   Астана қаласы.
16. Алматы қаласы бойынша Бақылау және
    әлеуметтік қорғау департаменті                   Алматы қаласы.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен
бекітілген    

      Ескерту. Тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.29 N 859 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.02 № 503 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы" мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
      "Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы" мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
      "Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы" мемлекеттік мекемесі, Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылы.
      «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы.

Қазақстан Республикасы
Yкiметінің      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысына 
қосымша     

Қазақстан Республикасы Yкiметінің
күші жойылған кейбiр шешімдерінің
тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөнiндегi агенттігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 21 шiлдедегі N 1020 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 319-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шілдедегi N 983 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 340-құжат).
      3. "Протездік-ортопедиялық саланы одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 1146 қаулысы 6-тармағының 2) тармақшасы.
      4. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетін тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 662 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 195-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметіне байланысты жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 42, 448-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 98 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 54-құжат).
      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 2 сәуiрдегi N 379 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 16, 202-құжат).
      9. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 тамыздағы N 854 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 401-құжат).