Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1125 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1)  (алынып тасталды - 2007.10.12.  N 944 )
      2)  (алынып тасталды - 2007.10.12.  N 944 )
      3) Комитеттiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12.  N 944  Қаулысымен.

      2.  (алынып тасталды - 2007.10.12.  N 944 )

      3. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 21  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 7-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" және "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемелерiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы N 366  қаулысының  4-тармағы 3) тармақшасының;
      3) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 1293  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағының күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1125 қаулысымен  
бекiтiлген     

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетi туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құзыретi шегiнде бақылау, қадағалау және iске асыру функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында салааралық үйлестiрудi және басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N  899  қаулысымен.
      2. Комитеттiң мынадай аумақтық көлiктегi мемлекеттiк бөлiмшелерi бар:
      көлiктегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасы;
      өңiрлiк темiр жол және әуе көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары;
      бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.21. N 760 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  қаулысымен .
      3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.
      5. Комитетті, көлiктегi аумақтық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.21. N 760 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  қаулысымен .
      6. Комитет заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тілде өз атауы бар мөрлерi, мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi органдарында және банктерде шоттары болады.
      Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
      Комитеттiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      7. Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Комитетке кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
      8. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
      9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi мемлекеттік мекемесi.
      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

  2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

      11. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
      1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылау-қадағалау функциялары:
      Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
      халықты жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егудiң ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;
      өз құзыретi шегiнде лицензиялауға жататын қызмет түрлерiне лицензия беруге байланысты қызметтi жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуынан, адамның денсаулығына қауiптiлiгi ықтимал өнiмдi, химиялық, уытты, радиациялық және биологиялық заттарды әкелуден санитарлық қорғау;
      халықтың иммунитетiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгi (сәйкес еместiгi) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
      2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру саласындағы функциялар:
      Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуынан санитарлық қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын шешiмдер қабылдау;
      тамақтан улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде өз құзыретi шегiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      өз құзыретi шегiнде жобалардың мемлекеттiк сараптамасына қатысу;
      мемлекеттiк органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
      мемлекеттiк органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламалары іске асыру жөнінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
      гигиеналық нормативтерді және мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін регламенттейтін құқықтық актілерді бекіту;
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін тексерудің дүркіндігін белгілеу;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес келтiру туралы талап қою;
      Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған, ықтимал қауiп төндiретiн химиялық, биологиялық заттардың тiзiлiмiн және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жасау және жүргiзу;
      өнiмге, тауарларға, процестерге, қызмет көрсетулерге және жобалау нормаларына мемлекеттiк стандарттар жобаларын келiсу;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және өзге де ұйымдардың қызметiн үйлестiру, олардың орындалуына қатысу, ғылыми жетiстiктердi практикалық қызметке енгiзу;
      салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысу және халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және өткiзiлетiн санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
      балалар тағамы өнiмдерiн, тамаққа тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды (нутрицевтиктердi), генетикалық модификацияланған көздердi, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдердi керi қайтарып алу жөнiнде сараптамалық комиссиялар құру;
      балалар тағамы өнiмдерiн, тамаққа тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды (нутрицевтиктердi), генетикалық модификацияланған көздердi, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдердi керi қайтарып алуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн мерзiмдi баспа басылымдарында жариялау;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi келiсу;
      гигиеналық оқытуды және салауатты өмiр салтын насихаттауды ұйымдастыру;
      санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi ұйымдастыру және жүргiзу;
      жұқпалы, паразиттiк, кәсiби және басқа да аурулар мен улануларды тiркеудi жүзеге асыру;
      егер осы iс-шаралар Қазақстан Республикасы аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, басқа елдердiң санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларын баламалы ретiнде тану;
      халықаралық практикада қауiп-қатердi бағалаудың жалпыға бiрдей қабылданған әдiстерiн есепке ала отырып, қауiп-қатердi бағалауды жүргiзуге құқылы барлық ұйымдар үшiн бiрыңғай әдiснаманы айқындау;
      аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейi төмен аумақтарды немесе олардың бөлiктерiн айқындау;
      жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын мерзiмдi аттестаттауды, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң республикалық ұйымдарының басшыларын кәсiби құзыреттiлiгiне аттестаттауды жүргiзу;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мамандарына жоғары және бiрiншi бiлiктiлiк санатын берудi жүзеге асыру.
       Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N  899  қаулысымен.
      12. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет өз құзыретiнiң шегiнде:
      1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      2) тұжырымдамаларды, стратегияларды, даму жоспарларын, мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бәсекелестiктi дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) халықтың жекелеген топтарына эпидемиологиялық көрсеткiштер мен санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды реттеу жөнiндегi санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды, алдын ала егулердi жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге;
      5) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
      6) халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шаруашылық қызметте әкелуге, сондай-ақ өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;
      7) халықтың декреттелген топтарына жататын, жұқпалы, паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын, сондай-ақ медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарымдар шығаруға;
      8) шектеу шараларын, оның iшiнде жекелеген объектiлерде карантин белгiлеуге;
      9) жұқпалы және паразиттiк аурулардың ықтимал таратушы көздерi болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласқан адамдарды зертханалық тексеру нәтижелерi алынғанға дейiн оларды жұмыстан шеттете отырып, медициналық тексеруге жiберуге;
      10) жұқпалы және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын адамдарды мiндеттi түрде ауруханаға жатқызуға жiберуге;
      11) халыққа мiндеттi түрде вакцина егудi, үй-жайларда және көлiк құралдарында, аумақтарда, жұқпалы және паразиттiк аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргiзудi талап етуге;
      12) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi бұзушылықтар жойылғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жекелеген жұмыс түрлерiн, жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектiлердi пайдалануды тоқтата тұруға;
      13) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен шикiзаттың барлық тyрлерiн, технологиялық жабдықтарды, процестердi, құрал-саймандарды, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн, өнеркәсiптiк бұйымдарды, құрылыс материалдарын, азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және ауыз сумен араласатын иондаушы сәулелену көздерiн, биологиялық және дәрiлiк заттар мен препараттарды, ыдыстарды, орамаларды, пластикалық, полимерлiк және басқа да материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды және басқа да кеңiнен тұтынатын тауарларды өндiруге, қолдануға, сатуға тыйым салуға;
      14) белгiленген тәртiппен тiркелмеген балалардың тамақ өнiмдерiн, тамаққа тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды, химиялық заттарды, иондаушы сәулелену көздерiн, медициналық және биологиялық препараттарды өндiруге, пайдалану мен қолдануға тыйым салуға;
      15) адам денсаулығына зиянды әсерi анықталған жағдайда тамақ өнiмдерiн өндiру және өңдеу кезiнде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауда материалдар мен реагенттердi қолдануға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен жануарларды өсiру стимуляторларын, парфюмерлiк-косметикалық өнiмдi қолдануға тыйым салуға;
      16) қолдануға жарамсыз деп танылған жағдайда ауыз сумен және шаруашылық сумен жабдықтау үшiн суды, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн пайдалануға тыйым салуға;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға;
      18) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  талаптарын бұзған жағдайда, оларға қаулымен тәртiптiк жаза қолдануға;
      19) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
      20) жеке және заңды тұлғалар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң заңды талаптарын орындамаған жағдайда оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа шағымдануға;
      21) Қазақстан Республикасының ведомстволық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерiнде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiнде мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасауға;
      22) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлерiн қызметке тағайындау мен қызметтен босатуға келiсуге;
      23) Комитеттiң жанынан консультативтiк-кеңесшi органдары мен сараптау комиссияларын құруға құқылы.
       Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N  899  қаулысымен.

  3. Комитеттiң мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүлiктен тұрады.
      14. Комитетке бекiтілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      15. Комитеттiң өзiне бекiтілiп берілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитетті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi болып табылатын төраға басқарады.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N  134  қаулысымен.
      17. Комитет төрағасының санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      18. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
      19. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы:
      1) өзінің орынбасарлары мен Комитет бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн, өкілеттілiктерi мен жауапкершілiгiн белгілейдi;
      2) заңнамаға және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитет орталық аппаратының қызметкерлерi мен көлiктегi аумақтық бөлiмшелерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
      4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілiктердi жүзеге асырады.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1125 қаулысымен   
бекiтілген 

       Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.21. N 760 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  қаулысымен .

  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

Органдар

      1. Аумақтық көлiктегі мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
      1) Оңтүстiк-Шығыс өңiрлiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:
      Шымкент бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Жамбыл бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Семей бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Защита бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегі мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      2) Көлiктегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
      Қостанай бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегі мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Қарағанды бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегі мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Павлодар бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегі мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Жаңаарқа бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Көкшетау бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Атбасар бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      3) Батыс өңiрлiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
      Атырау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Орал бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Қызылорда бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Маңғыстау бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      4) Оңтүстік-Шығыс өңiрлiк әуе көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      5) Солтүстік-Батыс өңiрлiк әуе көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.

Мемлекеттiк мекемелер

      2. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер:
      1) Оңтүстiк-Шығыс өңiрлiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, төменде санамаланған аумақтық бөлімшелерiмен бiрге:
      Шымкент бөлiмшелiк темiр жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Жамбыл бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Семей бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Защита бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      2) Көлiктегi бас санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:
      Қостанай бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Қарағанды бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Павлодар бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Жаңа Арқа бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Көкшетау бөлiмшелiк темiр жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Атбасар бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      3) Батыс өңiрлiк темiр жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетілген аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
      Атырау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Орал бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Қызылорда бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Маңғыстау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      4) Оңтүстік-Шығыс өңiрлiк әуе көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      5) Солтүстiк-Батыс өңiрлiк әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1125 қаулысымен   
бекiтілген      

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетiнiң құрылымы

      1. Басшылық
      2. Эпидемиологиялық бақылау басқармасы
      2.1. Эпидемиологиялық бақылау бөлiмi
      2.2. Карантиндiк және зооноздық жұқпалы аурулар бөлiмi
      3. Санитарлық-гигиеналық бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық нормалау басқармасы
      3.1. Санитарлық-гигиеналық бақылау бөлiмi
      3.2. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлiмi