Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1125 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
      2) Комитеттiң құрылымы;
      3) Комитеттiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Комитеттiң төрағасына бiр орынбасары болуға рұқсат берiлсiн.

      3. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 21  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 7-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" және "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемелерiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы N 366  қаулысының  4-тармағы 3) тармақшасының;
      3) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 1293  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағының күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1125 қаулысымен  
бекiтiлген     

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетi туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құзыретi шегiнде бақылау-қадағалау және iске асыру функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
      Комитеттiң негізгі мiндеттерi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың мониторингiн жүргiзу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
      2. Комитеттiң мынадай аумақтық көлiктегi мемлекеттiк бөлiмшелерi бар:
      көлiктегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасы;
      өңiрлiк темiр жол және әуе көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары;
      бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.21. N 760 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  қаулысымен .
      3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.
      5. Комитетті, көлiктегi аумақтық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.21. N 760 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  қаулысымен .
      6. Комитет заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тілде өз атауы бар мөрлерi, мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi органдарында және банктерде шоттары болады.
      Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
      Комитеттiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      7. Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Комитетке кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
      8. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
      9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi мемлекеттік мекемесi.
      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

  2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

      11. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
      1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды бақылау-қадағалау функциялары:
      мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету;
      халықты жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егулердi ұйымдастыруға және жүргiзуге бақылауды қамтамасыз ету;
      санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiк (сәйкессiздiк) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
      санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдар өндiрудi және сапасын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;
      өз құзыретiнің шегiнде лицензиялауға жататын қызмет түрлерiне лицензиялар беруге байланысты қызметтi жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;
      2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы аясында мемлекеттiк саясатты iске асыру саласындағы функциялар:
      гигиеналық және эпидемиологиялық бейiндегi ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметiн үйлестiру;
      жұқпалы, паразиттік, кәсiби және басқа да аурулар мен улануларды тiркеудi жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру;
      өз құзыретінің шегiнде жұқпалы, паразиттік аурулар кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (алдын aлу) iс-шаралар кешенiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      гигиеналық оқытуды және салауатты өмiр салтын насихаттауды ұйымдастыру;
      санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi ұйымдастыру және жүргiзу;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi лицензиялау кезiнде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы субъектілердiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асыру;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын мерзiмдi аттестаттауды, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң республикалық ұйымдарының басшыларын кәсiби құзыреттілігіне аттестаттауды жүргiзу;
      өнiмдерге, тауарларға, процестер мен қызметтерге мемлекеттiк және халықаралық стандарттарды, жобалау нормаларын келiсу;
      балалардың тамақ өнiмдерiн, тамаққа тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды, генетикалық модификацияланған көздердi, бояушыларды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi және оларды мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi қайтарып алуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу және жариялау;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарына жоғары және бiрiншi білiктілік санатын берудi жүзеге асыру.
      12. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет өз құзыретiнiң шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      2) тұжырымдамаларды, стратегияларды, даму жоспарларын, мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бәсекелестiктi дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      5) Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша құқықтық кесiмдер шығаруға;
      6) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
      7) мемлекеттік органдардан, азаматтар мен ұйымдардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ақпарат сұрауға;
      8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiндегі ұсыныстарды мемлекеттiк органдардың қарауына енгізуге;
      9) жұқпалы және паразиттiк аурулардың көзi болып табылатын адамдарды уақытша жұмыстан босатуды ұсынуға;
      10) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын жекелеген объектілерде шектеу iс-шараларын (карантин) белгілеуге;
      11) халықты мiндеттi түрде вакциналауды жүргiзудi, үй-жайларда, аумақтар мен жұқпалы және паразиттiк аурулардың ошақтарында алдын алу және ошақтық дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны жүргізудi талап етуге;
      12) санитарлық ережелердiң бұзылуын жойғанға дейiн өнеркәсiптiң, көлiктiң, ауыл шаруашылығының, байланыстың жұмыс iстеп тұрған өндiрістiк объектiлерiн, жекелеген жұмыс түрлерiн, технологиялық процестердi, жабдықты, құрал-саймандарды, гидротехникалық құрылыстарды, қоғамдық тамақтану, сауда кәсiпорындарын және өзге де құрылыстарды, мектептердi, балалар мен емдеу-алдын алу мекемелерiн, санаторийлердi, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар мен басқа да объектілердi пайдалануға, қалалық және ауылдық елдi мекендердiң құрылысы жөнiндегі жекелеген жұмыс түрлерiн жүргiзудi тоқтата тұруға;
      13) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда заңнамада белгіленген тәртiппен шикiзаттың барлық түрлерiн, технологиялық жабдықтарды, процестердi, құрал-саймандарды, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн, өнеркәсiптiк бұйымдарды, құрылыс материалдарын, азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және ауыз сумен жанасатын иондаушы сәулелену көздерiн, биологиялық және дәрілiк заттар мен препараттарды, ыдыстарды, орамаларды, пластикалық, полимерлiк және басқа да материалдарды, олардан жасалған бұйымдарды және басқа да кеңiнен тұтынатын тауарларды өндiруге, қолдануға, сатуға тыйым салуға;
      14) белгіленген тәртiппен тiркелмеген балалардың тамақ өнiмдерiн, тамаққа тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды, химиялық заттарды, иондаушы сәулелену көздерiн, медициналық және биологиялық препараттарды өндiруге, пайдалану мен қолдануға тыйым салуға;
      15) адам денсаулығына зиянды әсерi анықталған жағдайда тамақ өнiмдерiн өндiру және өңдеу кезiнде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауда материалдар мен реагенттердi қолдануға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен жануарларын өсiру стимуляторларын, парфюмерлiк-косметикалық өнiмдi қолдануға тыйым салуға;
      16) қолдануға жарамсыз деп танылған жағдайда ауыз сумен және шаруашылық сумен жабдықтау үшiн суды, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн пайдалануға тыйым салуға;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшілiк жаза қолдануға;
      18) жеке және заңды тұлғалар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң заңды талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа шағымдануға;
      19) халықтың жекелеген топтарына эпидемиологиялық көрсеткiштер мен санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды реттеу жөнiндегi санитарлық-эпидемиологиялық (алдын алу) iс-шараларды, алдын ала егулердi жүргiзу туралы ұсыныстар енгізуге;
      20) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу үшiн ұсыныстар енгiзуге;
      21) Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау ведомстволық объектілерiнде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiнде мемлекеттiк органдармен өзара іс-қимыл жасасуға құқығы бар.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.21. N 760 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  қаулысымен .

  3. Комитеттiң мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүлiктен тұрады.
      14. Комитетке бекiтілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      15. Комитеттiң өзiне бекiтілiп берілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитетті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      17. Комитет төрағасының санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      18. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
      19. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы:
      1) өзінің орынбасарлары мен Комитет бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн, өкілеттілiктерi мен жауапкершілiгiн белгілейдi;
      2) заңнамаға және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитет орталық аппаратының қызметкерлерi мен көлiктегi аумақтық бөлiмшелерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
      4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілiктердi жүзеге асырады.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1125 қаулысымен   
бекiтілген 

       Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.21. N 760 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  қаулысымен .

  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

Органдар

      1. Аумақтық көлiктегі мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
      1) Оңтүстiк-Шығыс өңiрлiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:
      Шымкент бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Жамбыл бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Семей бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Защита бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегі мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      2) Көлiктегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
      Қостанай бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегі мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Қарағанды бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегі мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Павлодар бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегі мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Жаңаарқа бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Көкшетау бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Атбасар бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      3) Батыс өңiрлiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
      Атырау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Орал бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Қызылорда бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Маңғыстау бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      4) Оңтүстік-Шығыс өңiрлiк әуе көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      5) Солтүстік-Батыс өңiрлiк әуе көлігіндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.

Мемлекеттiк мекемелер

      2. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер:
      1) Оңтүстiк-Шығыс өңiрлiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, төменде санамаланған аумақтық бөлімшелерiмен бiрге:
      Шымкент бөлiмшелiк темiр жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Жамбыл бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Семей бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Защита бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      2) Көлiктегi бас санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:
      Қостанай бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Қарағанды бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Павлодар бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Жаңа Арқа бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Көкшетау бөлiмшелiк темiр жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Атбасар бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      3) Батыс өңiрлiк темiр жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетілген аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
      Атырау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Орал бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Қызылорда бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      Маңғыстау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      4) Оңтүстік-Шығыс өңiрлiк әуе көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      5) Солтүстiк-Батыс өңiрлiк әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1125 қаулысымен   
бекiтілген      

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетiнiң құрылымы

      1. Басшылық
      2. Эпидемиологиялық бақылау басқармасы
      2.1. Эпидемиологиялық бақылау бөлiмi
      2.2. Карантиндiк және зооноздық жұқпалы аурулар бөлiмi
      3. Санитарлық-гигиеналық бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық нормалау басқармасы
      3.1. Санитарлық-гигиеналық бақылау бөлiмi
      3.2. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлiмi