Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармалары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармалары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының үш орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27.
N 134
қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
6. "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 ақпандағы N 232 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 6, 69-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1107 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті туралы
ереже
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешендi пайдалану және жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң негiзгi мiндетi Қазақстан Республикасының минералдық шикізат кешенiнiң сенiмдi ресурстық базасын жасау болып табылады.
Комитеттің аумақтың органдары: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану аумақтық басқармалары бар.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясына
және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкiметiнің кесiмдерiне, осы Epeжегe және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзiнiң атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, eгep ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттi болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндеттi күші бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
475000, Көкшетау қаласы, Қ. Сәтбаев көшесi, 1.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлік субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәніндегi шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік саясатты iске асыру саласындағы функциялар:
жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
жер қойнауын пайдаланудың мониторингiн ұйымдастырады және жүргiзедi;
атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртiбiнiң сақталуына мониторингтi қамтамасыз етеді;
жер асты суларының және қауіптi геологиялық процестердiң мониторингін қоса алғанда, жер қойнауының мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асырады, жер қойнауының жай-күйi мониторингiнiң бiрыңғай ақпараттық компьютерлiк жүйесiн жасайды;
жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларының жұмыс iстеуiн ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы сандық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн тиімдi пайдалануды ұйымдастырады;
өз құзыретi саласындағы мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
ғылыми-зерттеу және тәжiрибелi конструкторлық жұмыстарды, өздігінен асып төгiлетiн ұңғымаларды жою және консервациялауды қоса алғанда, мемлекет мұқтажы үшін геологиялық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, геоэкологиялық мазмұндағы мемлекеттік карталарды құрастыру, басып шығару жөніндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
пайдалы қазба қорларының мемлекеттiк теңгерiмiн, кен орындары мен пайдалы қазбалар белгілерінің, жер қойнауына зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтар мен сарқынды сулардың ағындылары көмбелерінің, қауiптi геологиялық процестердiң мемлекеттiк кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қоса алғанда, мемлекет мұқтажы үшін геологиялық зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiк тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асырады;
жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеудi, жер қойнауы мониторингін, жер қойнауын қорғауды және өз құзыретіндегi мәселелер бойынша басқа да мақсаттарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттік қаржы бөлу көлемiн негiздейдi;
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылардың құрамын анықтайды;
өз құзыретінің шегiнде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн білдiреді;
жер қойнауын пайдалану мәселелерi бойынша шетелдiк және отандық инвестициялар ағымдарының қозғалысы туралы материалдарды, сондай-ақ оларды тартудың және ынталандырудың әлемдiк тәжiрибесiн зерделеудi және қорытуды жүргізеді;
2) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыратын функциялар:
тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарларын (жобаларын) бекiтедi;
пайдалы қазбаларды өндiру жөнiндегi кен орындарын әзiрлеу жобаларын бекiтедi;
мемлекеттiң жер қойнауын пайдалану аумақтарын (келiсiм-шарттық аумақтарды) геологиялық зерттеуге жұмсаған тарихи шығындарын айқындаудың бiрыңғай тәртiбiн регламенттейдi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, жер асты суларын өндiруге, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын бередi;
жер қойнауын пайдаланушылармен жасасатын келiсiм-шарттарды келісуді жүргізеді;
пайдалы қазбалардың қорларына, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпаратқа, жер қойнауын мемлекеттiк зерттеу мен мониторингi жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттамаларға мемлекеттiк сараптаманы ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалардың қорын бекiтедi;
жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алу шарттарын белгiлейдi;
атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдалануға белгiленген тәртiптi сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен міндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) өз құзыретіндегi мәселелер бойынша нормативтік құқықтық кесiмдер әзiрлеуге;
2) жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешендi пайдалану тәртiбiн бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауға;
3) өзiнiң құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және заңнамамен белгiленген әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
4) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан, сондай-ақ азаматтардан жер қойнауын пайдалануға қатысты құжаттарды, мәлiметтердi, қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
5) Қазақстан Республикасының және басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргiзуге және шарттар жасасуға;
6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асыруға;
7) Комитеттің құзыретіне енетiн мәселелердi қарау үшін мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн, мемлекеттік геологиялық сараптама жүргiзу үшiн сарапшыларды тартуға;
8) жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардың шарттарын орындау жөнiндегi тұрақты және iрiктемелi есеп-қисапты сұратуға және олардың орындалуына тексерудi жүзеге асыруға;
9) жер қойнауын пайдаланудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
10) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге құқық беру үшін кен орындары мен аумақтардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгiзуге;
11) геология және жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық конференциялар, семинарлар, көрмелер және басқа тұсаукесерлік iс-шараларын жүргiзудi қоса алғанда, республикада және шетелдерде тiкелей инвестиция тарту жөнiндегi жарнамалық-ақпараттық жұмыс жүргiзуге құқылы.
12. Комитеттiң республикалық меншікке жататын, жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
13. Комитеттің өзiне бекiтілген мүлiктi өздiгiнен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелік ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
14. Комитетті Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Төрағаның Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрi төрағаның ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
15. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және өзiнiң функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
16. Осы мақсаттарда төраға:
1) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейдi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптік жаза қолдану туралы шешiм қабылдайды;
4) бұйрықтар шығарады;
5) Комитеттiң құрылымдық бөлімшелерi, оның аумақтық органдары туралы ережелердi және ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғыларын бекітеді;
6) аумақтық органдардың штаттық кестелерiн бекiтедi;
7) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
17. Жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешендi пайдаланудың проблемалық мәселелерiн қарау мақсатында Комитет консультациялық-кеңесші орган ретінде ғылыми-техникалық алқа құрады. Алқа туралы ереженi және оның дербес құрамын төраға бекiтедi.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
18. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1107 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Мемлекеттiк құпияларды қорғау, iс жүргiзу, заң және мемлекеттік қызмет бөлiмi
Қатты пайдалы қазбалар жөніндегi геологиялық зерттеу және жер қойнауын пайдалану басқармасы
Гидрогеология және инженерлiк геология басқармасы
Көмірсутектi шикiзатты геологиялық зерттеу және жер қойнауын пайдалану басқармасы
Пайдалы қазбалардың қорлары жөнiндегі мемлекеттiк комиссия басқармасы
Экономика және қаржы басқармасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1107 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесi.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны.
3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметриялық кәсіпорын" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1107 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық геология және
жер қойнауын пайдалану басқармаларының тiзбесi
1. "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы
2. "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы
3. "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстiк Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы
4. "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы
5. "Оңтүстiкқазжерқойнауы" Оңтүстiк Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы