Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнің мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармалары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.

      3. Қоса беріліп отырған:
      1)  (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1278  Қаулысымен).
      2)  (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1278  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен).
      3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      4) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармалары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      4.  (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1278  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен).

      5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      6. "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 ақпандағы N 232  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 6, 69-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1107 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті туралы
ереже

       Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1278  Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1107 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
құрылымы

       Ескерту. Құрылымы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1278  Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1107 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесi.
      2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны.
      3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметриялық кәсіпорын" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1107 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық геология және
жер қойнауын пайдалану басқармаларының тiзбесi

      1. "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы
      2. "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы
      3. "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстiк Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы
      4. "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы
      5. "Оңтүстiкқазжерқойнауы" Оңтүстiк Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы