Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнің мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармалары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.

      3. Қоса беріліп отырған:

      1) (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1278 Қаулысымен).
      2) (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1278 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен).

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;

      4) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.24 N 1278 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2008.05.12 N 437 Қаулыларымен.
      4. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1278 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен).

      5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      6. "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 ақпандағы N 232 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 6, 69-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Pecпубликасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1107 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті туралы
ереже

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1278 Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1107 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Құрылымы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1278 Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1107 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесi.

      2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны.

      3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметриялық кәсіпорын" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1107 қаулысымен
бекiтiлген

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.05.12 N 437 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі

      1. "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті;

      2. "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті;

      3. "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті;

      4. "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті;

      5. "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті.