Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1381 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1381 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрi |
|
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
ережесі
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2013 N 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Осы Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-1) әлеуметтiк аударымдар – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;
2) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек – есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомалары;
3) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесi – әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
4) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам;
5) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.
6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) – әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды, мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оларға қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға;
6-1) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (Ережеге қатысты) – өздерiн табыс әкелетiн жұмыспен қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор.
Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар деп дара кәсiпкерлер – қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерi танылады;
8) уәкiлеттi орган – Қор қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.04.2016 № 215 қаулыларымен.2. Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртiбi
2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.
Егер күнтізбелік айда әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).3. Жұмыс берушi үшiн орындаған жұмыстары, көрсеткен қызметтерi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстары әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың алатын табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның алатын табысы "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсатында айқындалатын табыстан аспайтын өз пайдасына әлеуметтік аударымдар есептеу мақсатында өздері дербес айқындайтын сома болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 27.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 862 қаулыларымен.4. Жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төлейтін шығыстарын есептеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) көзделген тәртіппен жұмыс берушінің қызметкерлерге табыс түрінде төлейтін шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай үлесін қоса отырып жүргізіледі.
Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың шығыстарына материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде алынған табысты қоса алғанда, қызметкерге ақшалай немесе заттай нысанда төленетін табыстар жатады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.04.2016 № 215 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.5. Қорға әлеуметтік аударымдар Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12), 31) тармақшаларында және 156-бабы 1-тармағының 12), 18), 24), 30), 32)тармақшаларында және 357-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген табыстардан төленбейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн Қорға төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 617 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.04.2016 № 215 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3. Әлеуметтік аударымдарды аудару тәртiбi мен мерзiмi
7. Төлеушiлер Қорға әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік корпорация арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктiрмей, әлеуметтік аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қоса бере отырып, өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Банк шотын ашпай банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) арқылы ақша аудару жолымен әлеуметтік аударымдарды төлеу "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді құрылымдық бөлiмшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді.
Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары әлеуметтік аударымдар төленетiн ай сайынғы кезеңі (ай, жыл) көрсетіле отырып төленеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.09.2017 № 603 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).8. Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН); тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған күнін; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңді (ай, жыл) қамтуы тиiс.
Қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында төлеушілер әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді "Төлемнің мақсаты" деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында – форматта көзделген жеке "ААЖЖЖЖ" деген жолда көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.09.2017 № 603 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).9. Мемлекеттік корпорация әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды әлеуметтік аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.10. Банктердiң Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмi қоса берілген MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215; 27.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 862 қаулыларымен.11. Төлеушілер берешектi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен кезең (жыл, ай, айлар) үшін жүргізедi.
12. Банктер әлеуметтік аударымдар сомаларын Мемлекеттік корпорацияның шотына осы сомалар төлеушiнiң банк шотынан есептен шығарылған күнi аударады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.13. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік аударымдардың сомалары операциялық үш күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады.
Мемлекеттік корпорация:
1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген;
2) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адам болып табылатын;
3) өзі үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.14. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушiге осы Ереженің 8-тармағына сәйкес өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама жібереді.
Бұл ретте егер әлеуметтік аударымдар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын жағдайда, хабарлама жіберілмейді.
Хабарлама нысанын бюджетке салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті орган белгілейді.
Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.04.2016 № 215 қаулыларымен.15. Мемлекеттік кірістер органы төлеушiлерден мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн алған кезде әлеуметтiк төлемдер бойынша қалыптасқан берешектi кейiннен Қорға аудару үшiн көрсетiлген тiзiмдердi қоса беріп, төлеушiлердiң банктiк шоттарына инкассолық өкiмдер бередi.
Төлеушiнiң банктiк шоттарында ұлттық валютадағы ақша болмаған жағдайда, мiндеттi әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өндiрiп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада берген инкассолық өкiмдер негiзiнде төлеушiнiң банктiк шоттарынан шетелдiк валютада жүргiзiледi.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Осы Ереженің 14-тармағында көзделген хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер төлеушілердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
Салық төлеуші касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді алған сәттен бастап кассаға түсетін барлық қолма-қол ақша Қорға аударуға жатады.
Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші сөзсіз орындауы тиіс.
Мемлекеттік кірістер органының банктік шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін осындай өкім шығарған мемлекеттік кірістер органы банктік шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулыларымен.17. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).18. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмпұл сомасын төлеу үшiн "төлем мақсаты" деген жолда – "кезең (жыл, ай, айлар) үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмпұл" деп көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады.
19. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімпұл кезең үшін (жыл, ай, айлар) MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен төленедi.
20. Мемлекеттік корпорация өсiмпұл сомалары түскен күннен бастап операциялық үш күн iшiнде Қордың банктік шотына ақшаны MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.21. Төлеушiнің Қорға артық (қате) аударылған әлеуметтiк аударымдарын және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банктің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлейтін банктiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi.
22. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.
23. Өзі үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының табысына салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұл сомаларын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу арқылы дербес түзейдi.
Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу өтіліне есепке алынған кезеңге есептелген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.4. Әлеуметтік аударымдарды қайтару тәртібі
24. Төлеуші артық (қате) төлеген және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы толық төлемегені үшін әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың Қорға аударылған сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
төлеушi (төлеушінің банкi) Мемлекеттік корпорацияға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға өтінiш бередi;
өздері үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате жіберілген жағдайда өтiнiшке осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растау-анықтама қоса беріледi;
мiндеттi әлеуметтік аударымдарды қолма-қол ақшамен төлеудi жүзеге асыратын төлеушiлер растау-анықтамаға әлеуметтiк аударымдардың төленгені туралы төлем құжатының көшiрмесiн қоса бередi;
Мемлекеттік корпорация операциялық бес күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi, өтiнiш осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасымен қоса Қорға жiберіледi;
Қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн Қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық жеті күн iшiнде ақшаны Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктік деректемелерi, қатысушылардың тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) мен олар бойынша қайтару сомалары көрсетілген төлеушілердiң тiзілiмiн сол күнi Мемлекеттік корпорацияға бередi. Қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша Қор себебiн көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға бас тарту туралы шешiмдi бередi;
Мемлекеттік корпорация Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын операциялық үш күн iшiнде төлеушiге аударады;
төлеушi әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация арқылы алады;
Мемлекеттік корпорация өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған сомаларды есептен шығарады;
Мемлекеттік корпорация артық есептелген сомалар қайтарылғаннан кейiн Қорды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешiмнiң орындалғаны туралы хабардар етедi;
Мемлекеттік корпорация мен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың аударылуын, сондай-ақ Қордан әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.25. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жіберген жағдайда, банк "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 862 қаулысымен.26. Қор келіп түскен және қайтарылған артық төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi.
27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есеп-қисап ұсынады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.28. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың тiзiлiмдерiн ұсынады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.29. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.
Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi.
30. Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын төлеуші Мемлекеттік корпорациядан міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуына және тегін алуына болады.
Ескерту. 30-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.31. Төлеуші міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінім толтырады және Мемлекеттік корпорацияға оның бөлімшелері арқылы ұсынады.
Ескерту. 31-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.32. Мемлекеттік корпорация төлеуші жүгінген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы төлеушіге береді.
Ескерту. 32-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.
|
"Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру
қоры" акционерлік қоғамының басшысы
____________________________
кімнен ______________________________________________________
(әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеушiнiң немесе төлеушi банкінiң атауы)
Өтiнiш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.
_______________ №___ төлем тапсырмасымен аударылған қате (артық) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын _____________________________________________________________ атына
(өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын және қайтарылуға жататын соманы көрсету) қайтаруды жүргізуді сұраймын,
референс, жалпы сомасы __________, қайтару сомасы ________.
Кейiнгі төлемдермен түзету мынадай себепке байланысты мүмкін емес (қажеттісін белгілеу керек):
1) төлеушi немесе банк бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмалары негiзiнде екi немесе одан да көп рет Қордың шотына қате аударған;
2) алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған табысқа артық есептелген;
3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;
4) төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;
5) МТ-102 төлем тапсырмасы форматында, тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген;
6) төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;
7) әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұлдар болып табылмайтын қаражат Қордың шотына қате аударылған;
8) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
_____________________________________________________________
(төлеушінің толық деректерi, барлық банктік деректемелерi көрсетiледi)
Қосымшалар: төлем құжатының көшiрмесi.
Қажет болған жағдайда: жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметі тоқтатылғанын растайтын құжаттың көшiрмесі, зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі, өтініштегі және төлеушінің төлем құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда – қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам өтініш берген жағдайда – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
Қолдары:
Басшы
Бас бухгалтер
_____________
Ескертпе.
өтініш бланкіде толтырылып, мөрмен (бар болса) расталады (факсимилемен қол қоюға жол берілмейді)
|
Анықтама-pacтама
(әлеуметтік аударымдар төлеушiнiң атауы) | ||||||||||||
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл төлеген кезде, мынадай төлем тапсырмаларына, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар тізімдерінде қателіктер жiберілгенiн растайды: | ||||||||||||
Р/с № | Төлем тапсырмасының № | Төлем тапсырмасының күні | Төлем тапсырмасының жалпы сомасы | Референс | ЖСН | Т.А.Ә. | Туған күні | Қате аударылған (теңге) | Аударылуға тиісті (теңге) | |||
Кезең (ААЖЖЖЖ) | Сомасы (теңге) | Кезең (ААЖЖЖЖ) | Сомасы (теңге) | |||||||||
Бірінші басшы | (Т.А.Ә.) | |||||||||||
(қолы) | ||||||||||||
Бас бухгалтер | (Т.А.Ә.) | |||||||||||
(қолы) |
Мөр орны
|
"Мемлекеттік әлеуметтiк
сақтандыру қоры" АҚ басшысы
___________________________
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мынадай төлеушілер бойынша 20__ жылғы "___" ____________ № ____ өкімге сәйкес "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамынан түскен қате аударылған міндетті әлеуметтік аударымдар сомаларының қайтарылғаны туралы хабардар етеді:
Р/с № | Төлеушінің атауы | Сомасы (теңгеде) | Қордың төлем тапсырмасының нөмірі мен күні | Негіз |
Барлығы: |
Басшы _______________ Т.А.Ә.
(қолы)