"Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 21 маусымдағы
N 683 қаулысымен
бекiтiлген
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесi
Осы Ереже "Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеудің тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.
Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды жинауды және мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыдан - асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдi жүргiзетiн заңды тұлға.
2. Әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - әлеуметтік аударымдарды есептеудi және Қорға төлеудi жүзеге асыратын жұмыс беруші немесе өзін-өзi жұмыспен қамтыған адам.
3. Әлеуметтік аударымдар - Қорға төленетiн, заңда белгiленген мiндетті төлемдер.
4. Әлеуметтік аударымдар ставкасы - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсінің шамасына қарай пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Қорға төленетiн міндетті төлемдердiң тiркелген мөлшерi.
2. Әлеуметтік аударымдарды есептеудiң
тәртiбi мен мерзiмi
5. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi.
Бұл ретте, әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.
6. Жұмыс берушi үшiн орындаған жұмысы, көрсеткен қызметi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстары әлеуметтiк аударымдардың объектiсi болып табылады.
Жұмыспен өзiн өзi қамтыған адамдар үшiн олардың алатын табысы әлеуметтiк аударымдардың объектiсi болып табылады.
7. Жұмыс берушінің қызметкерге кiрiстер түрiнде төленетiн шығыстарын есептеу, әскери қызметшілердiң, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлестерiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге кiрiс түрiнде төлейтiн шығыстарына қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде (бұдан әрi - Салық кодексi) көзделген тәртiппен жүргiзіледi.
Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердiң, жеке меншiк нотариустар мен адвокаттардың шығыстарына қызметкерге ақшалай немесе заттай нысанда төленетін кiрiстер, оның iшiнде материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде алынған кiрiсті қоса алғанда, сондай-ақ бiржолғы төлемдерден (еңбекақы төлеу бөлiгiнде) алынған, бiрақ тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен жалақы мөлшерiнен төмен емес кiрiсi жатады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ жеке меншік нотариустар мен адвокаттар үшiн олардың алатын кiрiсi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады. Бұл ретте әлеуметтiк аударымдар есептеу үшiн ай сайынғы кiрiс ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын, бiрақ тиiсті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерiнен төмен емес мөлшерде алынады.
Арнайы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер үшiн әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн алынатын кiрiстің мөлшерi тиiсті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетiн ең төмен жалақы мөлшерiне теңестіріледi.
8. Салық кодексінiң
144-бабының
1), 3), 10), 11), 15-17), 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларымен және
316-бабы
1-тармағының 4-7) тармақшаларымен белгіленген кiрiстерден Қорға әлеуметтiк аударымдар төленбейдi.
9. Қорға міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн төлеуге жататын әлеуметтiк аударымдар:
2005 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң 1,5 пайызы;
2006 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң 2 пайызы;
2007 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнiң 3 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимi қолданылатын, жұмыспен өзін өзi қамтыған адамдар үшін, олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi:
2005 жылдың 1 қаңтарынан - тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен жалақының 1,5 пайызын;
2006 жылдың 1 қаңтарынан - тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн ең төмен жалақының 2 пайызын;
2007 жылдың 1 қаңтарынан - тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен жалақының 3 пайызын құрайды.
10. Төлеушiлер әлеуметтiк аударымдарды Қорға Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Алматы Бас филиалында ашылған N 413609816 банктік шоты, МФО 190501109 арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешіктiрмей, олар үшiн аударымдар жүргiзiлетiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қосып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен төлейдi.
Төлеушiлердiң әлеуметтiк аударымдарды банкке қолма-қол ақша нысанында енгiзуi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.
11. Олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке адам бойынша: әлеуметтік жеке кодын (бұдан әрi - ӘЖК), тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған жылын; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн айы мен жылын қамтуы тиiс.
Егер тегi, аты, әкесiнің аты өзгерген болса, онда жеке тұлғаның ӘЖК алу үшiн тiркеу карточкасына толтырған бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты қатар көрсетіледi.
12. Орталық әлеуметтiк аударымдардың есебiн олар үшiн аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ӘЖК базасында жүзеге асырады.
13. Банктердiң Орталыққа ақшаны аударуы олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.
Төлеушiнiң банкi әлеуметтiк төлемдердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы аударған жағдайда төлеушi банкке қағаз жеткiзгiштегi төлем тапсырмасының төртiншi данасын қосымша ұсынады, оны төлеушiнiң банкi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) филиалдарына жібередi.
14. Төлеушілер берешектердi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен әрбiр ай үшін бөлек жүргізедi.
15. Банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдар сомасын Орталықтың шотына осы сома төлеушiнiң банктік шотынан есептен шығарылған күнi аударады.
16. Орталықтың шотына түскен әлеуметтік аударымдардың сомасы үш банктік күн iшiнде Қордың шотына аударылады.
17. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде, салық органдары төлеушiге хабарлама жiберілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн салық органына ұсыну туралы хабарлама жібередi.
18. Салық органы төлеушілерден мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн алған кезде, түпкi алушы ретiндегі бенифициар - Қорды, банк-делдал ретiнде - Орталықты көрсете отырып, төлеушілердiң банктік шоттарына инкассалық өкiмдер бередi.
19. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы сомасын төлеу үшiн "төлем нысанасы" жолында - "ай, жыл үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмақыны" көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады.
20. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімақы әрбiр ай үшiн MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен бөлек төленедi.
21. Орталық өсiмақы сомасы түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде ақшаны Қордың шотына MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.
22. Төлеушiнің Қорға артық төлеген әлеуметтiк аударымдардың сомасын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банкiнің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлеушi банкiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi.
23. Қордың шотына артық аударылған:
төлеушi немесе төлеушiнiң банкi бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет төлеген әлеуметтік аударымдар;
MT-102 төлем тапсырмасы форматында, оның тiзiм бөлiгiндегi қатысушылардың сомасында қателер жiберiлген:
жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған кiрiске артық есептелген, алушылар қайтаруға жататын;
мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар төзiмiндегi есептiк және механикалық қателер;
жұмыс iстеп жүрген зейнеткерлер үшiн артық төленген әлеуметтік аударымдар қайтаруға жатады.
24. Қатысушының кiрiсiне салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу жолымен дербес түзейдi.
Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу стажына есепке алынған кезеңге есептелген, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.
25. Қорға аударылған қате төлемдердi қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша артық төленген әлеуметтiк аударымдарды қайтаруға өтінiштi төлеушi (төлеушінің банкi) Орталықтың құрылымдық (аудандық /қалалық) бөлiмшесiне бередi;
олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесi қатысушылардың тiзiмдерiнде қате кеткен жағдайда өтiнiшке осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi;
мiндеттi әлеуметтік аударымдар төлеудi қолма қол ақшамен жүзеге асыратын төлеушiлер анықтама-растамаға банктiк түбiртектердің көшiрмелерiн қоса бередi;
Орталық үш банктік күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың есептелу фактісiн тексередi, осы төлем жөнiндегi барлық деректемелердiң растамасын қоса отырып, Қорға өтiнiш жiберіледi;
Қор өтiнiшті өңдегеннен кейiн, MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн, ақшаны үш банктік күн iшiнде Орталықтың шотына аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктiк деректемелерiн, қатысушылардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, төлеушілердiң тiзілiмi мен олар бойынша қайтару сомаларын сол күнi Орталыққа жiбередi. Қор себебiн көрсете отырып, қайтаруға жатпайтын сома бойынша бас тарту туралы шешiмдi Орталыққа жiбередi;
Орталық Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын үш банктiк күн iшiнде төлеушiге аударады;
төлеушi әлеуметтік аударымдар сомасын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Орталықтың бөлiмшелерi арқылы алады;
Орталық қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған соманы есептен шығарады;
Орталық артық есептелген соманы қайтарғаннан кейiн шешiмнiң орындалғаны туралы Қорды хабардар етедi;
Орталық пен Қор арасында аптасына бiр рет әлеуметтік аударымдарды және өсiмақыны, сондай-ақ Қордан қайтарымдарды аударуға салыстырып тексеру жүргiзіледi;
Орталық пен салық органы арасында аптасына бiр рет әлеуметтiк аударымдар түсiмiне салыстырып тексеру жүргiзiледi.
26. Төлеушiге қызмет көрсететiн банк электрондық төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жiберген жағдайда, банк "Төлемдер және ақша аударымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберілген қателердi түзету жөнiнде шаралар қабылдайды.
27. Қор келіп түскен және қайтарылған артық аударылған әлеуметтік аударымдардың есебiн жүргiзедi.
28. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік аударымдар төлеушi ретiнде тiркелген жерi бойынша салық органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша есептердi ұсынады.
29. Орталық күн сайын, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша, өткен күн үшiн келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың тiзiлiмдерiн ұсынады.
30. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электронды немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.
Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi.
Әлеуметтiк аударымдарды
есептеу ережесiне
1-қосымша
"Мемлекеттік әлеуметтiк
сақтандыру қоры" акционерлiк
қоғамының басшысына
Өтiнiш
__________________________________________________________________
(әлеуметтiк аударымдар төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң атауы)
"__" _____________ N _________________________ төлем тапсырмасымен
____________________________________________________________ атына
(мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың
Т.А.Ә., ӘЖК көрсетiлсiн)
аударылған қате (артық) есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын қайтаруыңызды сұраймын, жалпы сомасы ______, қайтару сомасы Кейiннен төлемдермен түзету енгізу
____________________________________________
__________________________________________________________________
(қайтарым талап етiлетiн себеп көрсетiлсiн, мысалы, қызметкер
жұмыстан босатылса, механикалық қате жiберiлсе, банк қате
жiберсе және т.б.)
салдарынан мүмкiн емес.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
__________________________________________________________________
(кәсiпорынның толық деректерi, барлық банктік деректемелерi
көрсетiледi)
Қосымшалар: төлем тапсырмасының көшiрмесi, сомасы мен деректемелерiнде қате жiберілген, мiндеттi әлеуметтік сақтандыруға қатысушылар тiзiмiнің көшiрмесi, жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшiрмесi.
Қолдар:
Басшы
Бас бухгалтер
M.O.
Ескерту: өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады
Әлеуметтiк аударымдарды
есептеу ережесiне
2-қосымша
Анықтама - pacтама
__________________________________________________________________
(әлеуметтік аударымдар төлеушiнiң атауы)
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу кезiнде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың (алушылардың) деректемелерiнде мынадай тапсырмаларда қателер жiберілгенiн растайды:
__________________________________________________________________
Төлем тап.|Төлем тап.| Төлем тап. | Алушының |Т.А.Ә.және туған
сырмасының|сырмасының| сырмасының |жеке сомасы| күні (алушының
N | күні |жалпы сомасы| | дұрыс емес
| | | | деректемелерi)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
ӘЖК ____________________________
Т.А.Ә. _________________________
Туған күні _____________________
дұрыс деп есептелсін
Бiрiншi басшы ______________ (Т.А.Ә.)
(қолы)
Бас бухгалтер ______________ (Т.А.Ә.)
(қолы)
Мөртаңба орны