Қазақстан Республикасының орнықты дамуға тиiмдi көшуi үшiн мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, ведомствоаралық үйлестiрудi және сектораралық ықпалдасуды күшейту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Қазақстан Республикасының орнықты даму жөнiндегi кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
3. Мыналардың:
1) "Рио+10" тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 430
қаулысының
;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 922
қаулысымен
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 37, 374-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстердiң 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 19 наурыздағы
N 345 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының
орнықты даму жөнiндегi кеңесiнiң
құрамы
Марченко - Қазақстан Республикасы Премьер-
Григорий Александрович Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Самақова - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Айткүл Байғазықызы ортаны қорғау министрi, төрағаның
орынбасары
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттiк жоспарлау министрi,
төрағаның орынбасары
Қарағұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейiсқызы халықты әлеуметтiк қорғау министрi,
төрағаның орынбасары
Бекниязов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Болат Қабыкенұлы ортаны қорғау министрлігі экологиялық
саясат және тұрақты даму департаментi
директорының орынбасары, хатшы
Бурлаков - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Леонид Николаевич Сенаты Аймақтық даму және жергілiктi
өзiн өзi басқару мәселелерi жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Сыздықов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Тито Уахапұлы Мәжiлiсi Экология және табиғатты
пайдалану мәселелерi жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Мамытбеков - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Едiл Құламқадырұлы Әкiмшiлiгi әлеуметтiк-экономикалық
талдау бөлiмi меңгерушiсiнiң
орынбасары (келiсiм бойынша)
Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қайрат Қуатұлы бiрiншi вице-министрi
Белоног - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау бiрiншi вице-министрi
Рябченко - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Олег Григорьевич бiрiншi вице-министрi
Айтекенов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медыбайұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермек Әмiрханұлы вице-министрi
Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Жақып Қажыманұлы вице-министрi
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Нұралы Сұлтанұлы ғылым вице-министрi
Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Тамара Босымбекқызы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi
Есекешов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және сауда вице-министрi
Қошанов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Ерлан Жақанұлы коммуникациялар вице-министрi
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбдiлдаұлы ортаны қорғау вице-министрi
Оразбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бiрлiк Есiркепұлы және минералдық ресурстар вице-министрi
Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмахамбетұлы вице-министрi
Әдiлбеков Дәурен - Қазақстан Республикасының Ақмола облысы
Зекенұлы әкiмiнiң орынбасары
Байғожин - Қазақстан Республикасының Атырау облысы
Марат Имашұлы әкiмiнiң орынбасары
Ретаев - Қазақстан Республикасының Қызылорда
Серiк Сәлiмұлы облысы әкiмiнiң орынбасары
Селiханов - Қазақстан Республикасының Шығыс
Дүйсембай Мағзұмұлы Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары
Астанина - Қазақстан Республикасының "Greenwomen"
Лидия Үкiметтiк емес ұйымының директоры
(келiсiм бойынша)
Баталов - Қазақстан Республикасы Кәсiпкерлерiнiң
Райымбек Әнуарұлы форумы, кеңесiнiң төрағасы (келiсiм
бойынша)
Жұрынов - Қазақстан Республикасы Ғылым
Мұрат Жұрынұлы академиясының президентi (келiсiм
бойынша)
Кенжеғозин - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Марат Балғожаұлы министрлiгiнiң Экономика институтының
директоры
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Тәуелсiз
Сиязбек Өнербекұлы кәсiподақтар федерациясының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Поляков - Қазақстан Республикасының Үкiметтiк
Александр Петрович емес ұйымдары ЭкоФорумының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Өмiрбаев - Қазақстанның фермерлер одағының
Әдiлхан Әбдiрахманұлы төрағасы (келiсiм бойынша)
Өтешов Нұрлан - Қазақстан жастарының конгресi, атқарушы
Сүлейменұлы директоры (келiсiм бойынша)
Сафронова - Қазақстан Республикасының Тұрақты дамуы
Антонина Сегизмундовна үшiн қазақстандық табиғат
пайдаланушылар қауымдастығының
президентi (келiсiм бойынша)
Сиврюкова - Қазақстанның Yкiметтiк емес ұйымдары
Валентина Андреевна конфедерациясының президентi (келiсiм
бойынша)
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 19 наурыздағы
N 345 қаулысымен
бекiтiлген
1. Қазақстан Республикасының Орнықты даму жөнiндегi кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады.
2. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты орнықты даму және мемлекеттiк органдардың, жеке сектордың және қоғамдық ұйымдардың сектораралық ынтымақтастығы негiзiнде орнықты даму жөнiндегi Дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн орындау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық секторларының ықпалдасуына жәрдемдесу болып табылады.
3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңес қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары
4. Кеңестiң мiндеттерi:
1) орнықты даму мақсатына қол жеткiзу жөнiнде елдiң және халықаралық қауымдастықтың күш-жiгерiн шоғырландыру үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық саясатының ықпалдасуына жәрдемдесу;
2) орнықты даму қағидаттарының стратегиялық жоспарлауға және әлеуметтiк-экономикалық дамуды басқаруға ықпалдасуына жәрдемдесу;
3) орнықты даму саласындағы шешiмдердi орындау, сондай-ақ орнықты дамудың мемлекеттiк, салалық (секторальдық) және өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың, қоғамның мүдделi топтарының қызметiне жәрдемдесу;
4) орнықты дамудың институционалдық құрылымдарының қызметiне жәрдемдесу;
5) ұлттық және халықаралық деңгейлерде орнықты даму саласында Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу болып табылады.
5. Кеңес функциялары мынадай бағыттар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
1) өндiріс пен тұтынудың орнықты модельдерiн енгiзу;
2) шөлейттенуге қарсы күрес;
3) экологиялық және гендерлік аспектiлердi ескере отырып, кедейлiкке қарсы күрес;
4) биологиялық әртүрлiлiктi және мәдени мұраны сақтау;
5) орнықты көлiк жүйелерiн дамыту;
6) шығарындыларды, оның iшiнде парник газдары мен озон бүлдiретiн заттарды азайту;
7) ауыз суға қол жеткiзу, трансшекаралық, оның iшiнде су проблемаларын шешу;
8) жаңа және экологиялық қауiпсiз технологияларды пайдалану;
9) энергия тиiмділiгi және энергия үнемдеу;
10) радиациялық және химиялық қауiпсiздiк әрi қалдықтарды басқару;
11) халықтың денсаулығына экологиялық қатерлердiң алдын алу және азайту;
12) жаһандану және сауда;
13) орнықты даму жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу, бiлiм беру және ақпараттық инфрақұрылым;
14) орнықты дамудың өңірлік проблемалары.
Орнықты даму мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк органдар мен жұртшылықты хабардар ету. Орнықты даму мәселелері бойынша жыл сайынғы есеп берудi дайындау және оны жариялау. Орнықты даму мақсатына қол жеткiзу жөнiнде Қазақстанның прогресi туралы халықаралық ұйымдарға ақпарат беру.
Орнықты дамуға көшу жөнiндегi прогресс мониторингi және бағалау әрi орнықты даму көрсеткiштерi мен индикаторларын әзiрлеу және енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу.
Орнықты дамудың аумақтық және салалық жобаларын ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ орнықты даму жөнiндегi модельдiк жобаларды әзiрлеуге жәрдемдесу.
6. Кеңес төраға, төрағаның орынбасары, оның мүшелерi мен хатшысының құрамында қалыптастырылады.
7. Кеңес мүшелерi мемлекеттiк органдар басшылары мен өкiлдерiнен тағайындалады. Кеңес құрамына келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, ғылыми, үкiметтiк емес, жеке және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар мен мамандар енгiзiледi. Кеңестiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
8. Кеңес төрағасы:
1) Кеңестiң қызметiне оның отырыстарының аралығында жетекшiлiк жасайды;
2) Кеңестiң отырыстарына төрағалық етедi. Төраға болмағанда, оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес төрағасы орынбасарларының бiрi төрағалық етедi;
3) Кеңестiң отырыстарында қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) әртүрлi кеңестерде, кездесулерде және халықаралық форумдарда Кеңестi бiлдiредi;
5) Кеңес жұмысының қорытындысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң алдында есеп бередi;
6) Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiмен және тапсырмаларымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
9. Кеңес мүшелері ұсыныстар енгiзедi, ақпарат және басқа да материалдарды бередi, күн тәртiбiндегi мәселелердi және оның отырыстары шешімдерiнiң жобаларын талқылауға қатысады. Кеңес мүшелерi өзiнiң отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
10. Кеңес хатшысы:
1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
2) Кеңес отырыстары күн тәртiбiнiң жобасын қалыптастырады;
3) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешiмдердiң жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
4) Кеңес мүшелерiн және халықаралық ұйымдардан шақырылған өкілдерді Кеңестiң кезектi отырысын өткiзу орны, уақыты мен күн тәртiбi туралы хабарландырады, оларды қажеттi материалдармен уақтылы қамтамасыз етедi;
5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiсiн өз қолымен куәландырады.
11. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай Кеңес төрағасы айқындаған мерзiмде тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кеңес отырыстарында орнықты даму жөнiндегi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды орындау туралы есептер тыңдалады, Кеңес қызметiнiң қорытындысы мен нәтижелерi шығарылады. Күн тәртiбiне сәйкес отырыстарда Кеңес есептердi қарайды және барлық қойылған мәселелер бойынша арнайы шешiмдер шығарады. Шешiм Кеңес мүшелерiнiң осы отырыста барлық қатысушыларының жалпы санының көпшілiк дауысымен қабылданады. Кеңес отырысына қатысушылардың дауыстары тең болған кезде төрағаның даусы шешуші болып табылады.
12. Кеңес шешiмдерi төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрі қосымшалар ретiнде хаттамаға қоса беріледi.
13. Кеңес өз құзыретi шегінде:
1) орнықты даму мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға;
3) консультациялар мен ақпаратты беру үшiн сарапшыларды тартуға, орнықты даму мәселелерi жөнiндегi жұмыстарды қарау және орындау үшiн жедел жұмыс топтарын құру жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге, халықаралық ұйымдар өкiлдерi мен бақылаушыларды шақыруға;
4) орнықты даму жөнiндегi аумақтық кеңестердi құруға жәрдемдесуге, жұмыс туралы ақпаратты сұратуға, нәтижелердi қорытуға және орнықты даму жөнiндегi аумақтық кеңестер мен өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарының қызметiн жоспарлау жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге құқылы.