Қазақстан Республикасының орнықты дамуға тиiмдi көшуi үшiн мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, ведомствоаралық үйлестiрудi және сектораралық ықпалдасуды күшейту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Қазақстан Республикасының орнықты даму жөнiндегi кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
3. Мыналардың:
1) "Рио+10" тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 430
қаулысының
;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 922
қаулысымен
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 37, 374-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстердiң 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 19 наурыздағы
N 345 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының орнықты даму жөнiндегi кеңесiнiң құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.03.16. N 202 қаулысымен.
Мәсiмов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Кәрiм Қажымқанұлы төраға
Мусин - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Аслан Есболайұлы орынбасары - Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрi, төрағаның орынбасары
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрлан Әбдiлдаұлы қорғау министрi, төрағаның орынбасары
Қарағұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейiсқызы халықты әлеуметтiк қорғау министрi,
төрағаның орынбасары
Бекниязов - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Болат Қабыкенұлы қорғау министрлiгi Экологиялық проблемалар,
ғылым және мониторинг департаментiнiң
директоры, хатшы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Серiк Нығметұлы коммуникация министрi
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi
Зағипа Яхияқызы
Дерновой - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Анатолий Григорьевич министрi
Ертiсбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ермұхамет Қабиденұлы ақпарат министрi
Есiмов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ахметжан Смағұлұлы шаруашылығы министрi
Ізмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Бақтықожа минералдық ресурстар министрi
Салахатдинұлы
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Наталья Артемовна
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Ғалым Iзбасарұлы сауда министрi
Тәжин - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Марат министрi
Мұханбетқазыұлы
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
Жансейiт Қансейiтұлы министрi
Мамин - Астана қаласының әкiмi
Асқар Ұзақбайұлы
Бурлаков - Қазақстан Республикасының Парламентi
Леонид Николаевич Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)
Нығматулин - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ерлан Зайроллаұлы Мәжiлiсi Экология және табиғатты пайдалану
мәселелерi комитетiнiң төрағасы (келiсiм
бойынша)
Бобров - Қазақстан Республикасының Парламентi
Владимир Яковлевич Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
Шалахметов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Ғадiлбек Мiнәжұлы Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
Сәрсенбай - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Нұрлан Алдабергенұлы Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және
ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк
инспекторы
Астанина - "Greenwomen" үкiметтiк емес ұйымының
Лидия Александровна директоры
Атаханова - Қазақстан Республикасының Қоғамдық
Қайша Якубқызы ұйымдары экологиялық форумының төрайымы
Баталов - Қазақстан Республикасы Кәсiпкерлерiнiң
Райымбек Әнуарұлы форумы кеңесiнiң төрағасы
Дарынов - "Қазақстан фермерлер одағы" республикалық
Әуезхан Кәмешұлы қоғамдық бiрлестiгi төрағасының орынбасары
Есекин - Орталық Азияның Өңiрлiк экологиялық
Болат Қамалбекұлы орталығы "Iле-Балхаш бассейнiн
ықпалдастыра басқару жоспарын әзiрлеу"
жобасының менеджерi
Кәрiмбаев Нұрсұлтан - Қазақстан жастар конгресi атқарушы
Тұрлыбекұлы директорының мiндетiн атқарушы
Жұрынов - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
Мұрат Жұрынұлы президентi
Корчевский - Денсаулық сақтау және экожобалау
Андрей Александрович орталығының атқарушы директоры,
Қазақстандық экологиялық аудиторлар
палатасының президентi, Қазақстан
Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрiнiң перспективалық даму және ғылым
жөнiндегi штаттан тыс кеңесшiсi
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар
Сиязбек Өнербекұлы федерациясының төрағасы
Сафронова - "Орнықты даму үшiн қазақстандық табиғат
Антонина пайдаланушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар
Сегизмундовна бiрлестiгi директорлар кеңесiнiң төрағасы
Нәбиева - Қазақстанның, үкiметтiк емес ұйымдары
Гулзи Әскенқызы конфедерациясының президентi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 19 наурыздағы
N 345 қаулысымен
бекiтiлген
1. Қазақстан Республикасының Орнықты даму жөнiндегi кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады.
2. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты орнықты даму және мемлекеттiк органдардың, жеке сектордың және қоғамдық ұйымдардың сектораралық ынтымақтастығы негiзiнде орнықты даму жөнiндегi Дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн орындау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық секторларының ықпалдасуына жәрдемдесу болып табылады.
3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңес қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары
4. Кеңестiң мiндеттерi:
1) орнықты даму мақсатына қол жеткiзу жөнiнде елдiң және халықаралық қауымдастықтың күш-жiгерiн шоғырландыру үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық саясатының ықпалдасуына жәрдемдесу;
2) орнықты даму қағидаттарының стратегиялық жоспарлауға және әлеуметтiк-экономикалық дамуды басқаруға ықпалдасуына жәрдемдесу;
3) орнықты даму саласындағы шешiмдердi орындау, сондай-ақ орнықты дамудың мемлекеттiк, салалық (секторальдық) және өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың, қоғамның мүдделi топтарының қызметiне жәрдемдесу;
4) орнықты дамудың институционалдық құрылымдарының қызметiне жәрдемдесу;
5) ұлттық және халықаралық деңгейлерде орнықты даму саласында Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу болып табылады.
5. Кеңес функциялары мынадай бағыттар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
1) өндiріс пен тұтынудың орнықты модельдерiн енгiзу;
2) шөлейттенуге қарсы күрес;
3) экологиялық және гендерлік аспектiлердi ескере отырып, кедейлiкке қарсы күрес;
4) биологиялық әртүрлiлiктi және мәдени мұраны сақтау;
5) орнықты көлiк жүйелерiн дамыту;
6) шығарындыларды, оның iшiнде парник газдары мен озон бүлдiретiн заттарды азайту;
7) ауыз суға қол жеткiзу, трансшекаралық, оның iшiнде су проблемаларын шешу;
8) жаңа және экологиялық қауiпсiз технологияларды пайдалану;
9) энергия тиiмділiгi және энергия үнемдеу;
10) радиациялық және химиялық қауiпсiздiк әрi қалдықтарды басқару;
11) халықтың денсаулығына экологиялық қатерлердiң алдын алу және азайту;
12) жаһандану және сауда;
13) орнықты даму жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу, бiлiм беру және ақпараттық инфрақұрылым;
14) орнықты дамудың өңірлік проблемалары.
Орнықты даму мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк органдар мен жұртшылықты хабардар ету. Орнықты даму мәселелері бойынша жыл сайынғы есеп берудi дайындау және оны жариялау. Орнықты даму мақсатына қол жеткiзу жөнiнде Қазақстанның прогресi туралы халықаралық ұйымдарға ақпарат беру.
Орнықты дамуға көшу жөнiндегi прогресс мониторингi және бағалау әрi орнықты даму көрсеткiштерi мен индикаторларын әзiрлеу және енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу.
Орнықты дамудың аумақтық және салалық жобаларын ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ орнықты даму жөнiндегi модельдiк жобаларды әзiрлеуге жәрдемдесу.
6. Кеңес төраға, төрағаның орынбасары, оның мүшелерi мен хатшысының құрамында қалыптастырылады.
7. Кеңес мүшелерi мемлекеттiк органдар басшылары мен өкiлдерiнен тағайындалады. Кеңес құрамына келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, ғылыми, үкiметтiк емес, жеке және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар мен мамандар енгiзiледi. Кеңестiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
8. Кеңес төрағасы:
1) Кеңестiң қызметiне оның отырыстарының аралығында жетекшiлiк жасайды;
2) Кеңестiң отырыстарына төрағалық етедi. Төраға болмағанда, оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес төрағасы орынбасарларының бiрi төрағалық етедi;
3) Кеңестiң отырыстарында қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) әртүрлi кеңестерде, кездесулерде және халықаралық форумдарда Кеңестi бiлдiредi;
5)
5) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.12. N 723
қаулысымен
.
6) Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiмен және тапсырмаларымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
9. Кеңес мүшелері ұсыныстар енгiзедi, ақпарат және басқа да материалдарды бередi, күн тәртiбiндегi мәселелердi және оның отырыстары шешімдерiнiң жобаларын талқылауға қатысады. Кеңес мүшелерi өзiнiң отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
10. Кеңес хатшысы:
1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
2) Кеңес отырыстары күн тәртiбiнiң жобасын қалыптастырады;
3) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешiмдердiң жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
4) Кеңес мүшелерiн және халықаралық ұйымдардан шақырылған өкілдерді Кеңестiң кезектi отырысын өткiзу орны, уақыты мен күн тәртiбi туралы хабарландырады, оларды қажеттi материалдармен уақтылы қамтамасыз етедi;
5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiсiн өз қолымен куәландырады.
11. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай Кеңес төрағасы айқындаған мерзiмде тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кеңес отырыстарында орнықты даму жөнiндегi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды орындау туралы есептер тыңдалады, Кеңес қызметiнiң қорытындысы мен нәтижелерi шығарылады. Күн тәртiбiне сәйкес отырыстарда Кеңес есептердi қарайды және барлық қойылған мәселелер бойынша арнайы шешiмдер шығарады. Шешiм Кеңес мүшелерiнiң осы отырыста барлық қатысушыларының жалпы санының көпшілiк дауысымен қабылданады. Кеңес отырысына қатысушылардың дауыстары тең болған кезде төрағаның даусы шешуші болып табылады.
12. Кеңес шешiмдерi төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрі қосымшалар ретiнде хаттамаға қоса беріледi.
13. Кеңес өз құзыретi шегінде:
1) орнықты даму мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға;
3) консультациялар мен ақпаратты беру үшiн сарапшыларды тартуға, орнықты даму мәселелерi жөнiндегi жұмыстарды қарау және орындау үшiн жедел жұмыс топтарын құру жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге, халықаралық ұйымдар өкiлдерi мен бақылаушыларды шақыруға;
4) орнықты даму жөнiндегi аумақтық кеңестердi құруға жәрдемдесуге, жұмыс туралы ақпаратты сұратуға, нәтижелердi қорытуға және орнықты даму жөнiндегi аумақтық кеңестер мен өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарының қызметiн жоспарлау жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге құқылы.