Қазақстан Республикасының орнықты даму жөнiндегi кеңесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 345 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының орнықты дамуға тиiмдi көшуi үшiн мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, ведомствоаралық үйлестiрудi және сектораралық ықпалдасуды күшейту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Қазақстан Республикасының орнықты даму жөнiндегi кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Мыналардың:
      1) "Рио+10" тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 430 қаулысының;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 922 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 37, 374-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстердiң 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2004 жылғы 19 наурыздағы
N 345 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегi кеңесінің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.04  № 910Қаулысымен.

Мәсімов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы         төраға

Шөкеев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы          бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

Әбдіқалықова            - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы         халықты әлеуметтік қорғау министрі,
                          төрағаның орынбасары

Келімбетов              - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Қайрат Нематұлы           және сауда министрі, төрағаның орынбасары

Әшім                    - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрғали Сәдуақасұлы       қорғау министрі, төрағаның орынбасары

Кәрібжанова             - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Ғалия Тоқтарбекқызы       қорғау министрлігі Экологиялық саясат және
                          орнықты даму департаментінің директоры,
                          хатшы

Исекешев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы           орынбасары – Қазақстан Республикасының
                          Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Қасымов                 - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет               министрi
Нұрмұханбетұлы

Қазыханов               - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы             министрі

Қайырбекова             - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы         министрi

Ермегияев               - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
Талғат Амангелдіұлы       министрі

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Болат Бидахметұлы

Құл-Мұхаммед            - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi
Мұхтар Абрарұлы

Мамытбеков              - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы        министрi

Камалиев                - Қазақстан Республикасының Көлік және
Берік Сайлауұлы           коммуникация министрi

Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы       министрi

Жұмағұлов               - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы        министрi

Түсіпбеков              - Қазақстан Республикасының Әділет министрi
Рашид Төлеутайұлы

Есенбаев                - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжит Төлеубекұлы         қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                          агенттік) төрағасы

Дьяченко                - Ақмола облысының әкімі
Сергей Александрович

Тасмағамбетов           - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Бобров                  - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі
Владимир Яковлевич        Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Нығматулин              - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Ерлан Зайроллаұлы         Мәжілісі Экология және табиғат пайдалану
                          мәселелері комитетінің төрағасы (келісім
                          бойынша)

Кереева                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гүлбану Мейірғалиқызы     Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
                          мониторингі бөлімінің консультанты (келісім
                          бойынша)

Баталов                 - Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері
Райымбек Әнуарұлы         форумының төрағасы (келісім бойынша)

Дарынов                 - «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық
Әуезхан Камешұлы          қоғамдық бірлестігiнің президенті (келісім
                          бойынша)

Еділбаева               - Орнықты дамуға арналған табиғат
Гүлсара Ибрагимқызы       пайдаланушылардың қазақстандық
                          қауымдастығының атқарушы директоры (келісім
                          бойынша)

Жұрынов                 - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
Мұрат Жұрынұлы            президентi (келісім бойынша)

Зикрина                 - Орнықты өндіріс пен тұтыну орталығының
Зульфира Алмазовна        президенті (келісім бойынша)

Ким                     - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы
Станислав Зильямсович     Энергетика және қоршаған ортаны қорғау
                          департаментінің Қазақстандағы басшысы
                          (келісім бойынша)

Макеев                  - Орталық Азияның Өңірлік экологиялық
Талайбек Мұқашұлы         орталығының атқарушы директоры (келісім
                          бойынша)

Могилюк                 - Қазақстан Республикасының үкіметтік емес
Светлана Владимировна     ұйымдары экологиялық форумының төрайымы
                          (келісім бойынша)

Мұқашев                 - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар
Сиязбек Өнербекұлы        федерациясының төрағасы (келісім бойынша)

Есекин                  - Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму
Болат Қамалбекұлы         жөнінде Азия-Тынық мұхит Кеңесінің мүшесі
                          (келісім бойынша)

Шебнем Аккая            - Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы тұрақты
                          өкілі (келісім бойынша)
Аккая                      тұрақты өкілі (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2004 жылғы 19 наурыздағы
N 345 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасының
орнықты даму жөнiндегi кеңесi туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Орнықты даму жөнiндегi кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады.
      2. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты орнықты даму және мемлекеттiк органдардың, жеке сектордың және қоғамдық ұйымдардың сектораралық ынтымақтастығы негiзiнде орнықты даму жөнiндегi Дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн орындау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық секторларының ықпалдасуына жәрдемдесу болып табылады.
      3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Кеңес қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары

      4. Кеңестiң мiндеттерi:
      1) орнықты даму мақсатына қол жеткiзу жөнiнде елдiң және халықаралық қауымдастықтың күш-жiгерiн шоғырландыру үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық саясатының ықпалдасуына жәрдемдесу;
      2) орнықты даму қағидаттарының стратегиялық жоспарлауға және әлеуметтiк-экономикалық дамуды басқаруға ықпалдасуына жәрдемдесу;
      3) орнықты даму саласындағы шешiмдердi орындау, сондай-ақ орнықты дамудың мемлекеттiк, салалық бағдарламаларын, аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың, қоғамның мүдделi топтарының қызметiне жәрдемдесу;
      4) орнықты дамудың институционалдық құрылымдарының қызметiне жәрдемдесу;
      5) ұлттық және халықаралық деңгейлерде орнықты даму саласында Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу болып табылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1703 Қаулысымен.
      5. Кеңес функциялары мынадай бағыттар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
      1) өндiріс пен тұтынудың орнықты модельдерiн енгiзу;
      2) шөлейттенуге қарсы күрес;
      3) экологиялық және гендерлік аспектiлердi ескере отырып, кедейлiкке қарсы күрес;
      4) биологиялық әртүрлiлiктi және мәдени мұраны сақтау;
      5) орнықты көлiк жүйелерiн дамыту;
      6) шығарындыларды, оның iшiнде парник газдары мен озон бүлдiретiн заттарды азайту;
      7) ауыз суға қол жеткiзу, трансшекаралық, оның iшiнде су проблемаларын шешу;
      8) жаңа және экологиялық қауiпсiз технологияларды пайдалану;
      9) энергия тиiмділiгi және энергия үнемдеу;
      10) радиациялық және химиялық қауiпсiздiк әрi қалдықтарды басқару;
      11) халықтың денсаулығына экологиялық қатерлердiң алдын алу және азайту;
      12) жаһандану және сауда;
      13) орнықты даму жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу, бiлiм беру және ақпараттық инфрақұрылым;
      14) орнықты дамудың өңірлік проблемалары.
      Орнықты даму мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк органдар мен жұртшылықты хабардар ету. Орнықты даму мәселелері бойынша жыл сайынғы есеп берудi дайындау және оны жариялау. Орнықты даму мақсатына қол жеткiзу жөнiнде Қазақстанның прогресi туралы халықаралық ұйымдарға ақпарат беру.
      Орнықты дамуға көшу жөнiндегi прогресс мониторингi және бағалау әрi орнықты даму көрсеткiштерi мен индикаторларын әзiрлеу және енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу.
      Орнықты дамудың аумақтық және салалық жобаларын ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ орнықты даму жөнiндегi модельдiк жобаларды әзiрлеуге жәрдемдесу.

  3. Кеңес құрамы

      6. Кеңес төраға, төрағаның орынбасары, оның мүшелерi мен хатшысының құрамында қалыптастырылады.
      7. Кеңес мүшелерi мемлекеттiк органдар басшылары мен өкiлдерiнен тағайындалады. Кеңес құрамына келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, ғылыми, үкiметтiк емес, жеке және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар мен мамандар енгiзiледi. Кеңестiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
      8. Кеңес төрағасы:
      1) Кеңестiң қызметiне оның отырыстарының аралығында жетекшiлiк жасайды;
      2) Кеңестiң отырыстарына төрағалық етедi. Төраға болмағанда, оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес төрағасы орынбасарларының бiрi төрағалық етедi;
      3) Кеңестiң отырыстарында қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      4) әртүрлi кеңестерде, кездесулерде және халықаралық форумдарда Кеңестi бiлдiредi;
      5) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.12. N 723 қаулысымен.
      6) Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiмен және тапсырмаларымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.12. N 723 қаулысымен.
      9. Кеңес мүшелері ұсыныстар енгiзедi, ақпарат және басқа да материалдарды бередi, күн тәртiбiндегi мәселелердi және оның отырыстары шешімдерiнiң жобаларын талқылауға қатысады. Кеңес мүшелерi өзiнiң отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      10. Кеңес хатшысы:
      1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
      2) Кеңес отырыстары күн тәртiбiнiң жобасын қалыптастырады;
      3) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешiмдердiң жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
      4) Кеңес мүшелерiн және халықаралық ұйымдардан шақырылған өкілдерді Кеңестiң кезектi отырысын өткiзу орны, уақыты мен күн тәртiбi туралы хабарландырады, оларды қажеттi материалдармен уақтылы қамтамасыз етедi;
      5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiсiн өз қолымен куәландырады.

  4. Кеңес жұмысының тәртiбi

      11. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай Кеңес төрағасы айқындаған мерзiмде тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кеңес отырыстарында орнықты даму жөнiндегi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды орындау туралы есептер тыңдалады, Кеңес қызметiнiң қорытындысы мен нәтижелерi шығарылады. Күн тәртiбiне сәйкес отырыстарда Кеңес есептердi қарайды және барлық қойылған мәселелер бойынша арнайы шешiмдер шығарады. Шешiм Кеңес мүшелерiнiң осы отырыста барлық қатысушыларының жалпы санының көпшілiк дауысымен қабылданады. Кеңес отырысына қатысушылардың дауыстары тең болған кезде төрағаның даусы шешуші болып табылады.
      12. Кеңес шешiмдерi төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрі қосымшалар ретiнде хаттамаға қоса беріледi.
      13. Кеңес өз құзыретi шегінде:
      1) орнықты даму мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге;
      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға;
      3) консультациялар мен ақпаратты беру үшiн сарапшыларды тартуға, орнықты даму мәселелерi жөнiндегi жұмыстарды қарау және орындау үшiн жедел жұмыс топтарын құру жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге, халықаралық ұйымдар өкiлдерi мен бақылаушыларды шақыруға;
      4) орнықты даму жөнiндегi аумақтық кеңестердi құруға жәрдемдесуге, жұмыс туралы ақпаратты сұратуға, нәтижелердi қорытуға және орнықты даму жөнiндегi аумақтық кеңестер мен өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарының қызметiн жоспарлау жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге құқылы.

  5. Кеңес қызметін қамтамасыз ету

      14. Кеңес жұмыс органының функциясын Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жүзеге асырады.