Қазақстан Республикасының орнықты дамуға тиiмдi көшуi үшiн мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, ведомствоаралық үйлестiрудi және сектораралық ықпалдасуды күшейту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Қазақстан Республикасының орнықты даму жөнiндегi кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Мыналардың:
1) "Рио+10" тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 430 қаулысының;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 922 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 37, 374-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстердiң 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 19 наурыздағы
N 345 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының орнықты даму жөнiндегi кеңесiнiң құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 985, өзгерту енгізілді - 2009.10.29 N 1703, 2010.09.10 N 922 Қаулыларымен.
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтік қорғау министрі,
төрағаның орынбасары
Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы даму және сауда министрі, төрағаның
орынбасары
Қалмықов - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Алмаз Амангелдіұлы қорғау министрлігі Экологиялық саясат
және орнықты даму департаменті
директорының орынбасары, хатшы
Әшімов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрғали Сәдуақасұлы ортаны қорғау министрі
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Серік Нұртайұлы министрі
Досқалиев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Жақсылық Ақмырзаұлы сақтау министрі
Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Туризм және
Темірхан Мыңайдарұлы спорт министрі
Есенбаев - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжит Төлеубекұлы қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
агенттік) төрағасы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы министрі
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы коммуникация министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы газ министрі
Саудабаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы хатшысы Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Түймебаев - Қазақстан Республикасының
Жансейіт Қансейітұлы Білім және ғылым министрі
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Рашид Төлеутайұлы
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы
Дьяченко - Ақмола облысының әкімі
Сергей Александрович
Бобров - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Владимир Яковлевич Мәжілісі Төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Нығматулин - Қазақстан Республикасы
Ерлан Зайроллаұлы Парламентінің Мәжілісі Экология
және табиғатты пайдалану
мәселелері комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Әбішева - Қазақстан Республикасы Президентінің
Құралай Қастайқызы Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
мониторинг бөлімінің консультанты
(келісім бойынша)
Атаханова - Қазақстан Республикасының
Қайша Якубқызы үкіметтік емес ұйымдары
экологиялық форумының төрайымы
(келісім бойынша)
Баталов - Қазақстан Республикасының
Райымбек Әнуарұлы кәсіпкерлері форумының төрағасы
(келісім бойынша)
Бекнияз - «Еуразия су орталығы» ғылыми-өндірістік
Болат Қабыкенұлы бірлестігі» акционерлік қоғамы бас
директорының орынбасары (келісім
бойынша)
Дарынов - «Қазақстан фермерлер одағы»
Әуезхан Камешұлы республикалық қоғамдық бірлестігінің
президенті (келісім бойынша)
Еділбаева - Орнықты дамуға арналған табиғат
Гүлсара Ибрағимқызы пайдаланушылардың қазақстандық
қауымдастығының атқарушы директоры
(келісім бойынша)
Есекин - Азия-Тынық мұхит Экология
Болат Қамалбекұлы және Даму кеңесінің мүшесі
(келісім бойынша)
Жұрынов - Қазақстан Республикасы Ғылым
Мұрат Жұрынұлы академиясының президенті
(келісім бойынша)
Зикрина - Орнықты өндіріс пен тұтыну орталығының
Зульфира Алмазовна президенті (келісім бойынша)
Ким - Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы
Станислав Зильямсович Даму бағдарламасы Энергетика және
қоршаған ортаны қорғау департаментінің
басшысы (келісім бойынша)
Мәкеев - Орталық Азияның Өңірлік экологиялық
Талайбек Мұқашұлы орталығының атқарушы директоры (келісім
бойынша)
Могилюк - Қазақстан Республикасының үкіметтік
Светлана Владимировна емес ұйымдары экологиялық форумының
төрайымы (келісім бойынша)
Мұқашев - Қазақстан Республикасы
Сиязбек Өнербекұлы Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы (келісім бойынша)
Шебнем - Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы
Аккая тұрақты өкілі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 19 наурыздағы
N 345 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының
орнықты даму жөнiндегi кеңесi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Орнықты даму жөнiндегi кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады.
2. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты орнықты даму және мемлекеттiк органдардың, жеке сектордың және қоғамдық ұйымдардың сектораралық ынтымақтастығы негiзiнде орнықты даму жөнiндегi Дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн орындау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық секторларының ықпалдасуына жәрдемдесу болып табылады.
3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңес қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары
4. Кеңестiң мiндеттерi:
1) орнықты даму мақсатына қол жеткiзу жөнiнде елдiң және халықаралық қауымдастықтың күш-жiгерiн шоғырландыру үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық саясатының ықпалдасуына жәрдемдесу;
2) орнықты даму қағидаттарының стратегиялық жоспарлауға және әлеуметтiк-экономикалық дамуды басқаруға ықпалдасуына жәрдемдесу;
3) орнықты даму саласындағы шешiмдердi орындау, сондай-ақ орнықты дамудың мемлекеттiк, салалық бағдарламаларын, аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың, қоғамның мүдделi топтарының қызметiне жәрдемдесу;
4) орнықты дамудың институционалдық құрылымдарының қызметiне жәрдемдесу;
5) ұлттық және халықаралық деңгейлерде орнықты даму саласында Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу болып табылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1703 Қаулысымен.
5. Кеңес функциялары мынадай бағыттар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
1) өндiріс пен тұтынудың орнықты модельдерiн енгiзу;
2) шөлейттенуге қарсы күрес;
3) экологиялық және гендерлік аспектiлердi ескере отырып, кедейлiкке қарсы күрес;
4) биологиялық әртүрлiлiктi және мәдени мұраны сақтау;
5) орнықты көлiк жүйелерiн дамыту;
6) шығарындыларды, оның iшiнде парник газдары мен озон бүлдiретiн заттарды азайту;
7) ауыз суға қол жеткiзу, трансшекаралық, оның iшiнде су проблемаларын шешу;
8) жаңа және экологиялық қауiпсiз технологияларды пайдалану;
9) энергия тиiмділiгi және энергия үнемдеу;
10) радиациялық және химиялық қауiпсiздiк әрi қалдықтарды басқару;
11) халықтың денсаулығына экологиялық қатерлердiң алдын алу және азайту;
12) жаһандану және сауда;
13) орнықты даму жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу, бiлiм беру және ақпараттық инфрақұрылым;
14) орнықты дамудың өңірлік проблемалары.
Орнықты даму мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк органдар мен жұртшылықты хабардар ету. Орнықты даму мәселелері бойынша жыл сайынғы есеп берудi дайындау және оны жариялау. Орнықты даму мақсатына қол жеткiзу жөнiнде Қазақстанның прогресi туралы халықаралық ұйымдарға ақпарат беру.
Орнықты дамуға көшу жөнiндегi прогресс мониторингi және бағалау әрi орнықты даму көрсеткiштерi мен индикаторларын әзiрлеу және енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу.
Орнықты дамудың аумақтық және салалық жобаларын ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ орнықты даму жөнiндегi модельдiк жобаларды әзiрлеуге жәрдемдесу.
3. Кеңес құрамы
6. Кеңес төраға, төрағаның орынбасары, оның мүшелерi мен хатшысының құрамында қалыптастырылады.
7. Кеңес мүшелерi мемлекеттiк органдар басшылары мен өкiлдерiнен тағайындалады. Кеңес құрамына келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, ғылыми, үкiметтiк емес, жеке және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар мен мамандар енгiзiледi. Кеңестiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
8. Кеңес төрағасы:
1) Кеңестiң қызметiне оның отырыстарының аралығында жетекшiлiк жасайды;
2) Кеңестiң отырыстарына төрағалық етедi. Төраға болмағанда, оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес төрағасы орынбасарларының бiрi төрағалық етедi;
3) Кеңестiң отырыстарында қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) әртүрлi кеңестерде, кездесулерде және халықаралық форумдарда Кеңестi бiлдiредi;
5) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.12. N 723 қаулысымен.
6) Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiмен және тапсырмаларымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.12. N 723 қаулысымен.
9. Кеңес мүшелері ұсыныстар енгiзедi, ақпарат және басқа да материалдарды бередi, күн тәртiбiндегi мәселелердi және оның отырыстары шешімдерiнiң жобаларын талқылауға қатысады. Кеңес мүшелерi өзiнiң отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
10. Кеңес хатшысы:
1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
2) Кеңес отырыстары күн тәртiбiнiң жобасын қалыптастырады;
3) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешiмдердiң жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
4) Кеңес мүшелерiн және халықаралық ұйымдардан шақырылған өкілдерді Кеңестiң кезектi отырысын өткiзу орны, уақыты мен күн тәртiбi туралы хабарландырады, оларды қажеттi материалдармен уақтылы қамтамасыз етедi;
5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiсiн өз қолымен куәландырады.
4. Кеңес жұмысының тәртiбi
11. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай Кеңес төрағасы айқындаған мерзiмде тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кеңес отырыстарында орнықты даму жөнiндегi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды орындау туралы есептер тыңдалады, Кеңес қызметiнiң қорытындысы мен нәтижелерi шығарылады. Күн тәртiбiне сәйкес отырыстарда Кеңес есептердi қарайды және барлық қойылған мәселелер бойынша арнайы шешiмдер шығарады. Шешiм Кеңес мүшелерiнiң осы отырыста барлық қатысушыларының жалпы санының көпшілiк дауысымен қабылданады. Кеңес отырысына қатысушылардың дауыстары тең болған кезде төрағаның даусы шешуші болып табылады.
12. Кеңес шешiмдерi төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрі қосымшалар ретiнде хаттамаға қоса беріледi.
13. Кеңес өз құзыретi шегінде:
1) орнықты даму мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға;
3) консультациялар мен ақпаратты беру үшiн сарапшыларды тартуға, орнықты даму мәселелерi жөнiндегi жұмыстарды қарау және орындау үшiн жедел жұмыс топтарын құру жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге, халықаралық ұйымдар өкiлдерi мен бақылаушыларды шақыруға;
4) орнықты даму жөнiндегi аумақтық кеңестердi құруға жәрдемдесуге, жұмыс туралы ақпаратты сұратуға, нәтижелердi қорытуға және орнықты даму жөнiндегi аумақтық кеңестер мен өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарының қызметiн жоспарлау жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге құқылы.
5. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
14. Кеңес жұмыс органының функциясын Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жүзеге асырады.