Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың кейбір нормаларын сот тәжірибесінде біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 8-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың принциптерін сақтамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізілген істі оның сипаты мен мәніне қарай жарамсыз деп тануға, осындай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдердің күшін жоюға не осы орайда жиналған материалдардың дәлелдемелік күшін жоқ деп тануға әкеп соғатынын назарда ұстаған жөн.
2. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын, заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарында ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді атқаратын адамдарды лауазымды адамдар қатарына жатқызу керек.
Жеке кәсіпкерлер, коммерциялық заңды тұлғалардың басшылары және олардың қызметкерлері лауазымды адамдар қатарына жатпайды, бірақ оған қарамастан олар ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді атқаруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда лауазымды адамдар сияқты әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің
ерекше бөлігімен
лауазымды адамның, сондай-ақ заңды тұлғаның жауапкершілігі көзделсе, соңғының жауапкершілігі, егер әрекетті заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган немесе адам жасаған, санкция берген, мақұлдаған жағдайда ғана туындайды (ӘҚБтК-нің
36-бабының
екінші бөлігі).
Лауазымды адамдар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараған кезде жауаптылыққа тартылған адамдардың қызметтік өкілеттігін реттейтін құрылтайшылық құжаттардың, бұйрықтардың және өзге де актілердің ережелерін әрбір нақты жағдайда ескеріп отырған жөн.
Егер ӘҚБтК-нің
ерекше бөлігінің
баптарында заңды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық тікелей көзделсе, жеке кәсіпкер де заңды тұлға сияқты жауапқа тартылады.
3. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу негізгі, сондай-ақ қосымша әкімшілік жаза шарасы ретінде (ӘҚБтК-нің
46-бабының
екінші бөлігі) қолданылуы мүмкін.
ӘҚБтК-нің
ерекше бөлімінің
тиісті бабының санкциясы осындай жазалау шарасын көздеген жағдайда іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.
Егер соттың белгілеген мерзімінде қажетті әрекеттерді (шараларды) жүзеге асыру - қызметті тоқтата тұру арқылы құқық бұзушылық жойылса немесе құқық бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаса не қызметіне тыйым салу түрінде оны жою мүмкін болмаса, көрсетілген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болады.
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрудың (ӘҚБтК-нің
53-бабының
үшінші бөлігі) нақты мерзімін көрсету міндетті болып табылады.
Егер ӘҚБтК-нің
ерекше бөлім
баптарының санкциясы көрсетілген жазалау шарасын көздемесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы мәселе соттың істі талап қою өндірісінің тәртібімен қарауына жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) тиісті талап арызын сот барлық мүдделі адамдардың қатысуымен он күндік мерзім ішінде қарайды (ӘҚБтК-нің
53-бабының
екінші бөлігі). Осы орайда тиісті орган (лауазымды адам) талап арызға кінәлі адамға қатысты жазылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, соттың шешуіне жататын қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу мәселесі туралы немесе әкімшілік жауапқа тарту жағдайындағы қаулыны талап арызға қоса тіркеуге міндетті.
4. ӘҚБтК-нің 60-бабының алтыншы бөлігінің талабы бойынша бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бір негізгі немесе негізгі және қосымша әкімшілік жаза (қосымша әкімшілік жазалар) қолданылуы мүмкін. Осы себепті адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылықтан босатылатын болса, онда ол негізгі жазадан, сондай-ақ қосымша жазадан (жазалардан) босатылуға жататынын соттардың ескерулері қажет.
5. Егер адам бірінші рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, келтірілген материалдық залалды істі қарағанға дейін өз еркімен өтесе немесе мүліктік емес сипатта келтірілген зиянның орнын өзгедей жолмен толтырса (кешірім өтінсе, моральдық зиянды өтесе, жәбірленушімен татуласу үшін өзге де әрекеттерді және т.б. жасаса), жасаған әрекетіне өкініш білдіруіне байланысты (ӘҚБтК-нің 67-бабы ) әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.
6. Әкімшілік құқық бұзушылықтың формальды белгілері бар, алайда зиянның мөлшерінің аздығына байланысты қоғамға қауіп тудырмайтын әрекетті аз мөлшерлі құқық бұзушылық деп түсіну керек.
Материалдық залал келтірген құқық бұзушылықты жасаған адамды ӘҚБтК-нің
68-бабының
негізінде әкімшілік жазадан босату туралы мәселені шеше отырып, осы залал мөлшерінің ӘҚБтК-нің
ерекше бөлігінің
баптарында көзделген санкция мөлшерінен кем болуға тиіс екенін ескеру қажет.
Мүліктік емес сипатта зиян келтірген құқық бұзушылықты жасаған адамды жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша әкімшілік жазадан босату туралы мәселені шешу кезінде қол сұғылған объектіні, құқық бұзушылықты жасаудың нақтылы мән-жайы назарға алынуға тиіс.
Құқық бұзушының жеке басының беделі, оның материалдық немесе отбасылық жағдайы, сондай-ақ оның құқық бұзушылықтан туындаған жағдайларды жоюға бағытталған әрекеттері құқық бұзушылық қауіптілігі дәрежесінің төмендеуін айғақтайтын мән-жайлар болып табылмайды.
7. Адамды ӘҚБтК-нің
71-бабында
көзделген негіздер бойынша әкімшілік жазадан босату туралы мәселені шешу кезінде объективті себептердің және мән-жайлардың салдарынан әрекеттің қоғамдық қауіптілік белгісінің жойылуын, мән-жайлардың өзгеруі деп түсінген жөн.
Жауаптылыққа тартылған адамның белгіленген жазаны орындауына кедергі келтіретін ауыруы деп оның тиісті дәрігерлік қорытындымен расталған, әкімшілік жазаны орындауға мүмкіндік бермейтін хал-жағдайын түсіну керек.
Адамды ӘҚБтК-нің
67,
68,
71-баптарының
негіздерінде әкімшілік жауапкершіліктен босатқан жағдайда іс өндірістен қысқартылуға жатады.
8. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға байланысты мәселелерді қарау кезінде осындай жағдайдың әкімшілік жауапкершілікке адам тартылмауға тиіс болғанда, іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар туындағанда (ӘҚБтК-нің
580-бабы
), сондай-ақ адамды әкімшілік жауапкершілікке тартуға немесе әкімшілік жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін мән-жайлар кезіккенде (ӘҚБтК-нің
71,
581-баптары
) орын алуы мүмкін екенін соттардың ескергендері жөн.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың нәтижелері бойынша кінәлі адам ӘҚБтК-нің
35-бабына
сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартуға жататын болса, онда осы мәселені шешу үшін іс материалдары тиісті органдарға жолдануы, әкімшілік іс қысқартылуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық өндірісі бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы шешім істі әзірлеу барысында, сондай-ақ оны мәні бойынша қарағаннан кейін де қаулы түрінде (ӘҚБтК-нің
646-бабының
үшінші бөлігі) шығарылады.
9. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы уәкілетті лауазымды адам жасайды. Оның мазмұны ӘҚБтК-нің
635-бабының
екінші бөлігінде баяндалған талаптарға сәйкес болуы тиіс, ал оларды сақтамау ӘҚБтК-нің
646-бабының
бірінші бөлігінің 4) тармақшасының талабына сай, сондай-ақ материалдардың толық ұсынылмауы, оларды істі қарау кезінде толықтырудың мүмкін болмауы іс материалдарын хаттаманы жасаған органға (лауазымды адамға) кері қайтаруға әкеп соғады.
Іс материалдарын кері қайтару туралы шешім ұйғарым түрінде шығарылады.
Істің хаттамасы мен басқа материалдарын қайтарып жібергеннен кейін судья, орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға әзірленуге байланысты барлық мәселелерді қайтадан шешуге міндетті.
Уәкілетті лауазымды адамдар істің хаттамасы мен басқа материалдарын қайта жіберген жағдайда ӘҚБтК-нің
635-бабының
екінші бөлігінде баяндалған талаптарға сәйкес келмеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы бастапқы хаттаманы оған қоса тіркеуге міндетті.
Прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы қаулысы да ӘҚБтК-нің
635-бабында
көздеген талаптарға сәйкес болуға тиіс. Осы талаптар сақталмаған, сондай-ақ тапсырылған материалдар толық болмаған жағдайда, сот материалды істі қозғаған прокурорға кері қайтаруға құқылы.
10. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қайта қарауға әзірлік кезінде сот жауапқа тартылған адамның, оның заңды өкілінің, куәнің дәлелді себептерсіз келмеуіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыруға және оларды сотқа алып келуге міндеттеуді шешуге (ӘҚБтК-нің
584-бабының
төртінші бөлігі,
587-бабының
алтыншы бөлігі,
594-бабының
бесінші бөлігі) құқылы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамға, ӘҚБтК-нің
584-бабының
үшінші бөлігінде аталған адамдардан басқа, істің қаралатын орны мен уақыты тиісті түрде хабарланғаны туралы деректер болса және одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген жағдайда, онда іс оның қатысуынсыз қаралуы мүмкін (ӘҚБтК-нің
584-бабының
екінші бөлігі).
ӘҚБтК-нің
584-бабының
үшінші бөлігінде көрсетілген адамдардың қатысуынсыз іс қаралуға жатпайды. Егер ішкі істер органдарының (полицияның) мәжбүрлеп алып келу туралы ұйғарымды орындау бойынша бірнеше рет шара қолдануының нәтижесінде осы адамның тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда судья, орган (лауазымды адам) ӘҚБтК-нің
646-бабының
бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және өзге де материалдарды, хаттаманы әзірлеген органға (лауазымды адамға) кері қайтаруға құқылы.
11. Кәмелетке толмағанға қарсы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасағанда, онда олардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдар туралы мәліметтер жазылады және олар істі қарауға кәмелетке толмағанның заңды өкілі ретінде қатыстырылуға жатады.
14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған болса, ол бойынша ӘҚБтК-нің нормаларымен ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдардың жауапкершілігі көзделген жағдайда (мысалы, ӘҚБтК-нің
331-бабы
), онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы адамдарға қарсы жазылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған уақытқа дейін кінәлі адам он алты жасқа толса және одан өндіріп алу үшін дербес табысы немесе мүлкі болған жағдайда айыппұл түріндегі әкімшілік жазалау шаралары қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандарға тағайындалған айыппұл көлемі он айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек. Кәмелетке толмағанның мұндай табысы немесе мүлкі болмаған жағдайда айыппұл ӘҚБтК-нің
48-бабының
талаптары сақтала отырып оның ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады. Бұл туралы қаулыда көрсетілуге тиіс.
Бір топ кәмелетке толмағандармен залал келтірген жағдайда залалды өтеу жөніндегі міндет бірлесіп немесе үлестік тәртіппен өтеу үшін олардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға жүктеледі.
Кәмелетке толмағаннан өндірілуге жататын оның дербес табысының немесе мүлкінің болуы немесе болмауы туралы мәліметті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы әзірлеген орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іспен бірге ұсынады.
Кәмелетке толмағандардың жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ісі бойынша прокурорды хабардар ету міндетті болып табылады, алайда оның келмеуі, ӘҚБтК-нің
599-бабының
екінші бөлігінің талаптары сақталған жағдайда, істі оның қатысуынсыз қарауға кедергі болмайды.
12. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен көзделген хаттамалар іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтайтын дәлелдер мен құжаттар болып табылады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама - ӘҚБтК-нің
614-бабы,
адамның жеке басын және оның қолындағы заттарды тексеру хаттамасы - ӘҚБтК-нің
626-бабы,
адамның қолындағы заттар мен құжаттарды алып қою хаттамасы - ӘҚБтК-нің
628-бабы
және басқалар).
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша отырыс хаттамасын ӘҚБтК-нің нормаларына сәйкес жүргізу талап етілмейді. Сонымен қатар, егер істі қарау барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімге негіз етіліп алынған қосымша дәлелдемелер жинақталған болса олар қаулыда көрсетілуі керек.
Қаулыда әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалғаны не жасалмағаны, осы адамның оның жасалуына кінәлі не кінәсіз екендігі, оның әкімшілік жауаптылыққа жататындығы не жатпайтындығы, жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлардың бар-жоғы, мүліктік зиянның келтірілгені не келтірілмегені, сот анықтаған мән-жайларды құптайтын дәлелдемелер көрсетілуге тиіс. Іс өндірістен қысқартылатын болса, ондай жағдайда дәлелдемелерден басқа қысқартудың негіздері де көрсетілуге тиіс.
13. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың ӘҚБтК-нің
647-бабының
бірінші бөлігінде белгіленген он бес күндік мерзімі іс жүргізуге қатысушылардан өтініштер түскен жағдайда не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде істі қараған судья, орган (лауазымды адам) бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. Осы ұзартылған мерзім аяқталғанға дейін судья, орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім қабылдауға міндетті.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды қосымша анықтауды қажет ететін мән-жайлар деп түсіну керек (ӘҚБтК-нің
605-бабы
).
ӘҚБтК-нің
647-бабының
үшінші бөлігінде көрсетілген істерді қараудың мерзімдері ұзартуға жатпайды.
14. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза тек ӘҚБтК-нің ерекше бөлігі баптарының санкциясы шегінде ғана қолданылады. ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінің тиісті баптарымен көзделген санкцияның төменгі шегінен төмен жаза тағайындауға болмайды.
15. Егер істі қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау туралы хаттаманы әзірлеген органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның әрекетін дұрыс сараламағаны анықталса, судьяның, органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылықтың мәнін өзгертуге және әрекетті ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінің өзге бабына ауыстыруға құқықты еместігін назарда ұстаған жөн. Мұндай жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс, жауаптылыққа тартылған адамның әрекетінде нақты әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмаса, ӘҚБтК-нің 580-бабының негізінде қысқартуға жатады.
16. Шақыру қағазы бойынша куәгердің сотқа келуден дәлелсіз себептермен жалтаруы не процеске қатысушылардың және өзге де азаматтардың төрағалық етушінің өкіміне бағынбай сотты сыйламауы немесе сот мәжілісі кезінде тәртіп бұзуы ӘҚБтК-нің
513-бабында
көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Осындай әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды, ӘҚБтК-нің
636-бабының
бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес, сот төрағасы уәкілеттік берген сот қызметкерлері немесе сот отырысына төрағалық етуші әзірлейді, сонан соң іс аудандық және оған теңестірілген соттардың қарауына жатады.
Сот қылмыстық (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
327-бабының
алтыншы бөлігі) немесе азаматтық (Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің
179-бабының
төртінші бөлігі) іс бойынша сот талқылауы барысында сот отырысы тәртібінің бұзылуына кінәлі адамдарға ӘҚБтК-нің
578-бабының
екінші бөлігіне сәйкес тікелей әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
17. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараушы судья ӘҚБтК-нің
654-бабының
бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) тиісті ұйымдар мен лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыным енгізеді.
Апелляциялық және қадағалау сатысының соттары да әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде тиісті ұйымдар мен лауазымды адамдарға жеке қаулы шығаруға құқылы.
18. Адамды айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мемлекеттік уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысы, ӘҚБтК-нің
707-бабында
белгіленген мерзімде ерікті түрде орындамаса, аудандық соттың немесе мамандандырылған әкімшілік сот судьяларының айыппұлды мәжбүрлеп өндіру туралы қаулысы шыққаннан кейін ӘҚБтК-нің
708,
709-баптарына
сәйкес мәжбүрлеп орындатылады.
Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы атқару парағы жазылмайды.
Айыппұлды өндіру туралы қаулыны мәжбүрлеп орындау туралы мәселені шешу кезінде соттар шешімнің заңды күшіне енгенін, заңды күшіне енген қаулының ерікті түрде орындау үшін заңмен белгіленген мерзімінің өткенін, заңды күшіне енген қаулыны орындаудың ӘҚБтК-нің
703-бабында
көзделген ескіру мерзімінің өткенін, оны уәкілетті орган (лауазымды адам) оған берілген өкілеттік шегінде қабылдағанын, жаза ӘҚБтК-нің
ерекше бөлігінің
баптары санкциясының шегінде берілгенін тексеруге міндетті.
Егер сот аталған ережелердің қандай да болмасын талабының бұзылғанын анықтаса, айыппұлды мәжбүрлеп өндіруден бас тарту туралы қаулы шығарады.
Сот әкімшілік құқық бұзушылықтың мәні бойынша қабылданған шешімнің заңдылығын тексеруге құқылы емес.
Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс істемесе немесе басқа себептерге байланысты одан айыппұлды өндіру мүмкін болмаса, сот орындаушылары аталған қаулыларды "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңында
көзделген тәртіппен орындайды.
19. Заңды күшіне енбеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған адам, жәбірленуші, заңды өкілдер, қорғаушы (ӘҚБтК-нің
584
-587,
592-баптары
) шағым беруі, сондай-ақ прокурор (ӘҚБтК-нің
583-бабы
) наразылық келтіруі мүмкін.
Аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе органның (лауазымды адамның) тұрған орны бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық осындай қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жіберіледі, олар шағым, наразылық түскен күннен бастап үш күндік мерзімнің ішінде шағымды немесе наразылықты істің бүкіл материалдарымен бірге тиісті сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) жіберуге міндетті. Шағым, наразылық ӘҚБтК-нің
39-тарауында
көзделген тәртіппен қаралуға жатады.
Шағым (наразылық) оларды тікелей қарауға уәкілетті сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамдарға) берілуі (келтірілуі) мүмкін.
Органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарған қаулысына сотқа тікелей шағым беру, наразылық келтіру және оларды қарау тәртібі азаматтық іс жүргізу заңнамасымен анықталады (Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің
26-тарауы
).
20. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енбеген қаулыны қайта қарау кезінде әрекетті дұрыс бағаламау анықталған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықты дәрежелеуді заңның онша қатаң емес әкімшілік жаза көзделетін бабына өзгертуге құқылы (ӘҚБтК-нің
667-бабының
екінші бөлігі).
ӘҚБтК-нің
667-бабының
үшінші бөлігіне сәйкес, осы адамдар шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша неғұрлым қатаң әкімшілік жаза қолдануды көздейтін заңды жәбірленуші немесе прокурор осы негіздер бойынша шағым берген (наразылық) келтірген жағдайда ғана қолдануға құқылы.
21. Аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының заңды күшіне енген қаулылары мен осы соттар төрағаларының шағым арыз бойынша қабылдаған ұйғарымдарын, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының шағым арыз бойынша қабылдаған ұйғарымдарын аталған соттардың судьялары мен төрағаларының қаулыларын, сондай-ақ осы соттар судьяларының (төрағаларының) ӘҚБтК-нің
664-бабы
бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шығарған қаулыларын облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқасы Қазақстан Республикасы Бас прокуроры мен оның орынбасарларының, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың және олардың орынбасарларының наразылықтары бойынша қайта қарауы мүмкін.
Аудандық және оларға теңестірілген соттардың уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысына шағымды, наразылықты қараудың нәтижесі бойынша шығарылған ұйғарымдары осы тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
Облыстық және оған теңестірілген соттардың қадағалау алқасының қаулысы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарларының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі және азаматтық істер жөніндегі алқаларында кемінде үш судьяның құрамында қайта қаралуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқаларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысына одан әрі наразылық келтіруге болмайды.
Соттар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыны және оларға жасалған шағымдарды, наразылықтарды қараудың нәтижелері туралы ұйғарымды қайта қарауға, ӘҚБтК-нің
664-бабының
бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдауға құқылы. Соттың әкімшілік жауапқа тартылған не өзіне қатысты әкімшілік іс қысқартылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай қайта қарауына соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде жол беріледі (ӘҚБтК-нің
672-бабы
).
Аталған соттар жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы емес, сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу негізсіз қысқартылған жағдайда, олар дауланып отырған сот актісін бұзып, іс жүргізу өндірісін қайта қалпына келтіріп, оны қайта қарау үшін сотқа жібереді.
22. Соттар салық органдары салған айыппұл туралы қаулыға шағым бойынша істі қарау кезінде хабарламаның заңдылығын талқылауға және қосымша есептелген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасына өзгеріс енгізуге құқылы емес.
Егер салық органдарының айыппұл салу туралы қаулысына шағым бойынша істі қарап отырған сот салық органдарының хабарламасы жоғары тұрған органға немесе сотқа тиісті тәртіппен шағымдалғанын және осындай шағым бойынша шешім қабылданбағанын анықтаса, онда ол ӘҚБтК-нің
646-бабы
бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны бұзуға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі органға (лауазымды адамға) қайтаруға құқылы.
Содан соң әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша шешім салық органының хабарламасына жасалған шағымды қараудың нәтижелері ескеріле отырып қабылдануға тиіс.
23. Алкоголь өнімдерін сатуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде соттар тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасауды (ӘҚБтК-нің 162-бабы ) кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысудан (ӘҚБтК-нің 143-бабы ) аражігін аша білулері керек.
24. Егер тауардың белгілі бір түріне, мысалы қарудың барлық түрлерінің, әскери техникалардың еркін саудасына тыйым салынса ("Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы ), немесе шектеу қойылса, мысалы азаматтық қаруды тарату ("Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы ) адам ӘҚБтК-нің 162-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.
25. Егер адам тек мемлекеттің құзыретіне жататын, яғни заңнамалық актілермен тікелей тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен, мысалы, атап айтқанда заңдылықты сақтауға, қорғанысқа, қоғамның және азаматтардың қауіпсіздігін, салықтық, кедендік, валюталық, баға және монополияға қарсы реттеуді сақтауға, әлеуметтік кепілдіктерді беруге, экологиялық, санитарлық және өртке қарсы нормаларды сақтауға қатысты қызметпен айналысса, ол ӘҚБтК-нің 143-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін екендігін соттар назарда ұстаулары қажет ("Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 1-тармағы).
26. Осы нормативтік қаулының қабылдануына байланысты Қазақ КСР-і Жоғарғы Соты Пленумының 1989 жылғы 31 наурыздағы
N 2
"Әкімшілік право бұзушылық туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы", 1989 жылғы 29 қыркүйектегі
N 7
"Республика соттарының азаматтар мен лауазымды адамдарға әкімшілік жаза қолдануға байланысты істер жөнінде заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы N 16 "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қолданылуына байланысты сот практикасында пайда болған кейбір мәселелер туралы"
нормативтік қаулысы
күшін жойды деп танылсын.
27. Қазақстан Республикасы Конституциясының
4-бабына
сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы