Мемлекеттік күзетiлуі тиiс объектiлердiң қауіпсіздігін қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі N 901 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 563 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 563 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.07 № 1151 (2012.01.21 бастап күшіне енеді) Қаулысымен;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлерiнiң тiзбесi бекiтілсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.07 № 1151 (2012.01.21 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi өзге де мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп үш ай мерзiмде Стратегиялық объектiлердiң тiзбесiн әзiрлесiн және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсiм бойынша 2005 жылғы қаңтардан бастап республикалық бюджет қаражаты есебiнен iшкі iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттiк мекемелерiн қаржыландыруға көшiрудi ескере отырып, осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген объектiлердi мемлекеттiк күзетудi 2005-2006 жылдары кезең-кезеңiмен енгiзу жоспары бекiтілсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлiгiмен бiрлесiп төрт ай мерзiмде Қазақстан Республикасының стратегиялық, аса маңызды мемлекеттiк объектілерiн және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн қауiпсiздiк жүйелерiмен жарақтау мен инженерлiк-техникалық нығайту жөнiндегi техникалық талаптарды белгiлейтiн мемлекеттiк нормативтердi әзiрлесiн және қолданысқа енгiзсiн.

      5. Бекiтiлген техникалық талаптарға сәйкес мемлекеттiк күзетілуi тиiс объектiлердi инженерлiк-техникалық нығайтудың әрi қауiпсiздiк жүйелерiмен жарақтаудың мынадай мерзiмдерi белгiленсiн:
      1) меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн, өз қаражаты есебiнен 2005 жылдың аяғына дейiн;
      2) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшiн, кезең-кезеңiмен, 2006 жылдың аяғына дейiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2003 жылғы 4 қыркүйектегі 
N 901 қаулысымен     
бекітілген        

Қызмет бабында пайдалану үшін

Мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлердi белгiлеу
Ережесі

      Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.07 № 1151 (2012.01.21 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.
 

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2003 жылғы 4 қыркүйектегі 
N 901 қаулысымен     
бекітілген         

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк күзетiлуi
тиiс объектiлерiнің тiзбесi

      Қызмет бабында пайдалану үшін

      РҚАО-ның ескертпесі. "ҚПҮ" белгісі бар құжаттар "Заң" ДБ-на енгізілмейді.

      Ескерту. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлерiнің тiзбесiне "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген шектеу белгісі берілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.28 N 989 қбпү, өзгерту енгізілді - 2004.10.14 N 1051, өзгерту енгізілді - 2005.04.13 N 346, 2006.02.02 N 64, 2006.03.31 N 225, 2008.02.28 N 205, 2008.04.24 N 387, 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2158 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.31 № 2320, 2011.09.23 N 1090, 2011.10.07 № 1574 (2012.01.21 бастап күшіне енеді) Қаулыларымен.