Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мин

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2158 Қаулысы

      «Оралмандардың 2009 - 2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Отбасы саны» деген 2-бағанда:
      «Алматы» деген жолдағы «3800» деген сандар «4000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Атырау» деген жолдағы «500» деген сандар «650» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жамбыл» деген жолдағы «1800» деген сандар «1950» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қарағанды» деген жолдағы «1200» деген сандар «1000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қызылорда» деген жолдағы «500» деген сандар «400» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оңтүстік Қазақстан» деген жолдағы «3000» деген сандар «2800» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов