"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Жеке күзетшiлердi, жеке күзет ұйымында, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшесiнде, мемлекеттiк органдардың ведомстволық күзет бөлiмшесiнде күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi (арнайы оқыту курсы) ретiнде "Қазақстан Республикасы Күзет ұйымдары қауымдастығының мамандандырылған оқу орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр қаулыларына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауiпсiздiктiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi N 1240
қаулысына
:
2-тармақ алынып тасталсын;
2) "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiнде:
3-тармақтың бiрiншi абзацы "10" деген сандардан кейiн "10-1" деген сандармен толықтырылсын;
қосымшаға сәйкес 10-1-қосымшамен толықтырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 16 шілдедегі
N 700 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесiне
10-1-қосымша
Жеке күзетшiлердi, жеке күзет ұйымында,
жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың
күзет бөлiмшесiнде, мемлекеттiк органдардың
ведомстволық күзет бөлiмшесiнде күзетшi лауазымындағы
қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды жүзеге
асыру жөнiндегі мамандандырылған оқу орталықтары
(арнайы оқыту курсы) үшiн белгiленген қару
мен оның патрондарының түрлерi, үлгілерi,
модельдерi, саны
___________________________________________________________________
P/c | Қарудың атауы | Калибр | Қару бірлігінің саны
N | | |
___________________________________________________________________
1 Винтовка 5,6 мм 5
2 Тапанша 5,6 мм 5
3 Тапанша 9,0 мм 10
4 Тегiс ұңғылы мылтық - 5
___________________________________________________________________
Қосымша.
Оқ-дәрілердiң нормалары:
күзетшiлердi оқыту - оқушыға әрбiр қарудың түрiне 18 патрон;
жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөнiндегi мамандарды оқытуға - оқушыға барлық курсқа 500 патрон;
қарудың атуын тексеруге - бiр ұңғыға 8 патрон есебiнен белгiленедi.