Республиканың мұнай-газ секторындағы қауіпсіздік пен нақты және ықтимал қатерден және қол сұғушылықтардан қорғау жүйелерін дамытуға жағдай жасаудың қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Семсер" жабық акционерлік қоғамында (бұдан әрі - "Семсер" ЖАҚ) мұнай-газ кешенінің қызметкерлерін, объектілерін, қызметі мұнай-газ саласымен тікелей байланысты жеке және заңды тұлғаларды күзетуді қамтамасыз ету жөнінде арнайы құрылымдық бөлімше құру назарға алынсын.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.07.16 N 700 қаулысымен .3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Семсер" ЖАҚ-та қызметтік қару сатып алуға және күзет дабылдатқышын құрастыру, оңдау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берсін.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 қаулысымен.5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің | |
бірінші орынбасары |