Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 29 сәуiрдегi N 1074 Жарлығының 2-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармақшаның күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
22-тармақтың екiншi абзацында "заң жобалары" деген сөздердiң алдынан "Үкiмет Регламентiнiң 63-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрi |