Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 29 сәуiрдегi N 1074 Жарлығының 2-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
22-тармақтың екiншi абзацында "заң жобалары" деген сөздердiң алдынан "Үкiмет Регламентiнiң 63-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметінің Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 44, 443-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiнде:
31-тармақтың 1) тармақшасы "Үкiмет" деген сөздiң алдынан "осы Регламенттiң 62-1 және 62-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
62-баптың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Президенттiң, соның iшiнде Үкiметтiң бастамасы бойынша заң жобаларын шұғыл немесе басым деп жариялау Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 29 сәуiрдегi N 1074 Жарлығымен бекiтiлген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 62-1, 62-2 және 62-3-тармақтармен толықтырылсын:
"62-1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы жолдауымен басым деп белгiленген заң жобаларын (бұдан әрi - басым заң жобалары) әзiрлеушi мемлекеттiк органдар осы Регламентке сәйкес келiсiлген заң жобаларын заң жобасы басым деп белгiленген күннен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсеге енгiзуi тиiс. Бұл ретте басым заң жобаларын мемлекеттiк органдармен келiсудің мерзiмдерi олардың түскен күнiнен бастап 5 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсiлгеннен кейiн Үкiмет басым заң жобаларын 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзедi.
62-2. Шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттiк органдар осы Регламентке сәйкес келiсiлген заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 29 сәуiрдегi N 1074 Жарлығымен бекiтiлген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесiнiң 1-тармағына сәйкес Үкіметке немесе тиiстi мемлекеттiк органға хабарлама келiп түскеннен кейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Кеңсеге енгiзуi тиiс. Бұл ретте шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттiк органдармен келiсудің мерзiмдерi олардың түскен күнiнен бастап 3 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келiсiлгеннен кейiн Үкiмет шұғыл деп жариялау жоспарланған басым заң жобасын 7 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзедi.
62-3. Қазақстан Республикасының Президентi шұғыл деп жариялаған заң жобасы Парламентте Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы жолдауы жария етiлгеннен немесе осы жолдау Қазақстан Республикасының Парламентіне жолданғаннан кейiн келесi күннен кешiктiрiлмей Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзіледi.";
63-тармақта "Кеңседе" деген сөзден кейiн "басым заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланған, Кеңседе өту мерзiмдерi 10 күнтiзбелiк күннен (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн) аспауға тиiс заң жобаларынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:
"64-1. Заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттiк органдар оларды Yкіметке енгiзу кезiнде нақты заң жобасын қарауды басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау туралы ұсынысты бiр мезгiлде енгiзуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсiндiрме жазба, соның iшiнде оны басым деп белгiлеу немесе шұғыл деп жариялау қажеттiлiгiнiң негiздемесiн қамтуы тиiс.
Үкiмет оның әзiрлеп жатқан заң жобаларына қатысты Президентке нақты заң жобасын басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi. Бұл ретте Yкiметтiң ұсынысына тиiстi заң жобасы мен Парламенттiң заң жобасын қарауын басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау қажеттілігінiң негiздемесi бар және заң жобасының нақты мақсаттары мен оның шешетiн мiндеттерiн ашатын түсiндiрме жазба қоса берiлуге тиiс.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi