Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiм өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 22 қаңтар N 72

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы  3-тармағының 2) тармақшасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiле отырып, таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған Комитеттiң мүлкiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 3, 13-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1773 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, N 49-50, 578-құжат).
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2003 жылғы 22 қаңтардағы     
N 72 қаулысымен         
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 31-жолдың 3-бағаны "этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру, этил спиртiн сақтау және сату, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату, этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импорты" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 34-жол алынып тасталсын.

      2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi" деген бөлiм алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 25-8-жолмен толықтырылсын:
"25-8      "ҚазАлкоОрталық" республикалық     Алматы 
           мемлекеттiк кәсiпорны              қаласы
           (шаруашылық жүргiзу
           құқығында)                              ".

      3. "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат):
      3-тармақтың екiншi абзацында "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Акцизделетiн өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртiбiнде:
      3-тармақта "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдi өндiру мен олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларда 20-тармақта "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң Акцизделетiн өнiмдердiң өндiрiсi мен айналысын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
      4-тармақта "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 20 сәуiрдегi N 396 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 13, 144-құжат):
      2-тармақта "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын.