Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн құру туралы<*> ЕСКЕРТУ. Атауы өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы. 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.01.22. N 72 қаулысымен.

&ltATTR name="zg" value="Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау  жөнiндегi комитетiн құру туралы

; ЕСКЕРТУ. Атауы өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен. "/&gt

;

      ЕСКЕРТУ. Атауы өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

      Этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру және олардың айналымы саласында бақылауды нығайту және тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

      2. Комитетке:
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау мәселелерiндегi қызметiн салааралық үйлестiру;
      қазақстандық тауар өндiрушiлер мен этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi тұтынушылардың мүдделерiн қорғау;
      этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
      өз құзыретiнiң шегiнде этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау жөнiндегi нормативтiк және әдiстемелiк құжаттамаларды әзiрлеу, қабылдау және жариялау;
      этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудi лицензиялау, этил спиртiн сақтау және сату, алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату;
      Қазақстан Республикасының кеден аумағында этил спиртi мен арақтың импортының көлемдерiне бақылау жасау;
      заңдарда белгiленген тәртiппен этил спиртi мен арақтың импортын лицензиялау;
      дәрi-дәрмектер шығарушыларға және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын басқа да мақсатты, әлеуметтiк маңызы бар бағыттарға этил спиртiн акциздер алмастан берудiң көлемдерiн айқындау, олардың пайдаланылуына бақылау жасау;
      этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiретiн кәсiпорындардағы акциздiк постылардың жұмыс iстеуiне бақылау жасау;
      этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудiң көлемдерiне есеп жүргiзудi ұйымдастыру, акциздiк маркiлердi iске асыру, этил спиртiн сақтау және сату, алкогольдi өнiмдердi сақтау және көтерме сату;
      этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру мен олардың айналымын талдау және баланстарын жасау, акциздiк маркiлердi, акциздердiң бюджетке түсуiн iске асыру жүктелсiн.
      3. Комитетте қызметкерлерiнiң саны қосымшаға сәйкес министрлiктер мен ведомстволардың штат санының қысқаруының есебiнен 20 адам болып және 1 қызмет машинасының лимитi белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға арналып көзделген қаражаттың есебiнен Комитет пен оның аумақтық
бөлiмшелерiн ұстауды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 2,4 абзацтары алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен басқа да орталық атқарушы органдары бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
1998 жылғы 27 қаңтардағы    
N 38  Қаулысына       
қосымша              

        Адамдарының саны қысқартылатын және Қазақстан
  Республикасы Мемлекеттiк кiрiс  министрлiгiнiң Алкоголь
өнiмiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау
        жөнiндегi комитетiне берiлетiн, министрлiктер
                 мен ведомстволардың
                       ТIЗБЕСI

     ЕСКЕРТУ. Қосымша атауы өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

___________________________________________________________________
     Министрлiктер мен ведомстволар                 |Санының
                                                    |қысқаруы
                                                    |(бiрлiк)
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi    |     2
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар|     1
министрлiгi                                         |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы          |     2
министрлiгi                                         |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi      |     1
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты        |     1
әлеуметтiк қорғау министрлiгi                       |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi         |     2
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи      |     1
ресурстар министрлiгi                               |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және      |     1
денсаулық сақтау министрлiгi                        |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық     |     1
келiсiм министрлiгi                                 |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия     |     1
және сауда министрлiгi
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ғылыми министрлiгi -      |     1
Ғылым академиясы                                    |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар         |     1
жөнiндегi комитетi                                  |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi   |     1
мемлекеттiк комитетi                                |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау    |     2
және реформалар жөнiндегi агенттiгi                 |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау    |     1
және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Стандарттау  |
және метрология жөнiндегi комитетi                  |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi  |     1
___________________________________________________________________
Барлығы                                             |    20
___________________________________________________________________