Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және іске асыру жөнiндегi Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi iске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 21 желтоқсан N 1337

Жаңартылған

      2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 4-бөлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевқа Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасының шеңберiнде жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен әкiмшiлiк қаржы сметаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан бекiтуге өкiлеттiк берiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі