2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 4-бөлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасының шеңберiнде жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен әкiмшiлiк қаржы сметаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан бекiтуге өкiлеттiк берiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1079 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі