2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 4-бөлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмовке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберiнде Жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен әкiмшiлiк қаржы сметаларын бекiтуге өкiлеттiк берiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.21.
N
568
қаулысымен.