2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 4-бөлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберiнде Жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен әкiмшiлiк қаржы сметаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан бекiтуге өкiлеттiк берiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.07.2014 № 840 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі