Отандық өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 1204 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Мұнай туралы " және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң күшi бар  Жарлықтарына сәйкес Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мемлекет мүдделерінің тиiмдi қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзуге жасасылған келiсiм-шарттардың, өнiмдi бөлу туралы келiсiмдердің орындалуына Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген операцияларды жүргiзу кезінде отандық өндiрушiлердің тауарларын, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiн міндеттi түрде сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы мәнiнде мониторинг жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат ұсынсын.

      2.  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.28.  N 1139 Қаулысымен).

      3. Қызметiнің негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының аумағында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды (мұнай операцияларын қоспағанда) жүргiзу кезінде отандық өндiрушiлердi тарту және заңнамада белгiленген тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетін қызметтерді сатып алуға арналған конкурстарда олардың мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету, озық технологияларды тарта отырып жаңа өндіpiстep құруда қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдарға жәрдемдесу, сондай-ақ тиiстi мониторингтi жүзеге асыру әрi орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттiк орындарға консультациялық қызмет көрсету деп белгіленіп, оның жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15 N 1201, 2011.01.31 N 62 Қаулыларымен.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
      2) Қоғамның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын берсiн;
      4) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Акциялардың мемлекет пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестepi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтілген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тiзбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлімі мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi
21-41-жолмен толықтырылсын:
      "21-41. "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi" ЖАҚ";
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекетi үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-1a-жолмен толықтырылсын:
      "237-1a. "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгі" ЖАҚ";
      3)  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.28.  N 1139 Қаулысымен).

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі