Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Мұнай туралы " және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мемлекет мүдделерінің тиiмдi қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзуге жасасылған келiсiм-шарттардың, өнiмдi бөлу туралы келiсiмдердің орындалуына Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген операцияларды жүргiзу кезінде отандық өндiрушiлердің тауарларын, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiн міндеттi түрде сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы мәнiнде мониторинг жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат ұсынсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне мыналарды:
Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген операцияларды жүргiзу кезiнде отандық өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiн міндеттi түрде сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы мәнiнде Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды және Мұнай операцияларын жүргізуге жасасылған келiсiм-шарттардың, өнiмдi бөлу туралы келiсiмдердiң орындалуы жөнiндегі қажеттi ақпаратты;
отандық өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiн тартудың көрсетiлген келiсiм-шарттарда мiндеттi шарттың бiрi ретiнде сақталуы мәнiнде алдын ала келiсу үшiн Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзуге жасасылатын келiсiм-шарттардың жобаларын ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қызметiнің негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының аумағында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзу кезінде отандық өндiрушiлердi тарту және заңнамада белгiленген тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетін қызметтерді сатып алуға арналған конкурстарда олардың мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету, озық технологияларды тарта отырып жаңа өндіpiстep құруда қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдарға жәрдемдесу, сондай-ақ тиiстi мониторингтi жүзеге асыру әрi орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттiк орындарға консультациялық қызмет көрсету деп белгіленіп, оның жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1201
қаулысымен
.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
2) Қоғамның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын берсiн;
4) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекет пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестepi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тiзбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімі мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi
21-41-жолмен толықтырылсын:
"21-41. "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi" ЖАҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекетi үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысына
:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-1a-жолмен толықтырылсын:
"237-1a. "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгі" ЖАҚ";
3) "Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 маусымдағы N 612
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 180-құжат):
2-тармақтағы "Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлiгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"алты ай" деген сөздер "тоғыз ай" деген сөздермен ауыстырылсын.