Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі N 962 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi құрылсын.

      4. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 48 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 2, 20-құжат) 1-тармағының;

      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 маусымдағы N 674 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 19, 204-құжат) 2-тармағының күшi жойылды деп танылсын.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



      Қазақстан Республикасы

      Үкiметiнiң

      2002 жылғы 3 қыркүйектегі

      N 962 қаулысымен

      бекiтілген

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы
(Қаржыминi)
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттiк меншiктi басқару, есепке алу және пайдаланылуын бақылау, банкроттық рәсiмдерiнiң және дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнiң жүргiзiлуiн бақылау, бухгалтерлiк есеп жүйесiн және қаржылық есептiлiк аудитiн реттеу саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

      Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитетi, Салық комитетi, Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi, Қаржы бақылау комитетi, Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитет.

      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тілде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Министрлiктiң Қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.

      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      4. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.

      5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:

      472000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы 33, Министрлiктер үйi.

      7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.

      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

      9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.

      Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кірiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Негiзгi мiндеттер

      10. Министрлiктің негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

      1) республикалық бюджеттiң атқарылуын және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына кассалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету;

      2) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуiн және өзге де бюджетке түсетiн түсiмдердi, мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын, шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетiн түсiмдер бөлiгiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;

      3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бухгалтерлiк есеп, есептiлiк және аудит жөнiндегi әдiснамалық басшылық жасау;

      4) өз құзыретi шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатының тиiмдi және мақсатты пайдаланылуын бақылау;

      5) мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;

      6) мемлекеттiк салық саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

      7) банкроттық рәсiмiн жүргiзуге (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсiмде дәрменсiз борышкердi таратуға мемлекеттiк бақылау;

      8) алкоголь өнiмдерi мен этил спиртінің өндiрiлуiн және оның айналымын мемлекеттiк реттеу;

      8-1) темекi өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу; <*>

      8-2) өз құзыретi шегiнде мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу; <*>

      9) өз құзыреті шегiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн жүзеге асыру;

      10) Министрлiктiң құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      11) оған заңнамамен жүктелген өзге де мiндеттер.

      Ескерту. 10-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.30. N 1004 қаулысымен .

3. Министрлiктiң функциялары

      11. Министрлiк заңнамаға сәйкес мыналарды жүзеге асырады:

      1) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын, мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын, негiзгi макроэкономикалық көрсеткіштердi әзiрлеуге қатысу;

      2) бюджетке түсетiн түсiмдердi болжамдауға және мемлекеттiк бюджетке кiрiстердiң түсуi саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын нақтылауға қатысу;

      3) өз құзыреті шегiнде мемлекеттiк қаржыны және мемлекеттiк меншiктi басқару саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысу;

      4) мемлекеттiк қаржы, фискалдық саясат және мемлекеттiк меншiк саласындағы заңнаманы қолдану тәжiрибесiн талдау және қорытындылау, оны жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      5) ұтымды үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттiк борышты басқаруды қамтамасыз ету;

      6) мемлекеттiк меншiктi пайдалану мониторингi жүйесiн жетілдiру;

      7) заңнамада белгiленген тәртiппен шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетiн түсiмдердiң бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару;

      8) өз құзыретi шегiнде бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң, қаржы бақылауының және мемлекеттiк меншiктi басқарудың жобаларын әзiрлеу және дайындау (немесе қабылдау);

      9) өз құзыретi шегiнде қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық салық Келiсімдерi мәселелерiнде уәкілеттi органның функциялары;

      10) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың салық сараптамасы, сондай-ақ келісім-шарттық талаптардың орындалу барысына тексеру жүргiзу;

      11) мемлекеттiк мекемелердің бухгалтерлiк есебiн, сондай-ақ өз құзыретi шегінде республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептіліктi жүргiзу және iске асыру тәртiбiн әзiрлеу;

      12) жергіліктi бюджеттердiң шоттарын, мемлекеттік мекемелердiң шоттарын жүргiзу және шоттар бойынша аударымдық операцияларды жүзеге асыру;

      13) республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiту және оларға өзгерiстер енгiзу;

      14) республикалық бюджеттен шығыстарды қаржыландыру және республикалық бюджетте көзделген соманың шегiнде кредит беру;

      15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы және атқарылуы жөнiндегi қызмет туралы ақпаратты қамти отырып, республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептердi, мемлекеттiк бюджеттiң атқарылу барысы туралы айлық, тоқсандық және жылдық ақпаратты жасау, сондай-ақ мемлекеттік қаржы бойынша статистикалық есептердi жасау;

      16) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң шығыстар сметасының дұрыс жасалуын және бекітілуiн, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатының, үкiметтiк қарыздар, мемлекеттiк кепілдiгi бар мемлекеттiк емес қарыздар қаражатының және кейiннен үкіметтiк қарыз алуға байланысты гранттардың және мемлекеттiк меншiктегi өзге де мүлiктердiң мақсатты пайдаланылуын бақылау;

      17) республикалық бюджеттiң атқарылуын, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау және талдау;

      18) бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында, оның iшiнде өз құзыретi шегiнде аудиторлық қызметтi лицензиялау саласында уәкiлеттi органның функцияларын орындау;

      19) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкідегi Қазынашылық комитетiнiң тиiстi шоттары арқылы мемлекеттiк мекемелердiң валюталық операцияларын жүргiзу және есепке алу заңнаманы сақтау жөнiндегi тексерiстердi ұйымдастыру;

      20) мемлекеттiк кепiлдiктермен тартылған мемлекеттiк емес қарыздардың және жергiлiктi атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық сараптама жүргiзу;

      21) үкiметтiк қарыздардың қаржылық шарттарын анықтау жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарды тартуын келiсу;

      22) Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн өкiлеттiктерге сәйкес келiссөздер жүргiзу, үкiметтiк қарыздардың шарттарына қол қою, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес қарыздары бойынша үкiметтiк кепiлдiктер беру;

      23) үкiметтiк қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес қарыздарының мемлекеттiк кепілдiктерi бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету;

      24) республикалық бюджетте көзделген және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес инвестициялық жобаларға, мемлекеттiк бағдарламаларға және өзге де iс-шараларға кредит беру;

      25) үкiметтiк сыртқы заемдар туралы келiсiмдердi бекiтуге қажеттi құжаттарды дайындауға қатысу;

      26) түпкi қарыз алушылар мен екiншi деңгейдегi банктердiң үкiметтiк қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң бiрлесiп қаржыландыру үлесiн республикалық бюджетке қайтару туралы iшкi кредиттiк келiсiмдердiң жобаларын дайындау;

      27) уәкiлеттi банк-агенттермен бiрлесiп республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты өндiрiп алу жөнiнде түпкi қарыз алушылармен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу;

      28) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң бюджетке түсуiн көздейтiн заңнаманың сақталуын, мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылау;

      29) мемлекеттiк кiрiстер бойынша мемлекеттiк есептiлiктi жинаудың нысандары мен тәсілдерiн жетілдiру;

      30) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша конкурстық негiзде үкiметтiк қарыздарға, мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес қарыздарға және кейiннен үкiметтiк қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшiн екiншi деңгейдегi банктердi, бастапқы дилерлердi, лид-менеджерлердi және мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару жөнiндегi басқа да әрiптестердi iріктеу;

      31) алкоголь өнiмдерi мен этил спиртiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау;

      31-1) темекi өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу; <*>

      31-2) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi органның функциялары; <*>

      32) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында лотерея ұйымдастыруға және өткiзуге байланысты қызметтi және өзiнiң құзыретіне жатқызылған өзге де қызмет түрлерiн лицензиялау;

      33) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешектi мәжбүрлi түрде өндiрiп алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

      34) өз құзыретi шегiнде салықтық құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн орындау;

      35) банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiн (банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ соттан тыс рәсiмде дәрменсiз борышкердi тарату;

      36) оған заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.

      Ескерту. 11-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.30. N 1004 қаулысымен .

4. Құқықтары

      12. Министрлiктiң негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Министрлiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажеттi ақпараттарды сұратуға және алуға;

      2) өз құзыретi шегiнде барлық мемлекеттiк органдардың, өзге де ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi шығаруға;

      3) Министрлiктiң қарауындағы комитеттер мен мемлекеттiк ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де кесiмдердi жоюға немесе тоқтата тұруға;

      4) акционерлiк қоғамдардағы мемлекеттiк үлеске және республикалық меншiктегi басқа да мүлiкке иелiк етуге, пайдалануға, сондай-ақ заңнамалық кесiмдермен және Үкiмет белгiлеген жағдайларда билiк етуге;

      5) Министрлiктiң қарауындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;

      6) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

      7) бiрыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетiнің корреспонденттiк шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкiмет белгiлеген тәртiппен тиiмдi орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;

      8) бюджеттiк заңнамада көзделген жағдайларда бюджет қаражатын қайтарып алуға және қаржыландыруды тоқтата тұруға;

      9) жергiлiктi атқарушы органдардан облыстың, Астана және Алматы қалаларының бекiтiлген бюджетi туралы жиынтық деректер мен олардың атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерден шығыстар сметаларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi алуға;

      10) қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есепке алуды және олардың сақталуын ұйымдастыруды жүзеге асыруға;

      11) ұлттық және шетел валютасында банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға;

      12) өзiне заңнамамен жүктелген өзге де құқықтарға құқығы бар.

5. Министрлiктiң мүлкi

      13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

      Министрлiктiң мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктiң есебiнен қалыптасады.

      14. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      15. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және егер заңнамалық кесiмде өзгеше белгiленбесе, оған смета бойынша бөлiнген қаражаттың есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

6. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Министрлiк пен олардың аумақтық органдарын қоса алғанда оның ведомстволары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.

      17. Министрдi Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Министрдiң төрт орынбасары (вице-министрлер), оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. Қаржы министрiнiң орынбасарларын лауазымға тағайындауды, лауазымнан босатуды Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 07.02.2003. N 144 қаулысымен.

      18. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.

      19. Министр осы мақсаттарда:

      1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерін айқындайды;

      2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;

      4) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;

      5) өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

      6) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны;

      7) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктi білдiредi;

      9) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      20. Министрлiк қабылдаған шешiмдер Министрдiң немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның бұйрықтарымен ресiмделедi.

      21. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрлiктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Министр бекiтедi.

      22. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастырудағы өзге де мәселелер, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi, оның қызметiн қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң құзыретi мен құқықтық өкiлеттiгi Министрлiктiң жұмыс регламентiмен, белгiленген тәртіппен бекiтiлетiн Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн комитеттер, департаменттер және құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелермен белгiленедi.

7. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.