Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі N 962 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. <*>
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1119  қаулысымен.

      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314   қаулысымен.

     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi құрылсын.

      4. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 48  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 2, 20-құжат) 1-тармағының;
      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 маусымдағы N 674  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 19, 204-құжат) 2-тармағының күшi жойылды деп танылсын.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі