Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1598 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын және "Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы" Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары,
төраға
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрi, төрағаның орынбасары
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгi Аймақтық саясат және
бюджетаралық қатынастар
департаментiнiң директоры, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Ысқақов - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Әбдiлдаұлы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк
Юрий Иванович және коммуникациялар бiрiншi
вице-министрi
Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл
Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрi
Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсат Әнуарбекұлы қауіпсiздiк комитеті төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Оразбаев - Қазақстан Республикасының
Бiрлiк Есiркепұлы Энергетика және минералдық ресурстар
вице-министрi
Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау вице-министрi,
Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi
Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтiк қорғау
вице-министрi
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Серiк Нұртайұлы вице-министрi
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
вице-министрi
Исекешев - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда вице-министрi
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы вице-министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгi Аймақтық саясат және
бюджетаралық қатынастар
департаментiнiң директоры, хатшы
Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Білім және
Күләш Ноғатайқызы ғылым вице-министрi
Бiрәлиев - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлжан Хамидоллаұлы агенттiгi төрағасының орынбасары
Тұңғышбеков - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы министрлiгi Ауылдық аумақтар iстерi
комитетiнiң төрағасы
Котенко - Қазақстан Республикасы
Наталья Леонидовна Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Экономика
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Райымбеков - Қазақстан Республикасы
Сайлаухан Ғазизұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өңiрлiк
даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы
Фархад Шаймұратұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Тоқаев - Қазақстан Республикасы
Ақбар Қуанышбайұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Жиынтық
талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.14.11. N 1209
қаулысымен
, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.10.17. N 1061
қаулысымен
, 2004.02.03. N 129
қаулысымен
, 2005.02.22. N 156
қаулысымен
.
1. Аймақтық саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1598 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) аймақтар арасында әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнде орын алған айырмашылықтарды төмендетуге бағытталған мемлекеттiк аймақтық саясатты "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Президенттiң Қазақстан халқына
K022003_
Жолдауының ережелерiн есепке ала отырып, жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
2) проблемалық аймақтарды мемлекеттiк қолдау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
5. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары:
1) мемлекеттiк аймақтық саясатты одан әрi жетiлдiру;
2) әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның ішiнде шағын қалалар мен ауылдық аудандарды тоқырауға ұшырағандар қатарына жатқызу өлшемдерінің құрамы;
3) мемлекеттік қолдау көрсету үшін нақты әкiмшілік-аумақтық бiрліктерді, оның ішінде тоқырауға ұшыраған қалалар мен ауылдық аудандарды іріктеу;
4) экономикасы тоқырауға ұшыраған аймақтарға мемлекеттік қолдау көрсету;
5) проблемалық аймақтарды қолдау саласында орталық және жергілікті мемлекеттiк органдарды, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдарды іс-қимылдарын үйлестiрудің ұсыныстарын дайындау болып табылады.
6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
2) проблемалық аймақтардағы ахуалды талдау және зерделеу үшiн мемлекеттік органдарды және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға;
3) Комиссия мәжілістерiнде Комиссияның құзырына беретiн мәселелер бойынша орталық және жергіліктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдарының өкілдерін тыңдауға құқығы бар.
7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оны қызметiне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.
8. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртiбі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және мәжілістен кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады.
9. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
10. Комиссия мәжiлiстерi оның мүшелерiнiң ең кемi үштен екiсi болған жағдайда, қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi.
11. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiмен келiсiм бойынша мәжiлiстердiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оларды өткiзу уақыты мен орнын айқындайды және нақтылайды.
12. Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және оларға комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
14. Мыналар:
1) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы;
2) Комиссияға бұрын жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды немесе өзге де комиссияны құру;
3) Комиссияның мiндеттерi орындалмайтын не олардың орындалуын орынсыз ететiн өзге жағдайлар Комиссия қызметiн тоқтатудың негiздерi бола алады.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің
күшiн жойған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанынан Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841
қаулысы
.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 6 тамыздағы N 970
қаулысы
.
3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 242
қаулысы
.
4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 1380
қаулысы
.